Р. Сыздык 1-том indd


Үндестік бастама, дыбыстық қайталаулар



Pdf көрінісі
бет177/180
Дата19.02.2023
өлшемі1,9 Mb.
#69286
түріБағдарламасы
1   ...   172   173   174   175   176   177   178   179   180
Үндестік бастама, дыбыстық қайталаулар 
(аллитерация мен ассонанс)
Абай өлең құрылысында эвфонияға, яғни дыбыс әуезділігіне, 
үн үйлесіміне қатты назар аударған. Оның (өлеңдерінде бір 
тармақ бойындағы сөздердің біркелкі дыбысталудан басталып 
отыруы жиі кездеседі. Мысалы, «Өз үйіңде өзендей», «Кісі 
алдыңда кірбеңдеп», «Бола қалдың бас асау», «Жайраңдасып 
жас күлер құрбысымен», «Жазға жақсы киінер қыз-келіншек». 
«Әсетке» деген өлеңінің кейбір шумақтарының барлық 
тармағында аллитерация құбылысы бар: «Біреуден біреу ар-
тылса», «Өнер өлшеніп тартылса», «Бұлықсып, бұл да изеп, 
босқа» т.б.
Үндестік бастама көбінесе өлеңнің құлаққа жағымды әуезді 
болуын қамтамасыз етеді. Оның образды айшықталуы, бір 
объектіге (сөзге) көңіл аударту үшін қолданылуы кемде-кем.
Сонымен қатар тармақ ішіндегі аллитерация өлеңді оқуды 
(немесе тыңдауды, айтуды, жаттауды) жеңілдетеді, сөздердің 
бір-бірімен жымдасуына жәрдемдеседі, сол арқылы өлеңнің 
ырғақтық құрылымын түзуге әсер етеді. Өлеңнің өн бойына әр 
тармағының біркелкі дыбыстан басталатын сөздерден тұруы 


378
Абайда өте аз, тек бір ғана «Оспанға» деген өлеңі бастан-аяқ 
бірінші сөзі ж дыбысынан басталатын тұлғалармен келгеңдігі 
мәлім. Ал екі-үш (кейде төрт) тармақты басқы сөздеріндегі 
үндестік бастама баршылық. Мысалы, «Сап, сап, көңлім, 
сап көңлім», «Патша Құдай, сыйындым» деп басталатын 
өлеңдерінің екінші шумағының алғашқы алты тармағы с ды-
бысымен келетін сөздерден басталады. Бірақ Абай бұл тәсілге 
көп бармаған. Мысалы, шенді-шекпен сөзіне үндесу үшін ақын 
өзге мәндес етістіктерді емес, шелтірейтіп сөзін таңдайды
бұл сөздің екінші бір ұтымдылығы – онда мысқылдау реңкі 
бар. Сол сияқты елді алып, Есілді алып дегеннен кейін, ассо-
нанс үшін өзге синонимдерін емесөсіреді сөзін іздеп табады.
Сөйтіп, Абайда ассонансқа қарағанда аллитерация жиі 
кездеседі және оның бір тармақ ішінде қолданылуы жүйелі 
түрде келеді. Бұл құбылыс өлең жасауға қатыстырылатын 
сөздердің алуан түрлерін іздеуге ұйытқы болған, сол арқылы 
поэзия тілін құбылтып байытуға апарған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   172   173   174   175   176   177   178   179   180




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет