Қр мемлекет және қҰҚЫҚ тарихы кредит саны 3 «Жария құқық» кафедрасының аға оқытушы Шокенова Аяулым Нурсериковна



бет5/16
Дата16.02.2023
өлшемі3 Mb.
#68321
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
Байланысты:
ҚР Мемлекет және құқық тарихы

Постреквизиттер: Пәнді оқып игергеннен кейін Шетелдердің мемлекет және құқық тарихы, ҚР мен шет елдердің конституциялық құқығы, Саяси және құқықтық ілімдер тарихы, өзге де салалық заңдық ғылымдарды оқып-үйренген абзал.
Қазақстан Республикасының мемлекет және құқық тарихы курсының басты мақсаты – Ежелгі Қазақстан аумағындағы алғашқы потестарлық бірлестіктер дәуірінен бүгінгі тәуелсіз Қазақстанның саяси-құқықтық дамуына дейінгі уақыт аралығын қамтитын мемлекеттік құқықтық институттардың дамуына жалпы және жеке сипаттама беру.
Мемлекет тарихы саласында Қазақстан Республикасының мемлекет
және құқық тарихының пәні болып табылады:
Қазақстан аумағында бүгінгі күнге дейін өмір сүрген мемлекеттік бірлестіктердің мемлекет пен мемлекеттік басқару механизмінің пайда болуы, дамуы және қызмет етуі;
Қазақстан аумағындағы мемлекеттіліктің дамуында белгілі бір заңдылықтарды анықтау.
Құқық пен құқықтық институттардың дамуы саласында Қазақстан
Республикасының мемлекет және құқық тарихының табылады:
Заңи институттардың Қазақстан аумағындағы орнығуы мен дамуын тарихы дәуірлер бойынша зерттеу;
Ең маңызды заңи нормалардың мазмұны мен құрылымына саралау жасау және олардың пайда болуының ортақ заңдылықтарын анықтау.
Қазақстан Республикасының мемлекет және құқық тарихының міндеттері:
Қазақстан аумағындағы алғашқы мемлекеттік бірлестіктер мен мемлекеттердің пайда болуының тарихы мен хронологиясын анықтау;
Мемлекеттік құрылымдардың сол кездегі тарихы оқиғалармен байланысын ескере отырып, олардың пайда болуына бағытталған саралау жасау;
Мемлекеттік басқару жүйесінің пайда болуының жалпы заңдылықтарын анықтау;
Қоғамдағы саяси билікті жүзеге асырудың нысандарына, әдістері мен қағидаларына баса назар аудару;
Алғашқы құқық нормаларының пайда болуынан бастап қоғамның құқықтық жүйесінің орнығуына дейінгі құқықтың тарихын қарастыру;
Құқықтың түрлі нысандарының олардың даму барысындағы тарихын зерттеу;
Қазақстан аумағында дамыған мемлекеттік жүйелердегі жеке құқық пен жариялы құқықтың бір-біріне қалай әсер еткендіктерін зерттеу;
Қазақ халқының құқықтық жүйесінің қалыптасуына, құқықтық мәдениетінің кодификациялануына және ой елегінен өткізілуіне баса назар аудару.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет