Қр мемлекет және қҰҚЫҚ тарихы кредит саны 3 «Жария құқық» кафедрасының аға оқытушы Шокенова Аяулым Нурсериковна


Қалың мал төлеу арқылы некеге тұру



бет14/16
Дата16.02.2023
өлшемі3 Mb.
#68321
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16
Қалың мал төлеу арқылы некеге тұру – құда түсіп, қызды қалың мал төлеп алу нысаны. Екі жақтың ата-анасы болашақ некенің шартары туралы, қалың малдың мөлшері және тойдың шығындары туралы келісім-шарттары құда түсер келісімімен бекітіліп, құйрық-бауыр жеу ырымымен аяқталды. Бұл неке қалың мал толық төленіп, екі ауылда той жасалғанна кейін жарамды деп саналды. Қазақтардың арасындағы ең кең таралған неке нысаны болды.
Бел құда - екі ер адамның олардың арасында ерекше достықтың нәтижесінде тамырға айналып, әлі туылмаған балаларын үйлендіруге уәделесуі нәтижесінде жасалатын неке. Некенің бұл нысаны бойынша қалың мал төленбеген.
Бесік құда – екі ер адамның олардың арасындағы ерекше достықтың нәтижесінде тамырға айналып, бесіктегі балаларын үйлендіруге уәделесуі нәтижесінде жасалатын неке. Бұл нысан бойынша да қалың мал төленбеуі мүмкін немесе аз мөлшерде төленді.
Қарсы құдалық, яғни, екі тараптың бір қыз беріп бір қыз алуы бойынша жасалатын некелер. Олар бойынша қалың мал төленбеген.
Алып қашу нәтижесіндегі неке – қызды алып қашу арқылы жасалатын неке. Алып қашудың бірнеше түрі болды, әдет-ғұрып құқығының оларға қатынасы да әртүрлі болды. Оларға тоқтала йық:
Әкесі құдалық шартарын бұзған қызды алып қашу. Яғни, жігіт жағы қалың малды төлеп қойса, ал қыздың әкесі өұдалықтан айнып отырса, жігіт тарапы алып қашу құқығына ие болды. Бұл қылмыс болып табылмайды. Тек жігіт тарапы азғантай айып төлеп құтылған.
Біреудің құда түсіп қойған қызын алып қашу ауыр қылмыс қатарына жатқызылды. Егер қыз алып қашушылардың жағында қалса, олар қыздың әкесіне ол қыз үшін төленген қалың малды екі есе етіп төлеуі тиіс еді. Ал егер қыз қайтарылса, айыптың мөлшері бір қалың малға тең болды.
Құда түспеген қызды оның рұқсатымен алып қашу көп жағдайда некеге тұрумен аяқталды. Алайда жігіт тарапы бітімге келу үшін айып төлеуге міндетті болды. Осыдан кейін кәдімгі құда түсу процедуралары басталды.
Құда түспеген қызды оның рұқсатынсыз алып қашу ауыр қылмыс болып саналды. Бұл мәселе тараптардың келісімімен шешілді. Некеге ұласуы мүмкін еді немесе қылмыс үшін айыппен төленетін жазаға ұшырауы мүмкін еді.
ҚАЗАҚСТАННЫҢ РЕСЕЙГЕ ҚОСЫЛУЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК-ҚҰҚЫҚТЫҚ САЛДАРЫ
XVII ғ. аяғы XVIII ғ. аяғында Қазақ хандығы Орта Азияның басым бөлігін қамтитын мемлекетке айналды.
XVIII ғ. басында Қазақ хандығы күрделі әскери-саяси жағдайда болды. Солтүстіктен қазақ ауылдарын Еділ, Жайық, Сібір казактары, башқұрттар мен қалмақтар шапса, Оңтүстіктен Ұлы жүз руларына салық төлету мақсатында Хиуа, Қоқан және Бұқара хандықтары шабуылдарын үдетті.
Жоңғар хандығы XVII ғ. 30-жылдарында хойот, дэрбэт, шорос, хошоуыт және торғауыт тайпаларының бірігуі нәтижесінде Орта Азияның Солтүстік-батыс бөлігінде құрылды.
Қазақ хандығының жоңғар шапқыншылығымен күресі
Елді аман алып қалудың жолдары ұсынылды:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет