Қр мемлекет және қҰҚЫҚ тарихы кредит саны 3 «Жария құқық» кафедрасының аға оқытушы Шокенова Аяулым Нурсериковна


Қазақстан Республикасының мемлекет және құқық тарихы ғылымының пәні



бет6/16
Дата16.02.2023
өлшемі3 Mb.
#68321
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
Қазақстан Республикасының мемлекет және құқық тарихы ғылымының пәні –Қазақстан аумағындағы болған түрлі саяси және құқықтық жүйелердің пайда болу, даму және қызмет ету тарихы.
Әдіс – білім алу үшін ғылымда қолданылатын әдіс-тәсілдер мен ережелердің жиынтығы.
Ғылым әдіснамасы – ғылымның қоршаған материалды дүниені тану әдіс-тәсілдерінің жиынтығы және оларды қолдану ережелері.
Ғылым әдісі дегеніміз – нақты шындықты зерттеу жолдары, бұл ғылымға негіз болатын жалпы және бастапқы қағидалар.
Нақты-тарихи әдістің мәні зерттелетін мемлекеттік-құқықтық құбылыстарды олардың қайталанбас ерекшеліктерін ескере отырып нақты тарихи кезеңде қарастыруда.
Салыстырмалы-құқықтық әдістің мәні мемлекет пен құқықтың дамуын нақты тарихи кезеңде (синхронды салыстыру) немесе түрлі тарихи кезеңде (диахронды салыстыру) бірнеше елдің дамуы барысын салыстыра отырып зерттеуге негізделген.
Жүйелі-құрылымдық әдістің мәні зерттелетін құбылыстарды терең зерттеу үшін оларды ішкі байланыс пен ықпалдастыққа ие көптеген элементтердің жүйесі ретінде қарастыруында.
Статистикалық әдіс арқылы Қазақстан Республикасының мемлекет және құқық тарихы ғылымының сандық жағы ашылады.
Қазақстан Республикасының мемлекет және құқық тарихының кезеңдері
1. Қазақстан аумағындағы мемлекет пен құқықтың пайда болу кезеңі (б.д.д. 3 мың.ж. – б.д.д. 3 ғ.)
1.1. мемлекетке дейінгі кезең (б.д.д. 3 мың.ж. – б.д.д. 9 ғ.).
1.2. протомемлекеттік кезең (б.д.д. 8 ғ.- б.д.д. 3 ғ.).
2. Қазақстан көшпенділерінің мемлекеттік-құқықтық жүйелерінің өркендеу кезеңі (б.д.д. 3 ғ.-18 ғ.).
2.1. Ғұн көшпелі империясының кезеңі (б.д.д. 3 ғ.- 5 ғ.).
2.2. Түркілердің көшпенді империясының кезеңі ( 6 ғ.-12ғ.).
2.3. Моңғол-қыпшақ көшпенді империясы (13 ғ. – 16 ғ.).
2.4. Біртұтас Қазақ хандығының кезеңі (17 ғ. -18 ғ. бірініші жартысы).
3. Қазақстан көшпенділерінің мемлекеттік-құқықтық жүйелерінің дағдарыс және жойылу кезеңдері (18 ғ. екінші жартысы – 20 ғ. басы).
3.1. Протекторат кезеңі (18 ғ. екінші жартысы – 19 ғ.).
3.2. Отаршыл әкімшілік-құқықтық жүйенің Қазақстан аумағына енгізілуі (19 ғ. 20-60 жж.).
3.3. Отаршыл әкімшілік-құқықтық жүйенің нығаюы (19 ғ. 60 ж. – 1917 ж. ақпан ).


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет