Қр бғМ Ғк философия, саясаттану және дінтану институтының



бет84/267
Дата20.09.2023
өлшемі1,22 Mb.
#109258
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   267
Байланысты:
Филос Энцикл Создик Документ Microsoft Office Word (2)

Әдебиет: Мәдени-философиялық энциклопедия. Алматы, 2007.

ГИПЕРШЫНДЫҚ – гипермәтін және виртуалды шындық ұғымдарына жақын, француз философы Жан Бодрийар ұсынған ұғым. Г-ты түсіну үшін шындықты мәтінмен қоса алу керек те, мәтінді гипермәтін ретінде қабылдау қажет, сонда Г. түсінігі шығады. Бодрийар пайымдауынша біз осы Г-та өмір сүріп тұрмыз. Бұқаралық ақпарат құралдары, толассыз ақпарат ағын адам санасын мүлдем билеп алған. Адам дауыл кезіндегідей кеменің үстінде бір шетінен екіншісіне домалай береді. Мыс., 1991 ж. Ирак пен АҚШ-тың арасындағы соғыс шындық мағынасында болған жоқ. Бұл компьютерлер дисплейімен видеопроекторлар экранына «отырғызылған» гипермәтіндік соғыс болды. Бұл ешқандай мистика емес, ол Г. метафизикасы, ояу түс. Тіпті, компьютерлік көркем әдебиет және оның, тым болмаса, бір классигі белгілі. Оның фамилиясы да – Джойс, бірақ есімі Джеймс емес – Майкл және ол «Улиссті» емес, компьютерлік роман «Тал түсті» жазды. Бұл романды тек компьютер дисплейінде ғана дәл оқуға болады. Ол Г. түрінде құрастырылған. Клавиштерді басу арқылы оны соңынан басына дейін де, эпизодтарын ауыстырып та оқи беруге болады. Г-та уақыт пен кеңістік жасанды болып шығады: кеңістік – прагматикалық, ал уақыт болса – сериалды. Мыс., Г-та қазіргі оқиғаны суреттей келе, тарихтың терең қойнауларына кетіп қалуға болады, одан болашаққа жету үшін бір кнопка жеткілікті. Г. – адамдық мәдениеттің ерекше бір тілдік бітіміне жатады.

ГИПОТЕЗА (гр. hypothesis – негіз, топшылама) – ақиқаттылығы анықтала қоймаған ғылыми болжау немесе топшылама. Г. ұсыну және оны эксперимент жүзінде тексеру арқылы ғылыми танымда жаңа білімге қол жеткізіледі. Ғылым дамуы тарихының ұзына бойында гипотезалар сілемі жатқаны белгілі. Олардың ғылыми теория құрудағы рөлі зор: алғашында Г. түрінде ұсынылған ғылыми ұйғарымдар өзара бәсекелесіп екшелей келе ақиқат түрінде сипат алып, теорияны құрудың қажетті сәтін анықтайды. Мысалы, қазіргі физиканың ең дамыған теориясы болып табылатын кванттық механиканың қалыптасуы мен дамуы тарихын алатын болсақ, оның бастауында М. Планктың (1900 ж.) кванттық Г-сы жатқаны белгілі. Содан бастап 1927 ж. кванттық механика ғылыми теория ретінде құрылып аяқталғанға дейін, Г. теорияны дамытудың формасы ретінде қызмет жасап отырады. А. Эйнштейннің фотоэффект заңдылықтарын түсіндіруде кванттық гипотезаны қолдануы, Н. Бордың кванттық постулаттары, Э. Шредингер мен В. Гейзенбергтің математикалық гипотезаларға негізделген зерттеулері, кванттық механиканы интерпретациялаудағы әртүрлі гипотетикалық тұрғыдағы тұғырнамалардың (концепциялардың) өзара бәсекесі және т.с.с. Ғылыми проблемаларды шешу Г.-лар ұсыну және оларды тексеру арқылы іске асады және осы үдерісте олар бірін бірі ауыстырып, ақиқат білімге жетуге бастайды. Ғылыми теория құрылғаннан кейін де оның күрделі құбылыстарды түсіндіруде қолданылуы әртүрлі дәрежедегі Г.-лар ұсынуды қажет етеді. Ғылыми теориялық таным дамуының сұлбасын былайша өрнектеуге болады: «Проблема – гипотеза – идея – метод – теория». Гипотезалық білімге әрқашан ықтималдылық тән екенін ескерсек, Г. ұсыну, негіздеу, тексеру, оның дәлелденуі немесе теріске шығарылуы ләзімінің маңызды екені байқалады. Ықтималдылық ғылыми танымға іштей тән екені анықталады. Қазіргі ғылым методологиясында верификациялаудан гөрі фальсификациялау үдерісінің алға шығуы осыған байланысты.

ГНОСТИКТЕР (грек. gnosіs – білім) – христиан теологиясын Көне Шығыс діндерімен, неоплатонизм және пифагореизммен біріктірген діни философиялық ағым. Г-дің түсінігі бойынша, құдайды тану мүмкін емес. Оны тек материядан тыс құрылуынан танисың. Себебі, материя – зұлымдық, қасірет. Философия тарихында ізі қалған Г. ретінде Мысырлық Валентинді және Сириялық Валентинді атауға болады. Екеуі де ІІ ғ-да өмір сүрген.
Әдебиет: Философия. Энциклопедический словарь. – М., 2004.

ГОББС Томас (1588 1679) – ағылшын философы, қоғамдық келісім теориясының негізін салушылардың бірі. Г. көзқарасының қалыптасуына Ф.Бэкон, Галилей, Гассенди, Декарттармен қарым қатынаста болуы үлкен әсер етті. Г. XVII ғ-да өрістеген Жаңа заман мәдениетінің филос. және саяси-әлеуметтік бастауларын негіздеуде үлкен қызмет атқарды. Ф. Бэкон сияқты білімді адам өмірі мен игіліктерінің басты қайнар көзі деп есептеп, әсіресе, қоғам туралы ілімдерді бір жүйеге келтіргісі келді. Г-тың әлеуметтік ілімі еуропалық ойдың ары қарай дамуына үлкен әсер етті. Г. мемлекетті құдайышылықтан гөрі адами бастаулардан қалыптасатын «жасанды дене» деп қарастырды. Табиғи жағдайда, дейді Г. адамдармен бір-бірімен толассыз соғыс («бәрінің бәрімен соғысуы») жағдайында болды. Адам адамға қасқыр сипаттас келді. Жалпы бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін адамдар қоғамдық келісімге келіп, құрастырылған мемлекетке өз құқықтары мен азаттықтарын берді. Мемлекетті басқарушының қызметі осы бейбітшілік пен ел құттылығын қорғап отыру. Г. өз отанындағы азаматтық соғыс зардаптарын дұрыс шешу үшін тұрақты азаматтық келісім қажет деді. Әдептіліктің негізінде Г. бойынша, табиғи заңөзін-өзі сақтауға және табиғи мұқтаждықтарды өтеуге ұмтылу жатыр. Г-тың 18 ғ-да жан-жақты шарықтаған Ағартушылық мәдениеттің алғышарттарын қалыптастырудағы рөлі үлкен болды. Негізгі шығармалары: «Табиғи және саяси заңдар элементтері» (1640), «Философия негіздері « трилогиясы , «Дене туралы» (1655), «Левиафан»(1651) және «Азамат туралы»(1642) , «Адам туралы»(1658).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   267




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет