Р. Т. Айтбай, Ә.Қ. Қасымова, А. О. Ешмұқамбетов


Крест жорықтарының салдары



Pdf көрінісі
бет32/105
Дата10.11.2022
өлшемі4,4 Mb.
#49244
түріОқулық
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   105
Байланысты:
ДЖ тарих 6 сынып Бакина

Крест жорықтарының салдары. Крест жорықтары Батыс Еуропа 
елдері тарапынан жүргізілген әділетсіз, басқыншылық соғыстар бол-
ды. Бұл соғыстар дүниежүзілік өркениеттің дамуына едәуір кедергі 
келтірді. Жорықтар Еуропа елдерінің ғана емес, Шығыстағы мұсылман 
елдерінің де шаруашылығына, мәдениетіне орны толмас зиян әкелді. 
Көптеген өнер туындылары қирады, кітаптар мен құнды деректер
жойылып кетті.
Қамал-қалаға 
шабуыл жасау
Сурет бойынша қамалға шабуыл 
жасаушылардың қару-жарағы ту-
ралы айтыңдар.
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217


54
Дегенмен бұл жорықтардың Батыс Еуропа елдері үшін біраз пайда-
лы жақтары да болды. Біріншіден, Жерорта теңізіндегі сауданың қыза 
түсуіне ықпал етті. Бұл саудада Солтүстік Италия қалалары үстемдікке 
ие болды. Екіншіден, Батыс Еуропа халықтары Шығыстан жоғары 
дәрежеде дамыған мәдениеттің үлгісін игерді. Кресшілер мұсылман 
халықтарынан тамақ ішер алдында қолдарын жууды, ауық-ауық ыстық 
моншаға түсіп, ішкиімдерін, төсек-орындарын ауыстырып тұруды,
әдемі киінуді, ас ішкенде шанышқыны пайдалануды үйренді. Үшінші- 
ден, еуропалықтар Шығыстан жаңа егіс дақылдарын көріп, Еуропа-
да күріш, лимон, өрік, қарбыз өсіре бастады. Еуропалықтар Шығыс 
халықтарынан жібек мата тоқуды, айна жасауды, металды сапалы 
өңдеуді үйренді.
Ойталқы
Бүгінгі күні әлемде дінге қатысты соғыстар болып тұра ма?
?
?!
*
1. Крест жорықтары дегенді қалай түсінесіңдер? Крест жорықтарының 
себептерін анықтаңдар.
2. Неге бірнеше рет крест жорықтары жүргізілді?
3. Крест жорықтары жүргізілген елдерді картадан көрсетіңдер.
1. Шығысқа жорықты ұйымдастырушы католик шіркеуінің мақсаты
а) Еуропадағы саяси билікті өз қолына алу
ә) христиан дінін тарату
б) Иса пайғамбардың табытын азат ету
в) Шығыс елдерін басып алу
2. Кресшілердің Жерорта теңізі жағалауында құрған мемлекеті
а) Иерусалим корольдігі
ә) Палестина
б) Эфес
в) Испания
1. Крест жорықтарының тиімді, тиімсіз жақтары туралы пікірталас.
Крест жорықтарының тиімділігі
Крест жорықтарының тиімсіздігі
Дәйектер
Дәлел, мысал келтіру
Қорытынды тұжырым
Дәйектер
Дәлел, мысал келтіру
Қорытынды тұжырым
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217


55


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   105




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет