Р. Сыздык 1-том indd


(-а + ды) формантты көрсетеді: құс ұшады, су ағады, от жа- нады, адам қартаяды, сиыр мөңірейді, түйе боздайды т.б



Pdf көрінісі
бет126/180
Дата19.02.2023
өлшемі1,9 Mb.
#69286
түріБағдарламасы
1   ...   122   123   124   125   126   127   128   129   ...   180
(-а + ды) формантты көрсетеді: құс ұшады, су ағады, от жа-
нады, адам қартаяды, сиыр мөңірейді, түйе боздайды т.б.
198
Екіншіден, субъектінің (бастауыштың) өзіне тән, тұрақты 
іс-әрекетін -ар жұрнақты есімшемен білдіру қазақ тілінде 
мақал-мәтелдерде, нақыл-өсиеттерде молынан кездеседі: «Ат 
айналып қазығын табар, Ер айналып елін табар, Алыс пе-
нен жақынды жүрген білер, ащы менен түщыны татқан білер. 
Ат аяғын тай басар» (мақалдар). Ертеректе айтылған өсиет, 
толғау, шешендік сөздерде де етістіктер көбінесе -ар жұрнақты 
есімше болып келеді, ол есімше барлық кезде де орындалу 
мүмкіндігі бар, потенциалды қимылды білдіреді: «Қошқар 
болар тоқтының мандай жері дөң болар, Адам болар жігіттің 
айтқан сөзі жөн болар»; «Қаса нардың белгісі – шашасын сазға 
малдырмас, қас жүйріктің белгісі – құйрығынан алдырмас, қас 
шешеннің белгісі – топтан торай шалдырмас»
199
С.Сейфуллин 
келтірген «Ұлы жүз Төле би айтты» деген сөз түгелімен -ар 
(-мас) жұрнақты тұлғаға құрылған:
Мақтаншақ жігіт, ұрыншақ ат 
Жиып ерлік қылсаң,
Жаз болса – жарға жығар,
Қыс болса – қарға жығар.
Ондай ерлік аяғы 
Батпақ сазға жығар.
Бастыққа ерген аңқау ер 
Дұспанға оңай алынар.
Қара боп шықса ақ ісі,
Ақ көңіл басы қор болып,
Аңқаулығы сор болып,
Пасықтарға жалынар...
Оралдан қашқан ор түлкі 
Аралап қашса – ит жетпес.
Тегеуріні төрт елі 
Аспаннан түскен жас түлек 
198
Қазіргі қазақ тілі. - Алматы, 1954. - 312-б; Современный казахский язык. - Алма-
Ата, 1962. - С. 338; Қордабаев Т. Қазіргі қазақ тіліндегі етістіктердің шақ категориясы. 
- Алматы, 1953. - 71-75-б. және орта мектепке арналған қазақ тілі грамматикасы 
оқулықтарын қараңыз.
199
Бұл мысалдар Қазақ ССР Ғылым ақадемиясының Орталық кітапханасынын 
қолжазба қорынан алынды.


258
Жерге түссе тек кетпес.
(С. Сейфуллин, VI, 277).
-ар суффиксті етістік – шешендік сөздердің, өсиет-толғау- 
лардың тілдік атрибуттарының бірі тәрізді. Сондықтан кей- 
інгі тарихта аты белгілі ақын-жыраулардың дидактикалық 
мазмұнды толғаулары да көбінесе -ар жұрнақты есімшемен 
келеді. Мысалы, Бұқардың:
Ақсаңнан биік тау болмас,
Баурынан қашқан күзен көрінбес.
Ақшам батып түн болмас.
Ажал етпей жан шықпас...
Қарақойдың терісін 
Сабындап жусаң ағармас...(36) –
дегендерінен бастап:
Қара арғымақ арыса,
Қарға адым жер мұң болар.
Есіл көзден нұр тайса,
Бір көруге зар болар... (39), – 
деп келетін толғауларының көбінде дәстүрлі -ар жұрнақты 
тұлға қолданылған. Мұны жалғыз XVIII ғасырдағы Бұқар
емес, XIX ғасырдың өн бойындағы қазақ ақындарының барлы- 
ғынан дерлік таба аламыз. Бірақ неғұрлым толғау, өсиет, нақыл 
сарыны азая түссе, соғұрлым -ар жұрнақты тұлғаның баяндау-
ыш қызметінде келуі де кеми береді.
Үшіншіден, бұл тұлғаның нормадан шыға бастағанын 
оның өзге грамматикалық дублетімен (-а+ды) қатарласа 
қолданылғандығынан да тануға болады. Мысалы, жоғарғы 
мақалдардың кейбіреулері бірде -ар, бірде -ады тұлғаларымен 
айтыла да береді: «Ат айналып қазығын табады» (С. Сейфул-
лин, VI, 288); «Қоянды қамыс өлтіреді, ерді намыс өлтіреді».
Н.Ф.Катанов жинап бастырған кітапта бір мақалдың екі 
варианты да (-ар тұлғалы және -ады тұлғалы) қатар берілген 
фактілері бар: «Ханның ісі қарашаға да түседі». Басқа редак-
ция: «Ханның ісі қарашаға да түсер» (Катанов, 15). Ал соңғы 
кезде жасалған немесе өзге тілдерден аударылған мақалдар 
көбінесе -ады тұлғасымен берілгенінен соңғы тұлғаның қазір 
де басым норма екенін айқын көреміз. Мысалы, 1957 жылы 


259
шыққан «Қазақтың мақалдары мен мәтелдері» деген кітапта 
араб, ауған тілдерінен кейінгі кезде аударылған мақалдар мен 
замандас ақынымыз Қайып Айнабеков шығарған мақалдар 
берілген. Бұлардың барлығында да етістік -а жұрнақты 
көсемшенің жіктелген түрімен (-ады) жасалған: «Ақылды 
ісіне сенеді, ақымақ түсіне сенеді»; «Кеменің әуеніне қарай 
жел еспейді» (араб мақалдары – 224); «Тауық шақырғанға 
таң атпайды»; «Қылыш тәнді жаралайды, өсек жанды жа-
ралайды» (ауған мақалдары – 225); «Істің жүйесін танымаған 
түйіннің шиесін танымайды»; «Ерінбегеннің еңбегі жанады, 
іркілмегеннің ерлігі артады» (Қ.Айнабековтің мақалдары, 
226-229-б.).
Сөйтіп, XIX ғасырдың өзінде-ақ шаққа қатыссыз, дағдылы 
іс-әрекетті білдіруде екі тұлға қатар қолданылып, оның -ады 
варианты басым бола бастағаны сезіледі.
Абай -ар жұрнақты келер шақ есімше тұлғасының осы 
қызметін кеңінен пайдаланады. Ойшыл ақынның филосо- 
фиялық толғау болып келетін көптеген өлеңдерінде іс-әрекет 
үздіксіз қайталап тұратын, табиғатында сол нәрсеге тән, 
әрдайым болып жататын, яғни белгілі бір уақытпен шек- 
телмейтін қимыл-құбылыс ретінде сөз болады. Ақын осын-
дай шумақтарын -ар жұрнақты етістікпен құрады: «Өлсе өлер 
табиғат, адам өлмес, Ол біраққайтып келіп ойнап-күлмес» 
(I, 178); «Күңгірт көңлім сырласар Сұрғылт тартқан бейуаққа» 
(I, 237); «Құлақтан кіріп, бойды алар Жақсы ән мен тәтті күй» 
(I, 219).
Бірақ мақал, нақыл сөздерде келген -ар тұлғасы мен жоғар- 
ғы Абайдың қолданысындағы бұл тұлғаның грамматикалық 
қызметтері бірдей болғанмен, контекстегі орындары тепе-тең 
емес: Абайдың -ар жұрнақты етістігі бар жолдары әрдайым 
Өлсе өлер табиғат, адам өлмес деген тәрізді афоризм емес, 
көбінесе өзінің көңіл күйінен емесе табиғат құбылысына тән 
іс-әрекет туралы болып келеді: «Қайғылы көңлім қайдағы 
Бұрынғымды жаңғыртар»; «Қайратты алып бойдағы, Басым-
ды қайғы қаңғыртар» (I, 249) дегендегі өз басына тән, дағдылы 
іс-әрекет Қоянды қамыс өлтірер дегендегі жалпылыққа 
қарағанда әлдеқайда нақтылы. Немесе Қараңғы түнде тау 


260
қалғып, Ұйкыға кетер балбырап (II, 93) дегенде ешқандай өсиет, 
нақыл жоқ, картина ғана бар. Ал, керісіншс, нақыл, тұжырым 
ретінде айтылып, мақал типтес берілген сөйлемдерінде (проза-
сында) Абай халық даналығы тіліне тән -ар тұлғасын қаламай, 
екінші вариантты – -ады формасын қолданады: «Адам баласы 
жылап туады, кейіп өледі» (II, 162); «Тегінде, адам баласы адам 
баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озады»
(II, 174); «Адамның адамшылығы істі бастағандығынан 
білінеді» (II, 193); «Көңілдегі көрікті ой ауыздан шыққанда 
өңі қашады» (II, 193); «Адам баласын заман өстіреді»
(II, 193); «Биік мансап – биік жартас: ерінбей еңбектеп жылан 
да шығады, екпіндеп ұшып қыран да шығады» (II, 193) т. б. 
Сірә, бұл таңдаудың себебі де жоқ емес сияқты. Біздіңше, Абай 
өзінің мақал типтес ой топшылауларында өз тұсындағы халық 
тілінде басым нормаға айналып бара жатқан -ады тұлғасын 
әдейі таңдауы да мүмкін немесе «ескі бише отырман бос 
мақалдап» деген программа-принцип ұстанған ақын өзінің жаңа 
мақалдарын «ескі билер» мақалдарынан, шешендіктерінен 
ажыратып, айырып таныту үшін де дәстүрлі -ар -ды алмай, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   122   123   124   125   126   127   128   129   ...   180




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет