Р. Сыздык 1-том indd



Pdf көрінісі
бет9/180
Дата19.02.2023
өлшемі1,9 Mb.
#69286
түріБағдарламасы
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   180
 Мұқанов С. Жарқын жұлдыздар. - Алматы, 1964. - 277-278-б.
16
 Жұмалиев Қ. XVIII-XIX ғасырлардағы қазақ әдебиеті. - Алматы, 1967. - 85-б.
17
Кенесбаев С. Абай – основоположник казахского литературного языка // 
Советский Казахстан. - 1955. - № 9. - 125-б.
18
Аманжолов С. Қазақтың әдеби тілі. - Алматы, 1949. - 9-б.


24
Абайға дейінгі бір жарым-екі (сірә, одан да көбірек) ғасырлық 
қазақ әдебиеті уәкілдерінің кейбіреулерінің тілін жазба әдеби 
тіл элементтері бар үлгілер деп те табады. Мысалы, акад. 
І.Кеңесбаев: «Таким образом, до Абая имелись зачатки казах-
ского литературного языка, которые нашли свое проявление... 
в трудах отдельных писателей зарождающейся письменной 
литературы (Махамбета Утемисова, И.Алтынсарина)»
19
, – деп 
жазады. Демек, Махамбетте жазба әдеби тіл элементтері бол-
са, Шерниязда, Дулатта, Шортанбайда т.б. неге болмайды? 
«Ауыз әдебиеті дәстүрлерімен әлі де тығыз байланысты XVIII-
XIX ғасырлардағы қазақ ақындарының творчествосында жаз-
ба әдебиет элементтері пайда бола бастайды» деген пікірді 
Ы.Дүйсенбаев та ашып айтады
20
. Бірақ бірде-бір зерттеуші 
бұларды таза жазба әдеби тіл өкілдері деп атамайды: «бұларда 
жазба әдебиеттің нышандары, элементтері болды» деп қана 
өтеді.
Сөйтіп, зерттеушілердің көпшілігі Абайдың алдында поззия 
жанрындағы қазақ көркем әдебиет дәстүрі болғанын мойын-
дайды. Және бұл дәстүрді Абай көрмей, одан өз қажетін алмай 
өтпегенін де айтады. Абай творчествосын арнайы зерттеуші 
С. Мұқанов Абайдың қазақтың ауыз әдебиеті үлгілерін, өзіне 
дейінгі және өзімен замандас ақындар шығармаларын жақсы 
білгендігін айта келіп: «Абайға жалпы қазақ поэзиясының игі 
ықпалы болғандығын жоққа шығара алмаймыз»
21
, – дейді.
Демек, Абайдың алдында қазақ әдеби тіл дәстүрі болды. 
Ол дәстүр негізінен көркем әдебиет саласында, оның ішінде 
поэзия жанрында дамыды. Негізі – қазақтың жалпыхалықтық 
сөйлеу тілінің нормалары болды. Бұл әдеби тіл дәстүрі басын 
ауыз әдебиетінен алып, онымен жарыса, жапсарласа отырып 
дамыған. Соңғы кездердегі іздену-зерттеулерге қарағанда, 
XV ғасырдан, қазақ халқының этникалық тұтастық болып 
құрылған кезінен басталған қазақ әдебиеті келесі ғасырлар 
бойына үзілмей келгенін байқаймыз. Әрине, тілдік талдауларда 
19
Кеңесбаев I. Абай – основоположник казахского литературного языка // 
Советский Казахстан. - 1955. - № 9. - 125-б.
20
Дюсенбаев И. Т. Проблемы изучения истории казахской литературы 
дореволюционного периода. Автореф. докт. дисс. - Алма-Ата, 1966. - 9-б.
21
Мұқанов С. Жарқын жұлдыздар. - 286-б.


25
XV ғасырдағы Қазтуған жыраудан, Асанқайғыдан, бері қарай 
Доспамбет, Шалкиіз, Марқасқа, Жиембеттерден (XVI ғасыр), 
XVII-XVIII ғасырларда өмір сүрген деп тапқан Ақтамберді, 
Тәтіқара, Үмбетей, Көтеш, Бұқар, Шалдардан
22
қалған деп 
танитын мұралар бізді үлкен бір қиындыққа душар етеді. 
Ол – бұл мұралардың ұрпақтан ұрпаққа, ғасырдан ғасырға 
көбінесе ауызша жеткендігінен тілдік құрылысы да бірте-бірте 
өзгеріп, сол хатқа түскен (ең әрісі XIX ғасырда)
23
кездегі түрге 
келгендігі. Тіпті өлеңнің мазмұны, идеясы сақталған күнде 
де, ішіндегі кейбір көне сөздер кейінгі ұрпақтарға түсінікті 
жаңа сөздермен, кейбір көне грамматикалық тұлға-тәсілдер 
кейінгілерімен ауыстырылып отырғаны даусыз. Сондықтан 
қазіргі Қазтуғандікі деп талдап жүрген толғау текстері тілі 
жағынан XV ғасырда дәл осындай болды деу өте қиын. Оның 
үстіне кейбір шығармалардың авторы кім екендігінің өзі 
күмәнді. Бір ғана мысал келтірейік. Зерттеуші М. Мағауин 
XV ғасырдың соңы мен XVI ғасырдың 60-жылдарына дейін 
жасаған Шалкиіз жыраудың шығармасы деп мына тексті 
келтіреді:
Еділден шыққан сызашық
Біз көргенде, тебінгіге жетер-жетпес су еді,
Телегейдей сайқалтып,
Жарқыраған беренді
Теңіз етсе, Тәңір етті!
Жарасына қыршын біткен тал еді,
Жапырағын жайқалтып,
Терек етсе, Тәңір етті!
Тебінгінің астынан 
Ала балта суырысып,
Тепсінісіп келгенде,
Тең атаның ұлы едің,
Дәрежеңді артық етсе, Тәңір етті
24
.
22


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   180




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет