Р. Сыздык 1-том indd



Pdf көрінісі
бет125/180
Дата19.02.2023
өлшемі1,9 Mb.
#69286
түріБағдарламасы
1   ...   121   122   123   124   125   126   127   128   ...   180
-ар жұрнақты тұлға
Бұл тұлғаны Абай тіліндегі көзге түсетін грамматикалық 
ерекшелік ретінде бөліп алып талдап отырғанымыздың себебі 
– оның қызметі мен мағынасына байланысты. Абайда бұл тұлға 
негізінен бес-алты түрлі қызмет атқарады да, ол қызметтерінің 
барлығы дерлік қазірде пассив тәсіл болып табылады. Олар:
1. әрқашан үздіксіз болып жататын іс-әрекетті білдіруі;
2. анықтауыш қызметін атқаруы;
3. барыс септігінде келіп қолданылуы:
4. еді көмекші етістігімен қолданылып, ауыспалы шақты 
білдіруі;
5. -лық жұрнағы жалғанатын негіз ретінде келуі;
6. субстантивтеніп, септік жалғауларын жиі қабылдауы.
Бұлардан басқа, -ар жұрнақты есімше Абай текстерінде 
қазіргі нормамыздағыдай болжалды келер шақтық мағынада 
қолданылады (мұны жол-жөнекей болмаса, талдамаймыз).
Өзге түркі тілдері тәрізді, қазақ тілінде де -ар суффиксімен 
жасалған есімше түрі келер шақтың мағынасымен қатар, 
белгілі бір шаққа қатысы жоқ, әрдайым, үздіксіз болып 
тұратын іс-әрекеттің, яғни «бастауыштың тұрақты, өзіне тән, 
әрқашан өзімен ғана өтіп жататын қимылының»
197
мағынасын 
да береді. Бірақ, бұл, біздіңше, -ар жұрнақты тұлғаның қазақ 
тілінде пассивтене бастаған қызметіне ұқсайды. Оған бір- 
неше дәлел келтіреміз. Ең алдымен, қазіргі нормативтік грам- 
матикаларымыздың бірде-біреуі осы күнгі нормамызда бұл 
тұлғаның жоғарғы көрсетілген қызметте жұмсалатындығын 
атамайды. Әрдайым, үздіксіз болып тұратын қимылды, яғни 
сол субъектіге тән іс-әрекетті білдіретін грамматикалық тұлға 
деп көсемшенің  жұрнақты түріне -ды қосымшасы жалғанған 
197
Кононов А. Н. Грамматика современного турецкого литературного языка. - М., 
1956. - С.220.


257


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   121   122   123   124   125   126   127   128   ...   180




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет