45
тептерде Құранды оқытуға басты назар аударылды.
Ислам діні рухани қазынаның көзі саналды.
Мәдениеттің дамуына шаруашылықтың табысы өз
әсерін тигізді. Суармалы жерлерге сұлы, бидай және
құрма, қант құрағы өсірілді. Азияның басқа жерлері-
нен арабтар күріш, мақта және т.б. дақылдарды өсіруді
үйренді.
Қолөнер жоғары деңгейде дамыды.
Мақта мен
жүннен жеңіл және сапалы, мықты маталар тоқыл-
ды. Ирандық кілем тоқушы шеберлердің даңқы дүние-
жүзіне кең тарады. Сирияда ашық түсті жібек мата-
лар, шыны ыдыстар өндірілді. Дамаск қаласында қару-жарақ жасалды.
Араб көпестері сауданы кеңінен өрістетті. Олар шөл далалар мен биік
тау асуларын басып өтіп, Қытайдан жібек пен ыдыс-аяқ тасыды. Теңіз
жолдарын пайдаланып, Үндістаннан маталар мен асыл тастар әкелді.
Араб көпестері Батыс Еуропа мен Еділ жағалауларында да жиі болды.
Орталық Азия елдеріне келіп, Ұлы Жібек жолы бойындағы қалаларда
сауданың дамуына ықпал етті.
«Адамның ең басты көркі – білім» деді арабтар. Халифатта математи-
ка,
астрономия, география ғылымдары дамыды. Бағдад қаласында үлкен
кітапхана жұмыс істеді. Онда грек ғалымдары еңбектерінің қолжазбалары
сақталған.
Араб математиктеріне Евклидтің еңбектері бел гілі болған. Арабтар
үнді сандарын пайдаланып, алгебраның негізін салған. Үнді сандарын
Араб құмырасы
Арабтардың мейрам ке зiн де гi шеру-
лерi.
Ор та ғасыр ми ниа тюрасы
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217
46
арабтардан еуропалықтар алған, олар әлі
күнге дейін
бұл сандарды арабтық деп
атайды. Мысалы, біз қолданып жүрген
1, 2, 3 т.б. таңбалары.
Бағдат пен Дамаскіде обсерватория болды. Күрделі аспаптарды пай-
далана отырып, астрономдар жер көлемін есептеп шығара алды, аспан
әлеміндегі жұлдыздардың орналасу тәртібін сипаттап жазды. Орталық
Азиядан шыққан
Әбу Райхан әл-Бируни (973–1048) жердің күнді
айналатындығы туралы болжамын айтты. Бұл болжамды ол Коперник-
тен 500 жыл бұрын, денелердің Жерге қарай тартылуын Галилей мен
Ньютоннан 600 жыл бұрын болжаған.
Еуропалықтар
арабтардан карта сызуды, тұсбағдар (компас) мен
глобусты пайдалануды үйренді. Орталық Азиядан шыққан ұлы ғалым
Ибн Синаны (980–1037) Еуропада «Авиценна» деп атаған. Көптеген
ғылым саласынан жетістікке жеткенімен, Ибн Синаның басты жетістігі
латын тіліне аударылған медицина жөніндегі шығармалары еді. Бұл
шығармалар ХVІІ ғасырға дейін Еуропа дәрігерлерінің қолдан тастамай-
тын кітабы болды. Ол бұрын белгісіз болып келген көптеген ауруларды
сипаттаған.
Арабтар жер-жаһанды аралап, Қытай, Үндістан, Орталық Азия және
Қазақстан жерінде болып, көптеген кітаптар жазып қалдырған. Батыс
Еуропа елдерінде болғанда жүрген жерлерінің карталарын жасаған.
Араб әдебиетінің ең үздік туындысы – бізге келіп жеткен
«Мың бір түн»
хикаяты. Араб поэзиясы, араб ақындарының өлеңдері күні бүгінге дейін
дүниежүзі халықтарына әйгілі.
Ибн Сина
Мұсылман әлемі дүниежүзілік
өркениеттің дамуына қандай
үлес қосқанын анықтаңдар.
Әл-Масуди
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217
47
Африка мен Пиреней түбегіндегі араб елдерінде ірі мәдени жетістіктер
дүниеге келді. Еуропадағы ең жоғары мәдениет ошағы арабтардың
иелігіндегі
Кордова мемлекетінде шоғырланды. Мұнда ірі университет-
тер бой көтерді (Кордова университеті т.б.). Араб ғалымдарының астро-
номия саласындағы еңбектері Еуропа астрономиясының негізін салды.
Осы күнге дейін көптеген жұлдыздардың аттары, ғылыми, мәдени тер-
миндер араб тіліндегі атауын сақтап қалған. Философияның ілгерішіл
бағытын осы араб ғалымдары дамытты. Әлем кеңістігі жөніндегі ілімді
де алғаш арабтар дүниеге әкелген. Бұл
салада кордовалық философ
Ибн Рушд (1126–1198) елеулі еңбек етті. Ибн Рушд Кордова халифа-
ты кезеңінде Испанияда өмір сүрген. Оның Аристотель шығармаларына
жазған түсініктемелері еуропалық философтардың ежелгі грек фило-
софиясымен танысуға елеулі ықпал етті. Мұнда Птолемей еңбектеріне
негізделген ғылыми география өркендеді. Араб тарихшысы, географы
әл-Масуди «Замана тарихы» атты 30 томдық тарихи-географиялық
энциклопедия жазды. Араб саяхатшылары Еуропаға,
славян елдеріне
барып, олар туралы қызықты мәліметтер жинады, көптеген елдер мен
теңіздердің карталарын жасады.
Еуропалықтар халифат елдерінің мәдениетімен негізінен арабтар
жау лап алған Испания арқылы танысты. Кордовадағы университетте
араб ғалымдары ғылымның әр саласынан дәріс оқыды. Сол кездегі ора-
сан үлкен кітапханалар осы кезге дейiн сақталған.
Араб сәулетшілері тамаша сарайлар, мазарлар мен қамалдар, мешіттер
салды. Мысалы, Иерусалимдегі атақты
әл-Ақса мешіті исламдық сәулет
өнерінің озық туындыларының бірі болып саналды. VІІІ ғасырда салынған
Кордова мешіті, ХІІІ ғасырда Гранадада тұрғызылған Алгамбра сарайы
бүгінге дейін сақталған.
Арабтардың үйлері тасқа қашалған ою-өрнектермен, қабырғалары
мен едендері жылтыраған кірпіштермен, мозаикамен өрнектелді. Ис-
лам
діні адам кейпін, сондай-ақ жануарларды бейнелеуге тыйым сал-
ды. Алайда өнердің тоқыма, зергерлік сияқты түрлері, сәулет өнері биік
сатыға көтерілді. Шеберлер нәзік өрнектің алуан түрін туғызды. Араб
әріптерімен әсемдеп жазу немесе өсімдік және геометриялық пішіндерге
негізделіп жасалған күрделі өрнек түрі
«арабески» деп аталды.
Араб мәдениеті қазақ жеріне де игі әсерін тигізді. Ислам дінінің
таралуымен араб тілі мен жазуы енді. Ежелгі түркі жазуы біртіндеп
ығыстырыла бастады. Исламның орнығуы жергілікті мәдениетпен қабыс-
қан араб-мұсылман мәдениетін қалыптастырды. Арабтар біздің жеріміз-
де мешіттер салып, медреселер ашты. Арабша оқып, білім алған қан-
дастарымыздың есімдері әлемге әйгілі болды. Олар әлемнің екінші ұстазы
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217
48
атанған
Әбу Насыр әл-Фараби, ғұламалар
Әбу Ибраһим Ысқақ әл-Фараби,
Әбул-Қасым әл-Фараби, Қожа Ахмет Ясауи, Жүсіп Баласағұни және т.б.
еді. Әбу Насыр әл-Фараби (870–950) қыпшақ даласынан шыққан ұлы
энциклопедист ғалым, ойшыл, философ,
математик, астролог, музы-
ка теоретигі. Ол түркі ойшылдарының ең атақтысы, «Әлемнің екінші
ұстазы» атанған ғұлама. Өздігінен көп оқып ізденген ойшыл құнды
еңбектер жазып қалдырған.
Достарыңызбен бөлісу: