Абай прозасында төл сөздің қолданылуы
Басқа біреудің сөзін келтіріп сөйлем құрау – синтаксистік
көне тәсілдердің бірі. Бірақ оның оформлениесінің әр
кезеңде әртүрлі болғанын көреміз. Төл сөздің осы күнгі қазақ
әдеби тіліндегі берілу нормасы – ауызекі тілден де, ауыз
әдебиеті тіліндегіден де, тіпті XX ғасырдың 15-20-жылдары-
на дейінгі жазу үлгілеріндегіден де ерекшеленіп, белгілі бір
тәртіпке түскен. Қазір төл сөз бен автор сөзін дәнекерлеуші
элементтердің (verba disendi – сөйлеу етістіктері – де, айт,
сөйле т.т.) де белгілі бір орында тұруы және белгілі бір тұлғада
тұруы соңғы кездерде қалыптасып тұрақталған. Ауызекі
сөйлеу нормасында төл сөз автор сөзінің көбінесе ортасын-
да келеді, яғни әуелі сол сөзді кімнің және неге байланысты
айтқандығын автор өз сөзімен білдіреді де содан кейін төл
сөзді келтіреді, одан соң тағы да айтты, деді, деп, дейді деген
өз сөзін қайталайды. Ауызекі тілдің бұл тәртібі ауыз әдебиеті
үлгілерінің қара сөз бөліктерінде бұлжытпай берілген: «Төлеген
айтты:«Жазғытұры барамын», – деді» («Қыз Жібек», 1957.
37); «Тарғын айтты: «Нахақтан өзжұртымды жылатуға
шариғат қоспады», – деді» («Ер Тарғын», 1898); «Қамбар ой-
лайды: «Мені жарлы деп шақырмады, мен сол қолға барып,
құлан, киік атып қайтайыншы», – дейді» («Қамбар», 1957. 12).
313
Төл сөздің бұл тәртіппен берілуінде қайталап келетін сөйлеу
етістігінің бірі айт, сөйле, ойла сияқты етістік болса, екіншісі –
де дәнекері. Олардың екеуі де ашық райда тұрады.
Осы күнгі дұрыс әдеби нормада да төл сөзді автор сөзімен
байланыстыруда сөйлеу етістігінің екеуі де қолданылғанда,
де дәнекері көсемше тұлғасында (деп) келіп, екінші сөйлеу
етістігімен қатар орналасады (деп айтты, деп ойлады т.т.)
және бұлар көбінесе төл сөзден кейін тұрады: «Абай Асыл-
байдан: – Далада не хабар бар? – деп сұрады» (М. Әуезов,
«Абай»). Немесе қазіргі норма бойынша де дәнекері ашық рай-
да қолданылады да сөйлеу етістігі айтылмайды
249
.
– Асан үйінде екен, – деді біреу жүгіріп кеп (С.Мұқанов,
«Ботакөз»). Осы конструкцияны мынадай түрде құрсақ: «Біреу
жүгіріп келіп айтты:– Асан үйінде екен, – деді», бұл тәртіп
ауызекі сөйлеу тілінің немесе ауыз әдебиетінің үлгісі болып
сезілер еді.
Ауызекі тілде айту, ойлау, сөйлеу тәрізді сөздерді төл сөзден
бұрын констатациялау (Төлеген айтты:...) сөйлеушінің айтай-
ын дегенін айқынырақ жеткізу мақсатынан туған, яғни ол енді
төл сөз келтіретіндігіне тыңдаушының назарын аударып ала-
ды. Ал төл сөзден кейін тағы да қайталап деді-ні келтіруі түркі
тілдерінің синтаксистік нормасына бағыну болады. Мұнда
сөйлем баяндау етістігімен аяқталуы шарт.
Төл сөзді конструкцияның екінші түрі – деп айтты, деп
ойлады, деп сұрады тәрізді екі сөйлеу етістігінің бірі (де)
көсемше тұлғасына қойылып, дәнекер ретінде айтылуы. Бірақ
мұның өзін де екі түрлі етіп пайдалану тәртібі бар: бірі – екі
етістікті екі жаққа бөліп, негізгісін төл сөзден бұрын беру,
сөйтіп, жалпы конструкцияны деп-ке аяқтау. Бұл – жоғарыда
талдаған компоненттері «төңкеріліп» жүрген сөйлемдер. Бұл
тәсіл ауызекі сөйлеу тілінің, одан бері бізге дейінгі жазба
әдеби тілдің, оның ішінде Абай тілінің де нормасы болғанын
ілгеріде айтып өттік. Екіншісі – екеуін қатар (деп сұрады, деп
ойлады) сөйлем соңында қолдану. Бұл – қазіргі әдеби тіліміз-
дің нормасы.
249
Әрине, қазіргі төл сөзді берудің тәртібі осы екі-ақ түрлі емес екендігі белгілі.
Осы күнгі әдеби норма ретінде қалыптасқан, оның ішінде орыс синтаксисінің әсерінен
пайда болған немесе белгілі бір жанрға байланысты орныққан басқа да түрлі тәсілдерді
бұл жерде сөз етудің қажеті жоқ.
314
Абай прозасында осы айтылған үш конструкцияның үшеуі
де бар. Деп-ке аяқталатын түрлерін көрсеттік. Ал екі сөйлеу
етістігінің екеуін де ашық райда төл сөздің екі жағынан келтіру
тәсілін де Абай пайдаланған: «Аристодим айтты: – Ол менің
қамымды жейтұғынын мен қайдан білем, – деді» (II, 183).; «Ол
Достарыңызбен бөлісу: |