Р. Т. Айтбай, Ә.Қ. Қасымова, А. О. Ешмұқамбетов


Католиктік христиан шіркеуі



Pdf көрінісі
бет35/105
Дата10.11.2022
өлшемі4,4 Mb.
#49244
түріОқулық
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   105
Католиктік христиан шіркеуі. Шіркеу Еуропадағы саяси билікті өз 
қолына алғысы келді. Алайда католик шіркеуінің бұл мақсаты толық
жүзеге асты деп айту қиын. Керісінше төртінші крест жорығында 
кресшілердің Константинопольді алуы Византияны әлсіретіп, христиан 
шіркеуінің православиелік бағытына соққы болып тиді. 1261 жылы 
кресшілер құрған Латын империясы құлатылып, Византия қалпына 
келтірілді. Византияның аумағы бұрынғыдан көп кішірейді. Атап 
айтқанда, Кіші Азия мен Македонияның, Фракияның аз бөлігі, Пелопо-
несс қарады. Византия бұрынғы қалпына келе алмай, XV ғасырда түрік-
османдардың шабуылынан біржолата құлады. 
Папа ІІІ Иннокентий кезінде католик шіркеуі күшейіп, Еуропа 
билеушілерінің үстінен қарайтын күшке айналды. Ол жеке елдердің ішкі 
істеріне араласып, неміс рыцарьларының орыс жерлерін және Балтық 
бойын жаулап алуға бағытталған науқанын ұйымдастырды.
Бірінші крест жорығы аяқталып, көп теген рыцарьлар Еуропаға 
қайтып кеткеннен кейін, Палестинада қалған тобына көмек ретінде 
діни-рыцарьлық ордендер (ұйымдар) құрылды. ХІІ ғасырдың соңында 
немістердің 
Тевтон ордені қалыптасты. 
Папа ІІІ Иннокентий Балтық бойы тай паларының жерлеріне 
крест жорығын жария лады. Бұл жерлерді жаулау үшін Ливон немесе 
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217


59
Семсерлілер ордені құ рылды. Христиан діні 
Оңтүстік Балтық тайпалары мен прустерге 
күштеп енгізілді. 1237 жылы Тевтон ордені 
Семсерлілер орденімен бірікті.
1386 жылы поляктар мен литвалықтар 
одақ құрып, 1410 жылы Грюнвальд түбіндегі 
шайқаста Тевтон орденін күйрете жеңді.
1466 жылы орден Польшаға тәуелділігін мо-
йындады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   105




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет