Митоздың бастапқы сатысында көрінетін хромосомалар екі абсолютті бірдей құрылымнан тұратын, ұқсас хроматидаларды (сестринскими хроматидами) бірінші ретті тартылыс байланыстырады. ДНҚ-ның екі еселенбеген бөлігі немес центромерасы, митоздың анафаза басында екі еселенеді. Кинетохор –бұл митоздың ерте профазасы кезінде әр центромераның әр жағында орналасқан және митотикалық бөлінуде (бөліну ұршығының) микротүтікшелерін түзуге қажетті тубулин димерлерінің полимеризациясын жеңілдететін органелла.
Екінші ретті тартылу – ядрышықты ұйымдастырушы, рРНҚ гендерінен тұрады, бір немесе екі хромосоманың геномында болады.
Теломералар –хромосомалардың ұшы (концевые участки) , 10 мыңға дейін нуклотид жұптарынан тұратын, ТТАГГГ қайталанатын реттілігі. Теломераларда ген болмайды, олар:
олар хромосомалардың ұштарын нуклеазалардың - ДНҚ-ны бұзатын ферменттердің әсерінен қорғайды;
Иіндері (иықтары) – хроматиданың центромера және теломера арасындағы бөлігі.
Хроматиды - репликация арқылы түзілген хромосомалық көшірмелер.
Хроматиды - репликация арқылы түзілген хромосомалық көшірмелер.
Хромомера – қарқынды боялған түйіршіктер; оны белгілі бір жағдайларда хромосоманың құрамдас бөлігі ретінде ажыратуға болады.
Хромонемы (греч. Chroma- түс, боялу және nema – жіпше) жіпшелі құрылым, жасуша айналымының барлық кезеңдеріндегі хромосомаларда болатын және нуклеопротеин түзілістері, хромосомалардың құрылымдық суббірліктерін білдіреді.
Хромоцентры - құрылымдық гетерохроматинді агрегациясы нәтижесінде пайда болған жасуша ядросының фазалық құрылымдары.
Хромосомалар картасы - хромосомада гендердің орналасу жоспары.