49
§10. КРЕСТ ЖОРЫҚТАРЫНЫҢ
СЕБЕПТЕРІ, БАРЫСЫ МЕН САЛДАРЫ
Негізгі ұғымдар:
крест
жорықтары,
рыцарьлар жорығы,
крест жорығының
салдары.
КРЕСТ ЖОРЫҚТАРЫ
Т ө р т i н ш i
т а р а у
1096 жылы Иерусалимге жорыққа
аттанған халық жасақшылары.
Орта ғасыр миниатюрасы
Бүгінгі сабағымызда крест жорықтарының неліктен ұйымдастырылғанын,
оның барысы мен салдарын білетін боламыз.
Крест жорықтары деп Еуропа феодалдарының
ХІ ғасырдың аяғынан ХІІІ ғасырдың соңына дейін
Таяу Шығысқа –
Сирия, Палестина, Мысыр,
Балқан түбегі, Кипр аралы, Кіші Азияға жасаған
әскери жаулаушылық жорықтарын айтамыз. Бұл
жорықтар 1096–1270 жылдар аралығын қамтыды
.
Крест жорықтарының басталуына Таяу Шы-
ғыстағы шаруашылықтың өрлеуі мен Батыс Еуропадағы экономи ка лық
тоқыраудың нәтижесінде өрістеген әлеуметтік шиеленістер себеп болды.
Қуатты Бағдад халифаты 1055 жылы түпкілікті ыдырауға ұшырады.
Салжұқтар 1071 жылы Манцикерт түбінде Византияны же ңіп,
Сирия
мен Палестинаны басып алды.
Византия басынан ауыр кезеңді өткізіп жатты. Император Алексей
Комнин папа ІІ Урбанға елші жіберіп,
көмектесуін сұрады.
Достарыңызбен бөлісу: