Р. Т. Айтбай, Ә.Қ. Қасымова, А. О. Ешмұқамбетов


Крест жорықтарынан кейінгі Еуропаның саяси жағдайы



Pdf көрінісі
бет34/105
Дата10.11.2022
өлшемі4,4 Mb.
#49244
түріОқулық
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   105
Крест жорықтарынан кейінгі Еуропаның саяси жағдайы. Еуро-
па елдері бытыраңқылықтан күшті король билігіне ауыса бастады. 
Cауда мен жәрмеңкелердің, жалпы экономиканың дамуы елдің саяси 
бірігуіне алғышарт қалыптастырды. 
Қалалардың өсуі, тауар-ақша қаты-
насының күшеюі жекелеген ай-
мақтардың оқшаулануын бұзды. Қала 
тұрғындары мықты король билігін 
қолдады. Себебі экономикалық табыс алу үшін тұрақтылық қажет еді. 
Ал тұрақтылықты тек күшті король билігі ғана қамтамасыз ете алатын. 
Бұл жағдай әсіресе Франция үшін маңызды саналды.
56–57-беттердегі суреттер бойынша 
ортағасырлық шеберлер жайлы өз 
ойларыңды білдіріңдер.
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217


58
Француз корольдері крест жорықтары кезінде және одан кейін де өз 
иеліктерін кеңейту жолында ірі феодалдарға қарсы күрес жүргізді. 
Франция крест жорықтарына белсенді қатысушыларының бірі болды. 
Француз корольдері крест жорықтарына қатысты. 
Еуропа елдерінің ішінде Англияда қуатты король билігі болған еді. 
Крест жорықтарында ағылшын корольдері біраз қаражат жұмсап әлсіреді. 
Ағылшын королі 
Арыстан жүректі І Ричард көп уақыты мен қаржысын 
жорыққа жұмсады. Керісінше ірі феодалдар – барондар байып, саяси 
билікке таласа бастады. 
Крест жорықтары кезінде Германияда 
Штауфендер әулеті билік 
жүргізді. Атақты Фридрих І Барбаросса үшінші крест жорығына 
қатысып, Сирия жерінде суға кетіп, қайтыс болды. Германияны біртұтас 
мемлекет деп атау қиын еді. Себебі онда көптеген жеке князьдықтар 
болды. Германияның билеушісі 
император деп аталды. Герман импера-
торлары 
Римді елдің орталығы деп санады және үнемі Италияны жау-
лап алу жолында соғыстар жүргізді. Сонымен қатар неміс феодалдары
славян жерлерін және Балтық бойы елдерін, прустарды жаулаумен
айналысты. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   105




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет