Біздің дәуірімізге дейінгі VІ ғасырдың басында, қазіргі Қазақстанның аумағында көшіп-қонған ондаған түрік тайпалары бірігуге деген нағыз қажеттілікті сезіне бастады. Көшпелі мал шаруашылығын жыл маусымдары бойынша жүргізу мүмкін емес болатын. Біртұтас биліктің болмауы көшпелілер арасында үнемі қақтығыстардың болып тұруына әкелді, оларды әлсіретіп, егіншілікпен айналысатын халықтармен дұрыс экономикалық айырбас жүргізуді қиындатты.
5
ОҒЫЗ МЕМЛЕКЕТІ
Шығыстан ағылған жаңа көші-қон толқыны қимақ мемлекетінің құлауына әкелді. ІХ ғасырдың ортасында оғыздарды ығыстырып өзінің басшылығын нығайтып, кимек мемлекетінің заңды мұрагеріне айналған қыпшақтар батысқа қарай жылжыды. Оғыз бірлестігінің әлеуметтік-саяси құрылымы бірыңғай: шаруашылығы, тұрмысы, тілі, мәдениеті, этникалық құрамы, түрік және басқа қағанаттарға кіретін бұрынғы түрік тайпалары одақтарымен ұқсас болды.
6
ҚИМАҚ ЖӘНЕ ҚЫПШАҚ МЕМЛЕКЕТТЕРІ
Батыс-Түрік қағанаты құрылғаннан кейін түрік тайпаларының бірқатар жаңа оңашаланған этно саяси одақтары құрылды. Қимақтар Ертіс өзенінің алқабында қоныстанды. Олардың қарамағында 7 тайпа болды, оның ішінде татарлар мен қыпшақтар да бар болатын. Осы әскери – саяси одақ ІХ ғасырға қарай елеулі нормативтік регламенттелген басқару институттары, қаржылары, сот жүргізу ісі мен әскери ұйымдары бар тұрақты берік бірлестікке айналды. Бастапқы феодалдық қимақ мемлекетін құру процесі жүріп жатты.