Тиграхауда сақтары, үшкір басты бас киім алған бұл сақтар Сырдарья мен Амударьяның төменгі ағыстарын мекен етті.
Хаомақайнатушы сақтар, олар Балхаш алқабын мекендеді және алкогольді ішімдік хаома қайнатты.
Аримаспа сақтар, Шығыс Қазақстанда орналасты, бұл одаққа кіретін кейбір тайпалар Алтайды отаны деп таныды. Оларды басқаша грифтің алтынын қорғаушылар деп атады.
Массагет сақтар, Каспий мен Арал аралығын мекендеген ең дамыған мықты тайпалық одақтардың бірі.
Савромат сақтар, Батыс Қазақстанда өмір сүрді.
Исседон сақтар, Орталық және Солтүстік Қазақстанда шарушылық жүргізді.
Үйсін тайпалары қазақ даласына б.д.д III ғ. келіп мемлекеттік белгілері анық көрініс тапқан тұрақты бірлестіктер құрды.
ЕЖЕЛГІ ХҰНДАРДЫҢ ИМПЕРИЯСЫ б.д.д. III ғ. Хунну империясы құрылды. Хұндар – ежелгі заманнан Сыртқы Моңғолия мен Оңтүстік Сібірді мекендеген көшпелі малшылар.
б.д.д. 209 ж. сенгір Мөде хұн тайпалар одағын жете орталықтанған мықты державаға айналдырған бірқатар саяси-экономикалық және әскери реформалар жүргізді.
б.д.д. 55 ж. хұндар екіге, яғни, оңтүстік және солтүстік хұндарға бөлініп кетті.
Хұн империясы
Хуханье шаньюй басқарған оңтүстік ғұндар
Чжи-чжи щаньюй басқарған солтүстік ғұндар
Хұндардың қоғамдық және мемлекеттік құрылысы 24 тайпалық бөлімшелерді қамтыды. Шаньюй (Сенгір) тек си руынан сайланды Әр тайпалық одақ рулардан құрылды. Басты рулар:
Си Хуянь Лань Сюйбу Шаньюй (Сенгір) «Аспанның баласы»
«Аспан мен Жерден туылған, Күн мен Аймен қойылған ұлы ғұн тәңірқұті»
Атқарушылық билік
Заңшығарушылық билік
Сот билік
әскери билік
ТҮРІК ҚАҒАНАТЫ Қытай тарихшылары VI ғ. (б.з.д. 542 ж.) Шығыс Тянь-Шань тауларынан "ашина" деген атаумен түріктер тарихқа енеді. Ашина руынан шыққан билеушілері өз руластарын бастап Алтай тауларына көшеді. Бұл жерде жергілікті руларды бағындырып, түрк деген атауды алады. Түрік "күшті", "мықты" деп аударылады. VI ғ. Қытай тарихшыларымен жазылып аңызға сәйкес көрші тайпалармен шайқаста ата-бабаларының барлығы қырылып қол-аяғынан айрылған он жасар ханзаданың тірі қалуына қасқырдың бір қаншығы көмектесіп, кейінен оған әйел болады. Олардан он ұл бала туады. Олар “он оқ будун” деп түркі елінгің негізін салады