Р. Сыздык 1-том indd



Pdf көрінісі
бет176/180
Дата19.02.2023
өлшемі1,9 Mb.
#69286
түріБағдарламасы
1   ...   172   173   174   175   176   177   178   179   180
-мақ/-мек жұрнақты тұлғасы («Тоты құс түсті көбелек», 
«Қартайдық, қайғы ойладық, ұйқы сергек» сияқты өлеңдерінің 
ұйқасына назар аударыңыз) болып келеді.
Өлеңнің көптеген шумақтары мен жеке бөліктерінің бір 
ұйқасты (монорифмалық) немесе әртүрлі ұйқасты болып 
келуінің оның композициясы мен ойдың берілу сипатына 
тікелей қатысы бар. Бір ұйқас тәсілі қазақ поэзиясында бұрын 
да қолданылып келген, бірақ ол көбінесе, 7-8 буынды шумақсыз 
жыр өлшемінде қолданылған, ал Абай бұл тәсілді 11 буынды 
4 тармақты өлеңдеріне де енгізген және етістік бір ұйқаспен 
қатар, өзге сөз тұлғаларын да пайдаланған. Бір ұйқасты Абай 
әдейі қалайды, өйткені ол ең алдымен ой тұтастығын жасауға 
көмектеседі.
Өлеңді шумақтарға топтастыруда ұйқас сурет – ең негізгі 
белгі. Абай өлеңдерінде тек 4 тармақты емес, 6 тармақты 
(алтыаяқ), 8 тармақты (сегізаяқ), 14 тармақты, кейде ара-
лас тармақты болып құрылған өлеңдерінде ұйқас негізгі рөл 
атқарады. Сонымен қатар Абайда ұйқас-тирада деп аталатын 
өлең құрылымын жасауға қатысады. Тирада – бір өлеңнің тармақ 
саны әркелкі болып келген бөліктері. Бұндай бөліктердің ара-
жігін айыратын ұйқас болады. Мысалы, ұйқасқан сөздеріне 
қарай «Қайғы шығар ілімнен» деп басталатын өлеңі 7 бөліктен 
тұрады:
1-бөлік 8 тармақты ұйқасатын сөздер: ілімнен, білімнен... 
мінімнен,
2-бөлік 4 тармақты: қайда жоқ, пайда жоқ, 
3-бөлік 10 тармақты: дәулетке, келбетке... әлбетте, 
4-бөлік 12 тармақты: ұлықтап, қызықтап... құрықтап, 
5-бөлік те 12 тармақты: қансаңыз, салсаңыз... ол – қарыз, 
6-бөлік 10 тармақты: бурыл шаш, топтан қаш... өлсең де 
аш, 
соңғы 7-бөлік 4 тармақты: қайда жоқ, пайда жоқ тирада-
лар. 


377
Бұл өлеңнің әр бөлігінде тармақ сандары ғана әркелкі емес, 
ұйқас суреттері де әртүрлі: 8, 10, 12 тармақты бөліктер -а, -а, -б, 
-а, -в, -а, -г, -а, -д, -а болып ұйқасса, 4 тармақты 2 бөлік -а, -б, -в, 
 ұйқасымен келеді. Соңғы ұйқас суреті өте сирек, ол өз алды-
на жеке шумақ не тирада құрастырудан гөрі, тұтастың сынығы 
іспетті. Абайдың бірқатар өлеңі тирада құрылымымен келген. 
Ұйқасына қарай топтасқанда «Ғылым таппай мақтанба» деп 
басталатын өлеңі 2-ақ бөліктен тұрады: біріншісі – 43 тармақты 
бір тирада болса, 2-бөлігі – 34 тармақтан құрылған бір тирада. 
Сол сияқты Абайдың «Бөтен елде бар болса...» деп басталатын 
өлеңі 17 бөлікке бөлінген, 17 тирадағы құрылған шығарма деп 
тануға болады. Мұндағы әр бөліктің жігін айырып тұрған – 
ұйқастырылған сөздер. Әр бөлік тирада болғандықтан, тармақ 
сандары әртүрлі: бірінде көп, бірінде өте аз. Тирадаға құрылған 
өлеңдердің қатарына «Сап, сап, көңлім, сап, көңлім», «Болыс 
болдым, мінекей» т.б. өлеңдері жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   172   173   174   175   176   177   178   179   180




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет