Р. Сыздык 1-том indd



Pdf көрінісі
бет174/180
Дата19.02.2023
өлшемі1,9 Mb.
#69286
түріБағдарламасы
1   ...   170   171   172   173   174   175   176   177   ...   180
ды, ұмтылды деп білдірсе, бұл сөздердің поэтикалық бояуы 


370
«талаптың мініп тұлпарын» дегенмен мүлде шендесе алмас 
еді. Алғашқы вариантта тек баяндау бар, образ жоқ, екіншіде 
поэтикалық образ бар. Сол сияқты қуатты, қажырлы, күшті 
деген сөздер мен «қуаты оттай бұрқырап» деген тіркестің 
бейнелілік күші, бояуы бірдей емес.
Поэтикалық жүк арқалауда кез келген тіркес образ жасау 
міндетін көтере бермейді. Мысалы, өмір сүру, өмір кешу де-
гендер де – қалыпты тіркестер, бірақ осылар Абайдың өмір 
тонын кию, өмірдің өріне шығу деген тіркестерінің эмоциялық 
әсеріне, образдылығына теңесе алмайды. Сондықтан Абайдың 
фразеологизмдердің образдылығын дамытқанда, бұрынғы 
дайындарын өлең тіліне енгізе салу емес, жаңаларын жасау, 
бұрынғыларының мағынасын құбылту сияқты қызмет істеді.
Қазақ әдеби тілі образды фразеологияға бұрыннан да өте 
бай болатын. Ғасырлар бойы белгілі бір образды ұғымда 
қалыптасып, бірден-бір мықты құралы болып келді. Мұны 
Абай да берік ұстайды. Аузымен орақ ору, құлын-тайдай 
тебісу, алтыбақан ала ауыз болу, малына шылбыр беру, 
басқа шауып, төске өрлеу, қарағайды талға жалғау, су 
теккісіз жорға тәрізді өте образды фразеологизмдерді Абай 
да еркін пайдаланады. Мұндай дағдылы тіркестерді өзге 
сөздермен және қосақтап, олардың экспрессивтік бояуын тіпті 
қалыңдатып жібереді. Мысалы, іспен емес, құрғақ сөзбен 
көрінетін мылжың, берекесіздің образын беруде аузымен орақ 
орған деген фразаның өзі өте әсерлі, күшті, осыны Абай ау-
зымен орақ орған өңкей қыртың деп үстемелеп, экспрессивтік 
өңін одан әрі аша түседі. Абай мұндай күллі фразаны өзгертіп, 
сөз қосып, сөз алып күшейте бермейді, басым көпшілігін 
өзгертпей, өз мағынасында қолданады. Жаңа перифраздық 
тіркестер жасап, оларды тың образдарға пайдалануды Абай 
жүйеге айналдырды. Тың образды тіркестер ұсыну – Абай 
поэтикасының аса көрнекті, ерекше тұсы. Әсіресе семанти-
касы жағынан бір-бірімен жанаспайтын сөздерді тіркестіріп, 
оларды поэтизмге айналдыруда Абай қазақ көркем тіліне үлкен 
жол ашты. Мысалы, Күйлі, күйсіз бәйгеге Қажыды көңілім көп 
шауып деген жолдарда көңілдің бәйгеге шабуы дегеннің өзі – 
мүлде тың образ, оны тың етіп тұрған – көңіл деген дерексіз 
ұғымның бәйгеге шабу деген нақты қимыл атауымен тіркесуі, 


371
ал сол көңілдің бәйгеге бірде күйлі, бірде күйсіз түсуі – тағы да 
образды метафора.
Жаңа образ жасайтын немесе айтпақ идеяны күшейтетін 
тіркестер құрастыру үшін бір сөзді қазық етіп алу тәсілін Абай 
ұсынды. Бұл – Абайға дейінгі бірде-бір ақын-жырау тілінде 
ұшыраспаған құбылыс. Мысалы, Абай сату етістігін қазық 
етіп, бұрыннан бар сақалын сату, арын сату дегендердің үстіне 
қулық сату, еңбек сату, күлкі сату, кұлағын сату, жүзін сату, 
өз басын сату, жүрегін ұстап сату, сөз сату деген жаңаларын 
қосады. Бұлардың көпшілігі – әсерлі, әсіресе, жағымсыз об-
раз жасайтын тіркестер. Сол сияқгы күйлеу (мақтан күйлеу, 
әуейілік күйлеу, күлкі күйлеу, ойнас күйлеу), сауу (қулық сауу, 
адам сауу, еңбек сауу), бағу (күлкі бағу, ғылым бағу, ел бағу), 
табу (ақыл табу, ақылды болу деген жаңа мағынада, өнер табу, 
ғылым табу) сөздерін қазық етіп жасаған жаңа фразеологизм-
дер тек сонылығымен ғана емес, тың образдылығымен құнды. 
Абай мұндай жаңа тіркестердің семантикалық ұйтқысы етіп 
сөздерді де алады. Мысалы, жеке алғанда сирек кездесетін 
мақтан сөзін 56 рет қолданып мақтанға салыну, мақтанға ор-
наластыру, мақтан күйлеу, мақтан іздеу, мақтан қуу сияқты 
тіркестердің мағыналық тірегі етіп алады.
Абай поэтикасында елеулі орын алатын құбылыстың бірі 
– динамизм көрінісі, яғни белгілі бір стильдік мақсатпен об-
разды етістіктерді жеке де, шоғырлап та жиі қолдану. Бұл 
динамизм көбінесе, көсемшенің -ып/-іп жұрнақты түрімен 
және етістіктің -мақ/-мек жұрнақты тұлғасымен беріледі. 
Оның үстіне бір өлеңнің тұтас бойына немесе оның үлкен бір 
бөлігінде етістік сөздер ұйқас құрап, шоғырымен қатысады. 
Мысалы, «Қартайдық, қайғы ойладық, ұйқы сергек» деп ба-
сталатын өлеңінің 12 шумағының 10-ы -мақ/-мек жұрнақты 
етістік ұйқастармен берілген. Көптеген өлеңдерінде -ып/-іп 
жұрнақты көсемше тұлғасы тұтас ұйқас құрап, бірде қимылдың 
сынын, бірде іс-әрекеттің өзін білдіріп, өлеңдерді нағыз 
«қимылға» толтырған. Айталық, «Жаздыкүн шілде болғанда» 
деген өлеңінде жаз суретін осы кезеңдегі табиғаттың, жан-
жануарлардың, адамдардың іс-әрекеттерін, қимыл-қозға- 
лыстарын бейнелеу арқылы береді. Ақын поэтикалық құрал 
ретінде кейбір морфологиялық тұлғаларды да қолдануға жол 
ашқан. Бұған жағымсыз образ жасауға -сы/-сі жұрнағымен 


372
келген сөздерді (жер тәңірісу, қалжыңбассу) қолдануы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   170   171   172   173   174   175   176   177   ...   180




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет