Р. Сыздык 1-том indd


-мақ жұрнақты туынды түбірден -лық



Pdf көрінісі
бет124/180
Дата19.02.2023
өлшемі1,9 Mb.
#69286
түріБағдарламасы
1   ...   120   121   122   123   124   125   126   127   ...   180
-мақ жұрнақты туынды түбірден -лық арқылы екінші түбір 
жасау тәсілі жалпыхалықтық сөйлеу тілінде өнімді емес
бірақ оған қарап Абайдағы немесе өткен ғасырдағы қазақша 
өзге жазу нүсқаларындағы (мысалы, бұл тәсілді, «Дала уа-
лаяты» едәуір актив пайдаланған) -мақ+тық жұрнақты ту-
ынды сөздерді біз кітаби тіл элементіне тағы жатқызбаймыз.
Өйткені Абайда -лық жұрнағы жалғыз -мақ жұрнағымен 
емес, өзге де жұрнақтармен қабаттасып, жаңа сөз жасау 
қабілетіне ие -лық жұрнағының активтене түсуі, біздіңше, 
жалғыз Абай емес, XIX ғасырдың соңғы ширегіндегі қазақтың 
жаңа қалыптаса бастаған жазба проза тіліне, оның ішінде 
публицистикалық стиліне тән деп табамыз.
Үшінші – -мақ жұрнақты сөздердің Абайдың прозалық 
шығармаларының тілінде көзге түсуі. Шынында да саны 
және жиілігі жағынан -мақ жұрнақты тұлғалар Абай шығар- 
маларының ішінде «Қара сөздерінде» басымдау. Әсіресе бұл 
тұлғаның керек, тиіс сөздерімен тіркесі, -лық жұрнағымен 
келген түрі көбінесе проза текстерінде кездеседі. Бұл – қазақ 
әдеби тіл дүниесіне жаңа келген проза стиліне, оның ішінде 
қоғамдық-публицистикалық және ғылыми стильдеріне қажет 
кейбір грамматикалық категорияларды беру немесе кейбір жаңа 
лексикалық ұғымдарды білдіру процесіндегі ізденістердің бір 
көрінісі. Бірақ бұған қарап, -мақ аффиксті тұлға Абайдың тек 
прозалық шығармаларының грамматикалық ерекшелігі деген 
тұжырым айтуға мүлде болмайды. Бұл тұлға Абайдың бүкіл 
творчествосының тіліне тән.
-мақ аффиксті тұлғаның Абай тілінде көзге түсерліктей 
актив қолданылуында екі түрлі фактор себеп болған деп та-
бамыз. Бірі –жалпыхалықтық тілде бар тәсілді Абайдың мей- 
лінше жандандырып, құбылтып пайдалану тенденциясы (бұл 
принципті жалғыз жаққа қатысты емес, өзге тәсілдер тұсында 
да ұстанғанын өз кезінде баяндаймыз), екіншісі – бұл тұлға 
Абайдың көркемдеу талғамына сай, өзі ұнатып жұмсаған 


256
тәсілдердің бірі екендігі. Әсіресе -мақ жұрнақты форманы 
өлеңдерінде -ар жұрнақты етістікпен үндес мағынада қолдануы 
тек өзінің ақындық шеберлігіне, жазушылық мәнеріне тән 
индивидуалдық ерекшелігі деп батыл көрсетеміз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   120   121   122   123   124   125   126   127   ...   180




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет