Округ Болыс Ауыл Төрт сатылы жүйе Шаруашылық 1822 ж. Орынбор генерал-губернаторы П.К. Эссен Кіші жүзде хандық басқару жүйені жойып, оның орнына басқа әкімшілік механизмді енгізуді көздейтін «Орынбор қырғыздары туралы жарғыны» жасады, ал 1824 ж. ол бекітілді.
1831 ж. бастап әкімшілік округтар – дистанциялар құрыла бастады. Дистанция дегеніміз – екі бекініс аралығында орналасқан аумақ. Олар өз кезегінде старшындықтардан тұрды. Әрбір старшындыққа 600-ге жуық шаруашылық кірді.
Кіші жүзді жалпы басқаруСыртқы істер министрлігіне жүктелді. Ал жергілікті жоғарғы басқаруОрынбор генерал-губернаторының қолында болды.
Басқарудың келесі органы Шекара комиссиясы болды. Бұл орган төрағадан, тең төрағадан, төрт кеңесшіден, төрт қазақ заседательден және кеңсе мен басқа да қызметтерден тұрды.
Кіші жүздегі жеке басқарубасқарма-сұлтанның қолына берілді. Оны генерал-губернатор сұлтандардың қатарынан тағайындады. Басқарма-сұлтандарға түрлі салалар бойынша көмекшілер тағайындауға құқылы болды.
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҚАЗАН ТӨҢКЕРІСІНІҢ ЖЕҢІСІ ЖӘНЕ КЕҢЕС ӨКІМЕТІНІҢ ОРНАУЫ
1917 ж. қазанда Петроградта қарулы төңкеріс болды. Билікке большевиктер мен солшыл эсерлер келді. Үкімет функциялары В.И.Ульянов басқарған Халық комиссарлар кеңесіне берілді.
Кеңестер билігі 1917 ж. қарашасында - Ташкентте, желтоқсанында Қостанай, Торғай және Ақтөбеде орнады, ал 1918 ж. Орынборда да билікке кеңестер келді. 1918 жылдың ақпан айында – Семейде, ал наурызда Верныйда Кеңес өкіметі қарулы жолмен орнатылды.
«Алаш» партиясының басшылары 1917 ж. Автономиялы қазақ революциясын құрғандығы туралы жариялады. Автономияны басқару үшін Алаш Орда үкіметі құрылды. Ондағы 25 орынның 10 орны переселендер мен казактарға берілді. Алаш үкіметінің төрағасы болып Әлихан Бөкейхан тағайындалды. Алаш Орда билігі Торғай, Ақмола, Орал және Семей облыстарының аумағына тарады. Жетісу және Сырдария облыстарында басқа биліктік құрылымдар қалыптасты.
1917 ж. 26 қарашасында Қоқанд қаласында IV төтенше мұсылман съезді жиналды. Оның шешімі бойынша Түркістан Автономиясы – Мухтариат құрылды. Билік төрағасы Мұстафа Шоқай болып табылатын Ұлттық Конгерсске берілді. М.Тынышпаевтың басшылығымен Уақытша үкімет құрылды.
1918 ж. қаңтардың аяғында Қызыл Армия отрядтары мухтариатты талқандады.
1920 ж. 17 тамызда Қырғыз (Қазақ) Кеңестік Автономиялық Социалистік Республикасын құру туралы Декрет қарастырылып құпталды.
1920 ж. қазанында С.Мендешовтің басшылығымен Орталық атқару комитеті және В.Радус-Зеньковичтің басшылығымен халық комиссарлар кеңесі сайланды. Автономияның астанасы Орынбор қаласы болды.
1925 ж. күзінде аймақтық партия ұйымының жетекшісі болып Москва жіберген Ф.И.Голощекин сайланды. Оның атымен Қазақстандағы тоталитарлық жүйенің нығаюы байланыстырылады.
1936 ж. КСРО Конституциясы қабылданды, ол бойынша Қазақстан одақтық республика мәртебесіне ие болады. Оның артынша 1937 ж. 26 наурызда республикалық Конституция қабылданды 1936 ж. КСРО Конституциясы қабылданды, ол бойынша Қазақстан одақтық республика мәртебесіне ие болады. Оның артынша 1937 ж. 26 наурызда республикалық Конституция қабылданды Қазақстандағы жұмыс күшінің басым бөлігін арнайы көшірілгендер құрады. Осы жылдары балқарлар, кәрістер, қарашайлар, месхет түркілері жер аударылды. Бұл жылдары жер аударылғандардың саны 500 мың адамға жетті.