Қр мемлекет және қҰҚЫҚ тарихы кредит саны 3 «Жария құқық» кафедрасының аға оқытушы Шокенова Аяулым Нурсериковна


Б.з.д. 552 ж. Жужандардың жеңілуінің нәтижесінде Түрік қағанаты құрылды



бет9/16
Дата16.02.2023
өлшемі3 Mb.
#68321
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   16
Б.з.д. 552 ж. Жужандардың жеңілуінің нәтижесінде Түрік қағанаты құрылды.
Бұмын қаған Түрік қағанатын құрды. Оған бастапқыда "Елхан" деген атақ берілді.
Түркілер басып алынған жерлердің жергілікті халықты қатты қыспаққа алмай, оларға қатысты сабырлық саясатын жүргізді
ОҒЫЗ МЕМЛЕКЕТІ
VII- VIII ғ. Оғыздар немесе теле тайпалары Батыс Жетісуде мекендеді. Елордасы Гузия қаласы болды. Түрік қағанатының құрамына кірді.
Батыс Түрік қағанатының және Түргеш қағанатының құрығаннан кейін, Қарлық қанатының құрылуына орай оғыздар Сырдарья өлкесіне көшеді. Қаңлылар оғыздардың құрамына кірді.
X ғ. Оғыз мемлекетінің елордасы Жаңакент қ. (Янгикент немесе Жаңа Гузия). Бұл қала Қызылорда обл. Қазалы ауданында ескі Қазалыдан 25 км. қашықтықта орналасқан.
Оғыздардың экзогамды фрактиялары
Боз оқ
Үш оқ
Қайығ, Баят, Алқа-эвли, Қара-эвли, Языр, Дөгер, Додурга, Япарлы, Афшар, Қызыр, Бәктілі, Қарқын
Баяндыр, Печене, Чавулдур, Чепни, Салғұр, Эймур, Алаюнтлу, Юрегир, Игдир, Бюгдюз, Ива, Қынық.
Оғыздар VIII ғ. Сырдария алқабында орналасқан печенег-кангалар конферерациясын талқандайды. Оғыз конфедерациясына кангар печенегтер, Арал, Каспийдің солтүстік төңірегінің тайпалары Сырдарияға көшкен халаж, қарлұқ тайпалары, Шу мен Талас аңғарын мекендеуші жағр, шарұқ тайпалары, Шығыс Түрік тайпаларының ішінде имек кимек тайпалары, байандұрлар, имурлер, кай тайпалары енді (Жалпы 24 тайпа)
XI ғ. Оғыздар үш топқа бөлінеді
Күл еркіндер басқарған Батыс Қазақстанның оғыздары
Сұлтан Санжар басқарған ислам дінін қабылдаған (селжүктер) оғыздар.
Жабғу-қағандар басқарған оғыздар. Ислам дінін қабылдағаннан кейін жабғу сұлтанға ауыстырылады.
ҚИМАҚ ЖӘНЕ ҚЫПШАҚ МЕМЛЕКЕТТЕРІ
Қимақ қағанаты - Шығыс және Орталық Қазақстанда 9 ғасырдың соңы – 11 ғасырдың басында болған ертедегі мемлекет.
Алғашқы рет Қимақтарда мемлекеті туралы деректер IX ғасырдың аяғы - X ғасырдың басындағы араб тілді тарихи-географиялық шығармаларда айтылды. Мәселен, IX ғасырдағы тарихшы әрі географ әл-Якуби қимақтар мен басқа да түркі тілдес халықтардың мемлекеттілігі туралы былай дейді: «Түркістан мен түріктер бірнеше халықтар мен мемлекеттерге (мамалик), соның ішінде: қарлұқтар, тоғыз-ғұздар, қимақтар және оғыздар болып бөлінеді. Түріктердің әр тайпасында жеке мемлекеті бар және олар бір- бірімен соғысып жатады.»
Ибн әл-Факихте (X ғ.) барлық түріктердің ең күштілері — оғыздардың, тоғыз- ғұздардың және қимақтардың патшалары бар деп жазады.
Ал классикалық араб географтары әл-Истахри мен Ибн Хаукаль «түріктердің жерінде (олардың) тайпалары өз мемлекеттеріне сәйкес ерекшеленеді» деп хабарлайды.
Қимақ қағанатының алғашқы орталығы – Имақия Ертіс өз.жағасында, екінші астанасы – Алакөл жағасындағы Карантия болды. 
Қытай деректемелерінде көрсетілгендей (Кимектер) Қимақтар тарихы VII ғасырдан басталады. Ондағы аталатын ЯНЬМО тайпасы зерттеушілердің шамалауы бойынша кимек (қимақ) тайпасы болып саналады. Теле тайпаларының бірі болған яньмолар (кимектер) VII ғасырдың бас кезінде Солтүстік Монғолияны мекендеген, ал VII ғасырдың ортасына таман қимақтар Алтай тауларының солтүстігі мен Ертіс өңіріне көшіп барады.
VIII ғасырдың екінші жартысы - IX ғасырдың басында қимақ тайпалары үш бағытта қоңыс аударады: 
солтүстік-батыста Оңтүстік Оралға
оңтүстік-батыста Сыр-дария аңғарымен Оңтүстік Қазақстанға
оңтүстікте Солтүстік- Шығыс Жетісу аймағына
Кимақтардың мекендеген аумақтары:
  • 7 ғасырда Алтайдың солтүстігіне, Ертіс жағалауына орналасып, Батыс түрік қағандығының құрамына кірген
  • 8 ғасырда қимақ тайпалары Ертістің орта ағысын мекендеді
  • 9 ғасырдың алғашқы жартысынан Жетісудың солтүстік-батысындағы Алакөл аймағына қоныстана бастады. Олардың батыс шекарасы Оңтүстік Оралдың шығыс бөлігі мен Арал жағалауларына дейін жетті.
  • 10 ғасырдың ортасында қимақтар шығыстан батысқа қарай ойысты. Олар Оңтүстік Орал тауының оңтүстік және оңтүстік-батыс бөктерінде, Каспий жағалауында көшіп-қонып жүрді.
  • 10 ғасырдың соңында қимақтардың бір тобы Сырдария жағалауына қарай жылжып, Түркістанның мұсылман облыстарымен араласты.
  • 11 ғасырда Орталық Азия тайпаларының батысқа қарай ойысуы нәтижесінде қимақтардың орналасу картасы өзгерді.

656 жылы Батыс түрік қағандығы тарағаннан кейін қимақтар өз алдына бөлініп шықты.
840 жылы Ұйғыр қағандығы ыдырағаннан кейін оның құрамындағы эймур, баяндур, татар тайпалары қимақтарға қосылды.
Гардизидің баяндауынша, қимақтардың тайпалық одағы жеті тайпадан тұрған:
эймур,
имақ,
татар,
баяндур,
қыпшақ,
ланиказ,
ажлад
Ірі тайпа ретінде қыпшақтар танылды.
Кейінен Қимақтардың одағы 12 тайпадан құрылды.
Қимақтардың 20 қаласы болыпты, бастылары
Кимекия,
Қарантия,
Дамурия,
Шнария,
Сараус,
Дахлан,
Банджар,
Астур. 
Қағанаттың қоғамдық құрылымы
Ұлы қаған
Кіші қаған
Жабғу (ұлы шад)
Бірнеше тайпалардың басшылары
Имақ байғу немесе қимақ жабғу
Бір рудың басшысы шад тұтық
Малшы көшпенділер
Малынан айырылған жатақтар
Ұлы қаған кіші қаған мен жабғуды, шад-тұтықты тағайындады.
Таққа мұрагерлік бойынша отырғызылды.
Тайпа билеушісі міндетті түрде әскер басшысы болды және оларға жер үлесі берілді. Олар міндетті түрде ұлы қағанға белгі-бір көлемде әскер бөліп отырды.
Олардың лаузымдары мұрагерлікпен берілді.
Бай қимақтар қызыл және сары жібектен тігілген киімдерді киген.
X ғасырдың аяғы XI ғасырдың басында Қимақ мемлекеті ыдырайды.
Ыдырауының басты себептері
  • Ішкі шиеленістер;
  • өзОрталық азиядан көшпелі халықтары қоныс аударуы;
  • ін-өзі билеуге және өз мемлекеттілігін құруға ұмтьлған қыпшақ хандарының қимақтардың орталық билігіне бағынбауы. 

Б.з.д. 2 ғ. Ежелгі қытай деректерінде “кюйше” деген атаумен кездеседі. Қыпшақтар хунну қағанатының құрамына кіреді. Қытай деректері бойынша қыпшақтар көрші тайпа яньтоны басып алып жаңа СЕЯНЬТО бірлестігін құрады
Дешті-Қыпшақ даласындағы мүсіндер
Қазақстан жерінде қыпшақтардың қалыптасуының кезеңдері
  • Қыпшақтардың қимақ қағанатының құрамына кіруі: VII ғасырдың екінші жартысы – VIII ғасырдың соңы.
  • Қыпшақтардың құрамына құмандар және қимақ тайпалары кірді: VIII ғасырдың аяғы – XI ғасырдың басы.
  • XI ғасырдың екінші жартысынан бастап 1219 жылға дейін қыпшақ тайпалық одағының дамуы

XII ғасырда қыпшақ тайпалары Алтайда, Ертістің жоғарғы жағында наймандармен, қаңлылармен, керейттермен шектесті, солтүстікте қырғыздар және хакастармен көрші болды. 
Қыпшақтар билігінің Арал өңірі мен Сырдария бойындағы аймақтарға таралуына байланысты этникалық-саяси жағдайдың өзгеруіне қарай XI ғасырдын екінші жартысының басында «Оғыздар даласы» (Мафазат әл-гузз) деген атаудың орнына «Қыпшақтар даласы» (Дешті Қыпшақ) деген атау пайда болды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет