?
?!
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217
*
5. Бейнелеу өнерінің аса зор жетістігі
а) кітап миниатюрасы
б) витраждар жасау
ә) шіркеулерді безендіру
в) портрет салу
1. Әдеби шығармалардың қайсысы Францияға қатысты екенін көрсетіңдер.
І. «Ролланд туралы жыр»
ІІ. «Робин Гуд»
ІІІ. «Игорь жорығы туралы жыр»
ІV. «Түлкі туралы роман»
V. «Утопия»
2. Кестені толтырыңдар. Романдық және готикалық үлгінің ерекшеліктерін
көрсетіңдер.
Стиль
Архитектура
Мүсін өнері
Бейнелеу өнері
романдық
готикалық
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217
39
§8. ИСЛАМ ДІНІНІҢ ПАЙДА БОЛУЫ. АРАБ ХАЛИФАТЫ
Негізгі ұғымдар:
Мұхаммед (с.ғ.с.)
пайғамбар, хижра,
үшір, иқта, халиф,
әмір, Араб халифа-
ты.
ИСЛАМ ТАРИХЫ
Ү ш i н ш i
т а р а у
Араб
теңгелерi
Бүгінгі сабағымызда ислам дінінің пайда болуымен, араб халифатының
құрылуымен танысамыз. 610–1258 жылдар аралығында қандай басты
оқиғалар орын алғанын білетін боламыз. Ислам дінінің күні бүгінге дейінгі
өміршеңдігін айқындаймыз.
Ислам дінінің пайда болуы. Ислам діні
Арабия түбегінде пайда болды. VІ ғасырда
арабтар көшпелі малшаруашылығымен және
егіншілікпен айналысты. Көшпелілерді
бедуин-
дер деп атады. Малдан жылқы, қой, ешкі, түйе
өсірілетін. Тайпалар руларға бөлінді. Тайпа бас-
шысы –
шейх, ал ру басы саид деп аталды.
Қызыл теңіздің жағалауында Византиядан Африкаға және Үндістанға
баратын сауда жолдары болды. Осы жолдардың бойында арабтардың сау-
да тұрақтары орналасты. Оның ірісі Мекке қаласы еді. Көпестер көрші
елдерге жылына бірнеше рет үлкен керуендер жіберіп отырды. Меккенің
орталық алаңында Қағба, оның төрінде қасиетті «қара тас» тұрды. Ал
айналасында араб тайпалары Құдайларының мүсіндері
қойылған еді. Әр тайпа өз Құдайына құлшылық етті. Бұл
арабтар арасында алауыздықты күшейте түсті.
Араб тайпаларының бірігуіне жаңа дін – ислам діні
жәрдемін тигізді.
Ислам дінінің негізін қалаушы – Мек-
ке қаласынан шыққан
Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбар. Ол
570–632 жылдары өмір сүрген.
Мұхаммед бір ғана құдіретті Алладан басқа Құдай жоқ
деп пайымдады, ал өзін «
Құдайдың елшісі – пайғамбар-
мын» деп атады. Ол 610 жылдан бастап арабтардың өзара
жауласуын қойып, бір дінді қабылдап, ислам дініне енуін
уағыздады.
Мұхаммедтің діни уағыздарына қарсы болған Мекке
қаласының билеушілері қасиетті Қағбаны басып алып,
пайғамбардың қаладан кетуін талап етті. Мекке қаласында
өзіне қолдау таппағаннан кейін, Мұхаммед пайғамбар 622
жылы Арабияның екінші қаласы Ясрибке (қазіргі Медине)
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217
40
барып паналауға мәжбүр болады. Мұсылмандардың тарихында осы
жыл
«хижра» (қоныс аудару) мұсылмандық жыл санаудың басы болып
есептеледі. Ясриб қаласы бұдан кейін
«пайғамбар қаласы» «Медине»
деп аталды. Сол жерде Медине халқынан қолдау тауып, Меккеге қарсы
жорыққа дайындалады. Осы жорықта жеңіске жеткен Мұхаммед Меккені
ислам дінінің орталығы деп жариялайды. Қағба әрбір мұсылман жылына
бір рет барып, Алла алдында өз парызын өтеуге тиісті қасиетті орынға
айналады.
630 жылы араб тайпаларының көпшілігі ислам дінін қабылдап,
Мұхаммед билігін мойындады. Халықтың көбі Меккені ислам дінінің
орталығы деп таныды.
Қағба тасы тұрған жер исламның қасиетті
орнына айналды. Сауд Арабиясы еліндегі ислам дінінің орталы-
ғы Мекке қаласына барып қайтқандар «
қажы» атанады. Ислам деген сөз
Құдайға бағыну дегенді білдіреді.
Мұсылмандардың қасиетті кітабы –
Құран (арабшадан аударғанда «оқу» деген сөз).
VII–IX ғасырларда арабтардың жаулап алуы
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217
41
Исламның бес негізгі парызы бар: 1) Аллаға иман келтіру; 2) бес
мезгіл намаз оқу; 3) ораза ұстау; 4) зекет беру; 5) Меккеге қажылыққа
бару.
Мекке қаласын бағындырған Мұхаммед тек ислам дінін уағыздап
қоймай, мемлекеттің саяси билігін өз қолына алды. Елдің билігі қасиетті
Құран шариғаттары арқылы жүргізілді. Мысалы, қолға түскен ұрының
қолы немесе саусағы кесілді.
Жер мемлекеттік меншік саналып, Аллаға адал қызмет атқарған
адамдарға беріліп отырды. Жер алғаны үшін оның иесі «үшір» (ушур)
салығын төлеуге міндетті еді. Малшылар да белгілі мөлшерде салық
төледі. Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбардың билігімен өз мемлекетіне адал
қызмет атқарғандарға берілген жер
иқта деп аталды. Мұхаммед (с.ғ.с.)
Арабия түбегін түгелдей бағындырып, Ислам мемлекетін құрды.
Пайғамбар қайтыс болғаннан кейін, оның ізбасарларына
халиф
(пайғамбар ісін жалғастырушы, жолын қуушы деген мағынаны білдіреді)
деген атақ берілді.
Араб халифатын Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбардың
серіктері Әбу Бәкір, Омар, Осман, Әли басқарды.
Омардың кезінде арабтар 640 жылы Сирияны, Палестинаны, ал
640–642 жылдары Мысырды, одан әрі Солтүстік Африканың батысын,
634–651 жылдары Иранды толығымен өздеріне бағындырды. Омар
халиф Иерусалимде әл-Ақса мешітін салдырды. Бір кездегі қуатты
сасанидтік Иран өмір сүруін тоқтатты. Шығыста Араб халифаты
Орталық Азия жерін жаулап, Мерв (Мары) қаласы халифаттың
орталығына айналды. Сөйтіп, Үндістаннан Атлант мұхиты жағалауына
дейінгі жер Араб халифаты мемлекетіне бағындырылды. Араб әскерінің
ерекшелігі сол, олар негізінен ерікті адамдардан құрылды. Мықты
атты әскер жасақталды. VIII ғасырдың басына дейін арабтар жаулап
алған жерлерінде жергілікті тәртіптерді қалдырып, христиандардың,
иудейлердің, зороастрийліктердің діндеріне төзімділік көрсетіп,
тиіспеді. Мұндай саясат арабтардың жеңіске жетуіне мүмкіндік берді.
Достарыңызбен бөлісу: |