Қр мемлекет және қҰҚЫҚ тарихы кредит саны 3 «Жария құқық» кафедрасының аға оқытушы Шокенова Аяулым Нурсериковна


ШЫҢҒЫС ХАН ИМПЕРИЯСЫНЫҢ ТАРИХ САХНАСЫНА ШЫҒУЫ



бет10/16
Дата16.02.2023
өлшемі3 Mb.
#68321
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   16
ШЫҢҒЫС ХАН ИМПЕРИЯСЫНЫҢ ТАРИХ САХНАСЫНА ШЫҒУЫ

Темүжін бір деректер бойынша 1162 жылы, басқа деректер бойынша 1155 ж. Моңғолияның Кендітау аймағындағы Онон өзенінің жағасында, Болдоң деген жерде бай ноян Есукей бахадүрдің отбасында дүниеге келді.


Ол қият рунының әскери қолбасшыларының бірі болды.
1183—1204 жж. өкімет билігі үшін күресте негізгі жауларын — Меркіт тайпасының көсемі Тохтадан бастап, Найман тайпасының басшысы Таян ханды талқандап, кең-байтақ территорияны басып алды.
Оның еріктілерден құралған 13 мың адамы бар әскері 110 мың адамы бар тұрақты әскерге айналды.
Темүджін дала ақсүйектері құрылтайының шешімімен Барыс жылы (1206) барлық тайпалардың ұлы ханы болып жарияланды да, «Шыңғыс хан» (түркі тілдеріндегі «теңіз» деген сөзден шыққан деп есептеледі) лауазымын алды. Шынғысханның атын моңғолдарды қорғасын деп Шыңғысхан атаған.
Жаңа мемлекет ордалық сипатта болды. Орда - дегеніміз әскер болып табылатын халық.
Негізінен Шыңғыс хан үшін соғыс ашатын екі бағыт болды. Біріншісі – саудасы мен қолөнері дамыған отырықшы Қытай мемлекеттері, екіншісі – көшпелі мал шаруашылығымен айналысатын қанша дағдарысты басынан кешірсе де, әлі де күші қайтпаған түркі тілдес тайпалардың мемлекеттері мен ұлыстары, яғни, Қазақстанның аумағы.
1205 жылдың өзінде қытайлық мемлекет Сяның батыс аймақтарына ұйымдастырған болатын. Ся мемлекетіне екінші жорық 1207 ж. ұйымдастырылды, ал 1209 ж. Шыңғыс ханның өзі басқарған моңғол әскері Сянің астанасы Чжисинді алды. Толығымен бұл мемлекет моңғолдарға тек 1210 ж. бағынды. Сонымен бірге, осы жылдары Шыңғыс ханның үлкен ұлы басқарған әскер Сібір халықтарын бағындыруды аяқтады.
1211 ж. Цзинь мемлекетімен соғыс басталды. 1214 ж. Цзинь мемлекетінің астанасы – Пекин қоршауға алынды және Цзинь мемлекетінің билеушілері моңғолдардың билігін өз аумағында мойындады.
1216 ж. Жошы басұқарған әскер Торғай даласында Ырғыз өзенінің бойында қыпшақ даласына көшіп кеткен меркіттердің қалдықтарын тас-талқан етті.
1217-1218 жж. моңғолдар таңғұттардың мемлекетіне шабуыл жасады, бірақ олардың толық бағынуына қол жеткізілмеді. Бұл тек Шыңғыс ханның немересі Құбылайдың тұсында ғана жүзеге асты.
1218 ж. Жетісуға басып кірген моңғол әскерлері ашық ұрыста наймандар мен қарақытайлардың әскерін жеңді
1224 ж. Хорезмшахтар мемлекеті толығымен моңғолдарға бағындырылды.
1227-1234 жж. империя құрамына Кавказ, Ауғаныстан, Солтүстік Иран және Дешті Қыпшақ жерлері қосылды.
Моңғол империясының қоғамдық құрылымы
Шыңғыс ханның үлкен әйелі – қоңырат руынан шыққан Бөртеден туған төрт ұлынан тараған ұрпақтары - ТӨРЕЛЕР
моңғолдар жаулап алған немесе оларға өз еркімен қосылған РУ-ТАЙПА АҚСҮЙЕКТЕРІ
Шыңғыс ханның үзеңгілестері – Жебе мен Сүбедейдің ұрпақтары


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет