30
қамын ойлады. Әрине, феодалдардың арасында қулары
мен сұмдары да болды. Бірақ елді еңбекқор, іскер фео-
далдар көркейтті.
Феодалдар тек шаруашылықты ұйым дастырушы
ғана емес, әскер басшылары да болды. Әскери іспен
айналысатын феодалдар Х ғасырдың аяғынан бастап
рыцарьлар деп аталды. Рыцарь болу үшін үміткердің
жер үлесі, яғни «феоды» болу керек еді. Себебі ол жер
үлесінен түсіп жатқан
табысының есебінен әскерді
қажетті ат, ер-тұрман, қару-жа рақпен өзі қамтамасыз
етуі керек болатын.
Рыцарьлардың басты кәсібі – соғыс. Сондықтан
олардың барлық өмір
салты соғыс талаптары мен
тәртіптеріне бағындырылды. Олар әскери жаттығулар
жасады, әртүрлі сайыстар өткізіп тұрды. Бос уақытында
фео далдар аң аулаумен айналыс ты. Рыцарьлар әрі мер-
ген, әрі балуан болуы тиіс делінді.
Рыцарьлардың мінез-құлық ережелері мен міндеттері олардың кодексінде
(ережелер, көзқарастар, тәртіптер жинағы) тұжырымдалды.
Ол бойынша рыцарьлар өз мырзасына
адал болуға ант берді. Рыцарьлар соғыста
батырлық пен ерліктің үлгісін көрсетуге
тиісті болды. Кодекс бойынша рыцарьлар
әлсіздер
мен зәбір көрушілердің, христиан шіркеуінің қорғаушысы са-
налды. Рыцарьларда сұлу әйелге табыну салты болды.
Осман империясындағы
«сипахилер»,
Жапо ниядағы
«самурайлар» ортағасырлық
Батыс Еуропадағы рыцарьлар іспетті еді.
Кейін ХІV–ХVІ ғасырларда тұрақты армия-
ның
құрылуына, оқпен атылатын қарудың
тарауына байланыс ты рыцарьлардың әскер-
дегі рөлі төмендей бастады. Бірақ рыцарь-
лар біржола жойылып кеткен жоқ. Олар
дворяндарға айналды.
Достарыңызбен бөлісу: