Р. Сыздык 1-том indd



Pdf көрінісі
бет170/180
Дата19.02.2023
өлшемі1,9 Mb.
#69286
түріБағдарламасы
1   ...   166   167   168   169   170   171   172   173   ...   180
тақлиди, жәлиб мәнфағат, уафқи музаррат т.б.). Бұл қол- 
даныстар стильдік мақсатты көздеген. Шығыс сөздерін пай-
далануда Абай ұстаған бір бағыт – сол кезде айтылуы мен 
жазылуы жағынан қалыптасып болмаған сөздер қатарының 


362
әрқайсысына дербес мағына телу әдісі. Мысалы, Абай ғашық 
- асық, ғаділет - әділет, харекет -әрекет, хакім - әкім, қайла 
- айла сияқты жарыспалы варианттардың әрбір сыңарын жеке-
жеке мағынада жұмсайды.
Олар өлең техникасының талабын да (мысалы, «Сорлы 
асық сағынса да, сарғайса да» деген жолда ғашық сыңарын
қолданса, өлеңнің буын саны тура келмес еді), мағына саралау 
мақсатын да («Ғаділетті жүректің әділетін бұзыппын»; «Қылып 
жүрген өнері әрекеті – харекет»), стильдік мақсаттарды да (мы-
салы, 38-сөзінде араб сөздерін түпнұсқада жазу: ғадалат, си-
фат, раст, хисап, харіф т.б.) өтейді.
Сөйтіп, Абай шығыс сөздерін қазақ лексикасын байыта-
тын бірден-бір жалғыз және ең басты көз деп есептемесе де, 
қазақ әдеби тілінің лексикалық нормасында бұрыннан еніп, 
қалыптасқан араб-парсы сөздерінің мол қорының болуын 
құптаған, олардың қолданысын құбылтып, поэтикалық тіл 
айналымын қатыстыру, мағыналарын не тарылтып, терминге 
айналдыру (мысалы, насихат, хат, кедей сөздері) не кеңітіп, 
полисемияға – көп мағыналы сөзге айналдыру (мысалы, өнер, 
қызмет, ғылым, харекет, сипат сөздері), олардан синонимдік 
қатар түзіп, семантикалық үстеме реңктер беру (харекет 
- әрекет, ғашық - асық, ғаділет - әділет, заман - замана), 
стильдік мақсатта қолдану принциптерін ұстаған. Абайдың 
араб-парсы сөздерін пайдалануында түркілік жазба әдеби 
дәстүрдің әсері де жоқ емес. Мысалы, бірқыдыру жиі колданы-
лып, өлең текстеріне де енген хикмет, ғибрат, сухбат,һәмише 
сияқты сөздерді немесе 38-, 13-сөздерінде халық тіліне енбеген 
араб сөздерін, кейде тіпті тұтас тіркестерді молынан келтіруі 
түркілік (шағатайлық) нормаға үндеседі. Бұл – Абайдың кітаби 
тіл дәстүріне құбыжық ретінде емес, белгілі бір стильдік құрал 
ретінде қарағанын танытады.
Абай лексикасының келесі қабаты – орыс сөздері. Олар сан 
жағынан араб-парсы қабатынан әлдеқайда кем болғанымен, 
әрі қарайғы орын тебу бағыты жағынан басым түседі. Бұл 
бағытқа себепкер, ең алдымен, қазақ қоғамының сол кезендегі 
және әрі қарай әлеуметтік, саяси, экономикалық күй-қалпы 
болса, екіншіден, қазақтың ұлттық жазба тілінің демократтық 
сипатта дамуы еді. Абай мен Ыбырай орыс тілі элементтерін 
тек жалпыхалықтық сөйлеу тәжірибесінен емес, тікелей орыс 


363
әдеби тілінен алды. Абайдың жалпыхалықтық қолданыстан 
алып пайдаланған сөздерінің көпшілігі әкімшілік, заң, 
шаруашылық салаларына қатысты. Олар: болыс, кандидат, 
ояз, сияз, старшын, майыр, шен, партия, сот, шар, закун, 
закуншік, кателешке, бодан, расход, кір, лапке, барқыт, са-
маурын, пәтер, сома, бақалшік, мәліш (сауда), аршепке, бара-
бан, зауыт, машине. Абайда өзіне дейінгі және өз тұсындағы 
қазақ әдеби үлгілерінде кездеспейтін бір топ орыс сөздері бар. 
Олар: адвокат, доктор, губернатор, начальник, визит, мона-
стырь, ладан, штык, картечь, такт, номер, химия, трагедия, 
единица, ноль, образование, назначение, посредник, жеребе, 
прошение, дознание, прямота, икра, фабрик, электр, румке, 
стакан, счет деген зат есімдер мен уездный, военный, здра-
вомыслящий, уголовный, самородный (сары алтын), виноват 
деген сын есімдер және гуляйттау, пошел, занимайся деген 
етістіктер. Бұлар қолданылу мақсаты, тексте кездесу жиілігі 
жағынан біркелкі емес: басым тобы (адвокат, визит, мона-
стырь, ладан, картечь, химия, трагедия, фабрик, электр т.б.) 
– қазақша сөздермен беру мүмкіншілігі жоқ болғандықтан 
пайдаланылғандар, енді бір шағын тобы (образование, назна-
чение, дознание, посредник, прошение) – қазақша баламасы 
бола тұрса да, осы ұғымдардың орысша «иісін» сақтау үшін 
стильдік мақсатпен әдейі қолданылғандар. Ал здравомыс-
лящий, коренной, оязной, счет деген орысша тұлғадағы сын 
есімдер мен занимайся прямотой тәрізді тіркесінің қолданысы 
да стильдік мақсат көздейді. Бұл сөздер Абайдың орысша оқып 
жүрген шәкірттерге арналған өлеңінде жұмсалған. Пошел, гу-
ляттау, білетке сияқты сатиралық бояуы бар осы сөздерін 
Абай образ үшін қолданған. Орыс тілі элементтерінің тағы бір 
өте шағын тобы – штамп қыстырмалар. Арабша тұтас сөйлем 
тіркестерді қолданғаны сияқты, Абай прозасынын тілінде 
бірді-екілі орысша күрделі атауды сол күйінде келтіреді. Олар: 
подвижный элемент, сила притягательного, однородного, 
впечатлительность сердца. Бұл ақын шығармаларын жазу 
үстінде орыс тіліндегі әдебиетті пайдаланғандығын таныта-
ды және бұларды аудармай алуының себептері: біріншіден, 
қазақша философиялық ғылыми терминдердің оларды жасау 
тәжірибесінің ол кезде жоқтығы, екіншіден, осы ұғымдарды 
бұрмаламай, шатастырмай атау ниетінің болуы ұғымның ата-


364
уын орыс тілінде ала отырып, әрі қарай осы ұғымның мәнісін 
қазақшалап түсіндіреді. Бұл – қазақ әдеби тілінде бұрын-соңды 
болмаған соны тәсіл, Абай қолтаңбасы. Орыс тілі арқылы 
интернационалдық сөздерді ішінара қабылдау принципінің 
алғашқы нышандары Абайдан басталған. Мысалы, такт, 
трагедия, элемент, визит, химия тәрізді атаулармен қатар сол 
тұстағы қазақтың әдеби тілінде орын ала бастаған партия, 
кандидат, губернатор, генерал, доктор, фабрика, электр, 
миллион сияқты халықаралық қор элементтерін қолдануды 
Абай батыл қостаған. Бұларды пайдаланудың мотивтері мен 
орындарын кеңейткен. Сөйтіп, Абай лексикасындағы орыс 
сөздерінің қолданысы – қазақтың жаңа жазба тілінің даму ба-
рысында орын тепкен бағыттардың бірі. Бұл бағытты ұстап, әрі 
қарай жылжытуда Абайдың көздеген мақсаттары мен ұстаған 
принциптері мынадай: 1) орыс сөздерін өз тұсындағы қазақ 
қоғамының саяси, әлеуметтік, экономикалық және мәдени 
өміріне енген жаңа құбылыстарды, заттарды, ұғымдарды ай-
ырып атау мақсатымен қабылдау; 2) әзірге қазақ қауымына 
бейтаныс болса да, аударуға болмайтын ұғым, зат, құбылыс 
атауларын орыс тіліндегі түрінде беру; 3) орыс сөздерін образ 
жасау, әңгіме барысын белгілі бір оқырманға бағыштау сияқты 
стильдік мақсатта пайдалану. Бұл мотив, принциптер де – жаңа 
жазба әдеби тіл дамуында Абай қаламына ғана тән жатсынбай 
қабылданған соны құбылыстар.
Әдеб.: Жанпейісов Е. А.Құнанбаев пен М.Әуезов тіліндегі 
стильдік кейбір ортақ өрнектер // ҚазССР ҒА Хабаршысы. 
- 1962. - № 1; Өмірәлиев Қ. Абай шығармаларындағы кейбір 
тілдік ерекшеліктер // Ученые записки Гурьевского педин-
ститута. - Серия историко-филологическая. - Уральск, 1962. -
Вып. 2.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   166   167   168   169   170   171   172   173   ...   180




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет