Р. Т. Айтбай, Ә.Қ. Қасымова, А. О. Ешмұқамбетов



Pdf көрінісі
бет19/105
Дата10.11.2022
өлшемі4,4 Mb.
#49244
түріОқулық
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   105
Негізгі ұғымдар:
феодалдық саты, 
вассал, шаруалардың 
міндеткерліктері, 
феодалдық қырқысулар.
Еуропадағы фео-
далдық бытыраң-
қылықтың белгілері
§6. ФЕОДАЛДЫҚ ҚОҒАМНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК ҚҰРЫЛЫМЫ
Бүгінгі сабағымызда феодалдық саты, феодалдық қоғамның әлеуметтік 
құрылымымен танысамыз. Үстемдік етушілер мен бағыныштылардың 
(феодалдар мен шаруалардың) өзара қатынасын анықтаймыз.
Феодалдық саты. Феодалдық құрылыс-
тың тағы бір ерекшелігі – феодалдар атақ-
лауа зымы бойынша бірнеше сатыға бөлінді. 
Ол бөліну тарихта 
феодалдық саты деп 
аталды. Ең жоғарғы сатыда басты феодал – 
король тұрды. Ол жоғарғы сот және әскердің 
қолбасшысы міндеттерін де атқарды. Келесі сатыда корольдің бағы-
ныштылары 
герцогтер мен графтар тұрды. Герцогтер мен графтардың 
қол астына жүздеген елді мекендер қарады. Олардың билігінде үлкен 
әскер жасағы болды. 
Графтардан кейінгі сатыда олардың бағыныштылары – 
барондар мен 
виконттар тұрды. Олар жиырма-отыз елді мекенді басқарып, сол шағын 
әскер бөлімін жасақтауға мүмкіндік алды. Барондар ұсақ феодалдар- 
дың – 
рыцарьлардың (салт атты әскер) мырзасы еді. Ал рыцарьлар әлі 
рыцарь атағын ала қоймаған қатардағы жауынгерлердің мырзасы атанды. 
Мырзалардың бір-біріне сатылы бағы ныштылығы әр елде әртүрлі 
болды. Мысалы, Германияда феодалдық сатыдағылардың бәрі өздерін 
төменнен жоғары қарай корольге бағыныштымыз деп есептеді. Ал Фран- 
*
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217


29
цияда «менің бағыныштымның бағыныш-
тысы маған бағынышты емес» деген қағи-
даны ұстанды. Бірақ барлық елдердегі 
феодалдық сатыға ортақ тәртіптер де бол-
ды. Соғыс уақытында әр феодалдың қару-
жарағымен өз мырзасына барып сапқа 
тұруға міндетті болды. 
Мырза мен 
бағынышты феодал (вас-
сал) арасында келісімшарт жасалатын. 
Вассал мырзаның алдында тізерлеп тұрып, 
адал қызмет етуге ант беретін. Мырза 
өзіне бағынышты феодалға қамқорлық жа-
сап, қолдау көрсетуге уәде ететін. Уәдесін 
бағыныштыға бір уыс топырақ пен ағаш 
бұта ғын тапсырумен бекітті. Бұл келісімдер 
ауызша, сөз жүзінде жасалғандықтан 
жиі-жиі бұзыла беретін. Бағыныштылар бір-бірінің мырзаларының 
иеліктеріне шабуыл жасап тұрды. 
Шаруалар феодалдық сатыға кірмеді. Оған тек фео далдар ғана 
кірді. Шаруалардың міндеті феодалдарды азық-түлік, киім-кешекпен 
қамтамасыз ету болды. 
Батыс Еуропада ІХ–Х ғасырларда жер ие ле нушілер меншігіндегі 
жер мөлшері, тәуелді адам дары мен әскери қызметкерлерінің саны бо-
йын ша жікке бөлінді. Сөйтіп, феодалдардың бір-бірі не бағыныштылық 
жүйесі құрылды. Феодалдық саты деп аталатын бұл жүйе фео дал дық 
қатынастарды ны ғайту мақсатына қыз мет етті. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   105




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет