Дуандар
| |
Ұлысбек
|
әскерді басқаратын, әкімшілік билікті жүзеге асыратын және сыртқы қатынастарды реттеп отыратын жоғарғы лауазымды тұлға
|
Инақтар
|
ең күшті тайпа басшылары, олар негізінен хан кеңесшісі қызметін атқарды
|
Ішкі
|
хан сарайын басқарушы
|
Аталықтар
|
болашақ тақ иесін тәрбиелеуші тұлғалар, олар оғлан кәмелет жасқа жеткенше оның ұлысын басқарды
|
Наибтар
|
уәзірлердің көмекшілері;
|
Әмірі шикар немесе міршикарлар
|
ханның аң аулауын ұйымдастыратын лауазым иелері;
|
мубаширлар
|
хан хабаршылары
|
Даруғалар
|
жаулап алынған жерлерге ханның тағайындалумен жіберілетін шенеуліктер
|
хакімдер
|
Отырықшы аумақтарды басқарды
|
Жасаулдыр
|
жергілікті жерде салық жинаумен айналысатын ұсақ шенеуліктер
|
Қарауылдар
|
хан сақшылары
|
Михман-құдай
|
тамызда өтіп тұратын құрылтайға адамдардың жиналуын қамтамасыз етіп тұратын шенеулік
|
Ноғай ордасында мемлекетті басқрудың тұрақты ұлыстық басқару жүйесі болды.
Халқы – маңғыт, қыпшақ, қоңырат, арғын, қарлұқ, алшын, тама және т.б. сияқты түрік тайпалары.
Қоғамдық құрылысы
- Мырзылар
- Қарачейлер, имельдештер, ұландар, нүкерлер, рулық аристократия
- Қарапайым малшылар – қаралар
- Кедейленген көшпенділер – тұмақтар
- Кішігірім саудагерлер
- Құлдар
Ноғай ордасы 17 ғ. Қалмақтардың шапқыншылығынан кейін ыдырап кетті.
ҚАЗАҚ ОРДАСЫНЫҢ ҚОҒАМДЫҚ ЖӘНЕ САЯСИ ЖҮЙЕСІ
Әбілхайыр үшін басты қауіп Шығыстан, яғни, Жоңғар далаларынан төнді.
Жоңғарлар, яғни, ойрат, қалмақ, торғауыт сияқты моңғол тайпаларының түркіше аталатын одағы. Олар Шыңыста Күнгей тауларымен, Оңтүстікте Гоби құмдарымен, Батыста Моғолыстан жерлерімен және Солтүстікте Ертіс және Енисеймен шектесіп жатқан аумақты мекен еткен ойрат одағы бұл кезеңде даму үстінде еді.
1456 ж. жоңғарлар көп әскер жинап Моғолстан аумағына басып кірді.
Аз уақыттың ішінде қалмақ қолы Сығанақ қабырғаларының түбінен бірақ шықты.
Әбілхайыр асығыстықта жиналған әскерімен қарсы шықты. Сығанақ түбіндегі Көкқашан деген жерде болған шайқаста қалмақтар жеңіске жетті.
Әбілхайыр хан өз әскерімен Сығанаққа келіп тығылды. Осыдан кейін ешқандай қарсылық көрмеген жоңғарлар Ташкент, Түркістан және Шахрух аумақтарын тонады.
Тоқай Темір тармағына жататын Орыс ханның немересі Барақ ханның інісі Керей мен Барақ ханның ұлы Жәнібек (нағыз аты - Әбу Сейіт) Әбілхайыр ханның саясатына деген жалпы наразылықты және оның жоңғарлардан жеңілісінен кейін күдер үзуді пайдаланып өздеріне қарасты рулармен бірге 1459-1460 жж. Моғолыстан аумағына көшіп кетті.
Сығанақ қаласы
Әбілхайыр өлімінен кейін Сығанақтағы хан тағына оның ұлы Шейх Хайдар отырды. Оның жақтастарынан қарсыластары көп болды.
Жәнібек пен Керей жағдайды бағдарлай отырып, Ұлы Далада басталған билік бөлінісіне араласуды жөн көрді.
бұл күреске Мұса мырза бастаған маңғыттар, Моғолыстан ханы Жүніс хан мен оның ұлы Сұлтан Махмұдта араласты. Шайбандықтардың өзі екіге жарылды.
Қазақ хандығының құрылу хронологиясын саралай отыра келесідей кезеңдерге бөлуге болады:
1456-1460 жж. Әбілхайыр хандығындағы дағдарыс және Жәнібек пен керей бастаған халықтың көшіп кетуі.
1460-1465 жж. Қазақтардың ұлысының Моғолыстан құрамында нығаюы және дамуы.
1465-1466 жж. Қазақ Ордасының құрылғандығын жариялау кезеңі.
1466-1571 жж. Қазақ хандығының халықаралық қауымдастықта өзін тәуелсіз дербес мемлекет ретінде орнықтыруы.
Қазақ хандығының хандары
ХV-ХVІ І ғ.ғ. ҚАЗАҚ ҚҰҚЫҒЫ
Қазақтардың әдет-ғұрып құқығының ерекшеліктері:
жазылмаған, ауыздан-ауызға тарайтын нормалардан тұрады;
жаттауға және түсінуге оңай мақал-мәтел нысанында көрініс табады;
нормаларда көне замандардың ықпалы сақталып қалған;
демократиялық сипаттағы нормалардың көптігі;
мүліктік жауапкершілік мәселелерінің, отбасы және неке қатынастарының жан-жақты әрі толық реттелуі;
жазылған құқық нормаларының ықпалының болмашылығы.
Қазақтардың әдет-ғұрып құқығының басты қайнар-көздері:
Құқықтық әдет-ғұрып (әдет немесе заң)
Сот прецеденті (бидің билігі)
Билер съездінің ережесі
Құқықтық әдет-ғұрып дегеніміз – мемлекеттің ресми билік органдарымен танылып, қамтамасыз етілетін әдет-ғұрып нормалары.
Қазақ тарихында мемлекеттің іргеленген кезеңдерінде ресми билік органдары тарапынан құқықтық әдет-ғұрыпты жинақтарға біріктіру, кодификациялаулары орын алған. Олардың негізгілері:
Қасым ханның қасқа жолы (XVI ғ. басы)
Есім ханның ескі жолы (XVII ғ.)
Тәуке ханның кодексі – Жеті Жарғы (XVIII ғ. басы).
Достарыңызбен бөлісу: |