Р. Сыздык 1-том indd


СОңғы СӨЗ Жазушының тілі бар да, мәнері 250



Pdf көрінісі
бет152/180
Дата19.02.2023
өлшемі1,9 Mb.
#69286
түріБағдарламасы
1   ...   148   149   150   151   152   153   154   155   ...   180
СОңғы СӨЗ
Жазушының тілі бар да, мәнері
250 
немесе стилі бар. Мәнер 
(слог) немесе стиль – жазушының өзіне тән баяндау сипаты
251

ол – жазушы творчествосының мазмұнына лайық таңдап алған 
тәсілдері, яғни жазушы мәнері – жазушының тұтас тұлғасы,
өзі, өз басы. Жазушының тілі
252
дегенге келсек, ол – қаламгер- 
дің жалпыға ортақ тіл қазынасынан алып, көпшілікше қолдан- 
ған, көптеген жазушыға тән сөздік байлық пен грамматика- 
лық тұлға-тәсілдер, орысша айтқанда первоэлемент, яғни жа-
зушы тілінің сүйегі.
Біздің бұл кітапта қарағанымыз – Абайдың мәнері емес, тілі, 
дәлдеңкіреп айтсақ, біз бұл талдауларымызда ұлы ақынның
поэзия тіліндегі көркемдеу шеберлігін, өзі сүйіп жиі қолданған, 
яғни «абайлығы» көрініп тұрған элемент-тәсілдерді объект 
еткен жоқпыз. Тегі, жеке жазушының тілін талдауда көбіне-
көп мәнерін объект ету жиі кездеседі. Ол заңды да. Өйткені 
кез келген қаламгер тілін жоғарыдағы терминімізге сай «тіл» 
ретінде қарастыруға мүмкін де бола бермейді. Ал Абайдың 
мұндай правоға «қолы жетуінің» себебі бар. Ең әуелі, Абай 
тілін «тілдік» тұрғыдан, яғни лексиқология мен грамматика 
схемасына сай түрде талдау – қазіргі жазба әдеби тіліміздің 
белгілі бір кезеңін танып білуге көмектеседі. Өйткені Абай 
– сол кезеңнің бастаушысы. Абайдың правосы да – осы жер-
де. Абай тілінің лексикалық, грамматикалық сипатын таны-
майынша, Абай тұсындағы әдеби тіліміздің «лингвистикалық 
регистрациясын» жасай алмаймыз. Және, керісінше, Абай 
тілінің «тілдік» жағын тану үшін Абайға дейінгі, әсіресе Абай 
тұсындағы әдеби тілді зерттеп тану – қазір аксиомаға айналған 
250
Бұл терминді біз орыс лингвистикасында В.Г.Белинскийден бастап, Я.К.Грот, 
А.И.Ефимов т.б. дейін қолданған слог писателя дегеннің баламасы ретінде алып 
отырмыз. Өйткені стиль деген сөздің жалпы тілге қатысты мағынасын (мысалы, 
публицистикалық стиль, көркем әдебиет стилі т.т. дегендегі тәрізді) өзіне қалдырып, 
жазушының өзіне тән, өзі қалап, таңдап қолданған тәсілдері, сөз саптау мәнері 
деген мағынаны өзге сөзбен атау қажеттігі қазақ филологиясында да күшті сезіледі. 
Сондықтан жазушының стилі дегеннен гөрі мәнері деп ажыратып атағанды жөн 
көреміз.
251
Грот Я.К. Филологические разыскания. - СПб., 1899. - С. 74.
252
 Қазақ филологиясында, әдетте, жазушының тілі деген терминге екі ұғымды 
(тілі және мәнері) қосақтап сыйғызып жүрміз. Тіпті, көбінесе, пәлен жазушының тілі 
дегенде оның стилін, дәлірек айтсақ, ерекшеліктерін ұғынатын жайымыз бар.


318
принцип-тәсіл. «Лингвистическое изучение литературных 
произведений немыслимо вне контекста языка его времени. 
Индивидуальные новообразования и своеобразие как морфо-
логического и синтаксического, так и лексико-фразеологиче-
ского характера будут анализироваться, осмысляться с точ-
ки зрения литературно языковой нормы данного времени»
253

Сөйтіп, Абай тілін лексика-грамматикалық жағынан сипаттай 
отырып, XIX ғасырдың II жартысындағы қазақ жазба әдеби 
тілінің күй-жайынан біраз мағлұмат беруіміз қажет, неме-
се, керісінше, өткен ғасырдың соңғы жарымындағы әдеби 
тіліміздің тарихын баяндай қалсақ, Абай тәрізді алып қаламгер 
тілін қоса, оны бас объект етіп талдауға мәжбүр боламыз. Ал 
біз Абай тілін алдық та оны тілдік аспектіден талдай отырып, 
хал-хадарымызша қазіргі әдеби тіліміздің басталар тұсындағы 
лексика-грамматикалық сипатын көрсетугс күш салдық. 
Әрине, Абай тілі мен XIX ғасырдың II жартысындағы қазақ 
әдеби тілі тепе-тең, бірін білдірсек, екіншісі өзінен-өзі таныла-
ды деген тұрпайы ұғымнан әсте аулақ болуды ескертпесек те 
болар. Сондықтан оқушы жұртшылық біздің бұл еңбегімізде 
қазақ тіл мәдениетінің жарты ғасырлық тарихы мен жай-күйі 
толық, түгел, жан-жақты қамтылмапты, айтылмапты, көп 
мәселесі шешілмепті деп кінә қоймас дейміз.
Сірә, қазіргі жазба әдеби тіліміздің іргетасы қаланар тұсын- 
дағы лексикалық қабатын зерттегенде, ең алдымен көрінетін 
басты сипат – ол қазақтың жалпыхалықтық тілінің сөздік 
байлығы – қазақтың жаңа жазба әдеби тілінің негізі екендігі. 
Яғни сан жағынан да, даму тенденциясы жағынан да, әдеби 
айналымға түсуі жағынан да қазақтың жалпыхалықтық 
(ұлттық) төл (өз) сөздері бірінші, басты қабат болып танылады. 
Абай тілі де осыны дәлелдейді. Ал қазақтың төл сөздерін Абай 
қалайша шебер пайдаланып, көркемдеу элементіне айналдыр-
ды деген мәселе – өз алдына бөлек әңгіме.
Абай мен оның тұсындағы қазақ әдеби тілі лексикасының 
өзге қабаттарынан (генетикалық жағынан) араб-парсы 
сөздерімен орыс сөздері назар аударады. Әдетте бізде «Араб-
парсы тілдерінен қазақ тіліне сөз ауысу Октябрь революция-
сына дейін-ақ тоқталған болатын» деген тұжырым орын алып 
253


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   148   149   150   151   152   153   154   155   ...   180




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет