Р. С. Рахметова


 Жай сөйлемдердің бір-бірімен құрмаласу тәсілдері



Pdf көрінісі
бет48/85
Дата28.09.2022
өлшемі1,32 Mb.
#40707
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   85
Байланысты:
Синтаксис Оку куралы 20 желтоқсан Рахметова 2

6. Жай сөйлемдердің бір-бірімен құрмаласу тәсілдері 
A) есімше, шылау, интонация тәсілі арқылы 
B) баяндауыш формасы, атау тұлға, орын тәртібі арқылы 
C) көсемше, шартты рай, ілік септігі, жіктік жалғауы арқылы 
D) баяндауыш формасы, шылау, орын тәртібі, интонация тәсілі арқылы 
E) барыс, жатыс септіктері арқылы 
7. Салалас құрмалас сөйлем дегеніміз
A) бір-біріне бағына байланысқан сөйлемдер тобы 
B) құрамындағы жай сөйлемдердің баяндауыштары тиянақты болып, бір-
біріне бағына байланысқан құрмаластың түрі 
C) құрамындағы жай сөйлемдерінің баяндауыш формасы тиянақсыз 
болып, бір-біріне бағына байланысқан құрмаластың түрі 
D) құрамындағы жай сөйлемдердің баяндауыштары тиянақсыз болып, 
өзара тең дәрежеде байланысқан құрмаластың түрі 
E) құрамындағы жай сөйлемдердің баяндауыштары тиянақты болып, өзара 
тең дәрежеде байланысқан құрмаластың түрі 
8. Сабақтас құрмалас сөйлем дегеніміз
A) құрамындағы жай сөйлемдердің баяндауыштары тиянақты болып, өзара 
тең дәрежеде байланысқан құрмаластың түрі 
B) құрамындағы жай сөйлемдердің баяндауыштары тиянақты болып, бір-
біріне бағына байланысқан құрмаластың түрі 
C) құрамындағы жай сөйлемдерінің баяндауыш формасы тиянақсыз 
болып, бір-біріне бағына байланысқан құрмаластың түрі 
D) құрамындағы жай сөйлемдерінің баяндауыштары тиянақсыз болып, 
өзара тең дәрежеде байланысқан құрмаластың түрі 
E) бір-бірімен өзара тең дәрежеде байланысқан сөздер 
 
6. Салалас құрмалас сөйлем 
 
Құрамындағы жай сөйлемдерінің баяндауыштары тиянақты болып, 
өзара тең дәрежеде байланысқан құрмалас сөйлемнің түрі салалас 


79 
құрмалас деп аталады. Мысалы: Оның бұл халіне өзгеден гөрі Гүлнәрдің 
тынышы кетті, сондықтан ол Қызылордадан Алмалыққа біржола көшіп 
келді (С.Мұқанов). 
Салаластың құрамындағы бірінші жай сөйлемнің баяндауышы – 
кетті, екінші жай сөйлемнің баяндауышы көшіп келді, екі жай сөйлемнің 
де баяндауыштары тиянақты, сондықтан олар тең дәрежеде (салаласа) 
байланысып тұр. 
Салаластың құрамындағы жай сөйлемдер өзара екі түрлі жолмен 
байланысады:
1) Іргелес тұрып, ұласпалы интонация арқылы байланысады. 
Мысалы: Ерлік аспаннан түспейді, ол Отанды сүюден туады 
(Б.Момышұлы).
2) Салаластың құрамындағы жай сөйлемдер жалғаулық шылаулар 
арқылы байланысады. Салалас құрмалас сөйлемдерді байланыстыратын 
жалғаулық шылаулар: 1) да, де, та, те әрі және деген ыңғайлас мәнді 
жалғаулық шылаулар арқылы; 2) бірақ, алайда, дегенмен, сонда да, әйтсе 
де деген қарсылық мәнді жалғаулық шылаулар арқылы; 3) өйткені, себебі, 
сондықтан, сол себепті, неге десеңіз деген себеп-салдар мәнді жалғаулық 
шылаулар арқылы; 4) не, немесе, я, яки, не (я) болмаса, болмаса, әлде деген 
талғаулық мәнді жалғаулық шылаулар арқылы; 5) кейде, бірде, біресе 
деген кезектес мәнді жалғаулық шылаулар арқылы. 
Салалас құрмалас сөйлемдер байланысу тәсіліне қарай жалғаулықты 
және жалғаулықсыз болып екіге бөлінеді. Құрамындағы жай сөйлемдерінің 
мағыналық қарым-қатынасына қарай салалас құрмалас сөйлем: 1) 
ыңғайлас салалас (мезгілдес); 2) себеп-салдар салалас; 3) қарсылықты 
салалас, 4) кезектес салалас, 5) түсіндірмелі салалас; 6) талғаулы салалас; 
7) шартты салалас; 8) салыстырмалы салалас болып бөлінеді. Талғаулы 
салалас пен кезектес салалас сөйлемдер үнемі жалғаулық шылаулар 
арқылы жасалса, түсіндірмелі салалас сөйлем жалғаулықсыз жасалады.
1. Ыңғайлас салалас сөйлем. Құрамындағы жай сөйлемдердің 
бірінде айтылған ойға екіншісінде айтылған ойдың мезгілдес, бағыттас, 
ыңғайлас мәнде қарым-қатынаста болуын ыңғайлас салалас дейміз. 
Мысалы: Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын (Мақал). Ыңғайлас 
салалас құрмаластың құрамындағы жай сөйлемдер да, де, та, те, және, 
әрі деген ыңғайлас мәнді жалғаулық шылаулар арқылы байланысса, 
жалғаулықты ыңғайлас салалас деп аталады. Мысалы: Шынында, Әбіштің 
сөздерінде әрі саясаттық шеберлік бар, әрі, бір жағынан, Семейдің үркек, 
шорқақ чиновниктерін айламен сескендіру де бар (М.Әуезов). 
Ыңғайлас салалас құрмаластың құрамындағы жай сөйлемдер бір 
мезгілде қатар болатын не болған істі білдіріп, баяндауыштары бір шақта 
айтылса, жалғаулықсыз ыңғайлас салалас деп аталады. Мысалы: Қар есіліп 
ерте кетті, жер дүрілдеп ерте көктей бастады (Ғ.Сыланов). 
Әрі шылауы ыңғайлас салаластың әрқайсысымен қайталанып 
келгенде, жай сөйлемдердің арасына үтір қойылады. Мысалы: Әншінің әрі 


80 
дауысы да жағымды, әрі әні де сазды екен (І.Жансүгіров). Ал қайталанбай 
бір-ақ рет келсе, жай сөйлемдердің арасына үтір қойылмайды. Мысалы: 
Қадырдың киімі жұқа әрі денсаулығы да мықты емес (С.Мұқанов). 
Және жалғаулық шылауымен байланысқан ыңғайлас салаластардың 
арасына үтір қойылмайды. Мен өзімді-өзім ұмыттым және көңілім 
шалықтап әлдеқайда алып-ұшып кеткен сияқты (С.Мұқанов). 
2. Себеп-салдар салалас сөйлем. Құрамындағы жай сөйлемдердің 
алдыңғысы соңғысының, соңғысы алдыңғысының себебін білдіретін 
салаластың түрін себеп-салдар (себептес) салалас дейміз. Мысалы: 
Балжан Рабиғаға шошыған түрмен қарады, өйткені Әміржанның көзінде 
сорғалаған жас еді (С.Мұқанов) . 
Себеп-салдар салалас құрмаластар жалғаулықты және жалғаулықсыз 
болып бөлінеді. Себеп-салдар салаласты байланыстыратын жалғаулық 
шылаулар: себебі, өйткені, сондықтан, сол себепті, неге десеңіз.
Егер сондықтан, сол себепті жалғаулықтарының бірімен байланысса, 
алғашқы сөйлемде хабарланған оқиғаның себебі білдіріледі де, екінші 
сөйлемде сол себептен туған салдары беріледі. Себеп-салдар салаластың 
құрамындағы жай сөйлемдердің орындарын ауыстырып айта беруге 
болады. Мысалы: Мен сұлап жатқан орнымнан тұра алмадым, себебі 
Тортай мінер ақ боз ат менің тақымымда кеткендей еді. Тортай мінер ақ 
боз ат менің тақымымда кеткендей еді, сондықтан мен сұлап жатқан 
орнымнан тұра алмадым. 
Жалғаулықсыз себеп мәнді сөйлем салдар мәндіден бұрын тұрса, 
арасына үтір қойылады. Мысалы: Үлкендер көрші ауылға кеткен еді, 
сондықтан жастар кешкілік сауық-сайран құрмақ болады.  
Жалғаулықсыз салдар мәнді сөйлем себеп мәндіден бұрын тұрса, 
арасына қос нүкте қойылады. Мысалы: Жастар кешкілік сауық-сайран 
құрмақ болады: өйткені үлкендер көрші ауылға кеткен еді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   85




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет