Р. Т. Айтбай, Ә.Қ. Қасымова, А. О. Ешмұқамбетов



Pdf көрінісі
бет37/105
Дата10.11.2022
өлшемі4,4 Mb.
#49244
түріОқулық
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   105
Байланысты:
ДЖ тарих 6 сынып Бакина

?!
*
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217


61
 
§12. МОНҒОЛ ИМПЕРИЯСЫ
 
 
 МОНҒОЛДАР
Б е с i н ш i 
т а р а у
Шыңғысхан
Негізгі ұғымдар:
Шыңғысхан, ноян-
дар, Құрылтай, Яса 
(«Жаса») 
Бүгінгі сабағымызда монғолдардың әлемдік империяны қалай құрғанын 
білеміз. Ортағасырлық шапқыншылықтар кезіндегі халықаралық қаты-
настардың ерекшеліктерін анықтаймыз.
Шыңғысхан. Монғол тайпалары Х–ХІІ ға- 
сыр лар да Ұлы Қытай қорғанынан Селенга 
өзенінің жоғарғы ағы сы на дейінгі жерлерді ме-
кендеген. ХІІ ғасырдан бастап мон ғол тайпа-
лары Орталық Азиядан Байкал көліне, Енисей 
өзенінен Гоби шөліне дейін созылып жатты. 
Көшпелі малшаруашылығымен айналысып: қой, ешкі, ірі қара және 
жылқы өсірген. Малдың сүті мен етін негізгі тамақ етіп, жүні мен терісін 
киім-кешекке, тұрмысқа қажетті заттарға пайдаланған. 
Біртұтас монғол мемлекетінің құрылуы 
Темужіннің (Темучин) 
(1155–1227) атымен байланысты. Темужін қият тайпасының боржыгын 
руынан шыққан. Әкесі Есугей батыр 1155 жылы татар тайпасына шабуыл 
жасап, Темужін атты батырын қолына түсіреді. Сол жылы дүниеге кел-
ген баласының есімін 
Темужін деп қояды. Темужін жастайынан өте 
қайратты және өжет болып өседі. Әкесі Есугей батыр қайтыс болғаннан 
кейін, Темужін анасы және бауырларымен бірге 
көп қиындық көрді. Әкесінің нөкерлері мен рулас-
тары бұлардан бөлініп кетті. Темужін бала күнінен 
әуелі отбасын асырау үшін, кейін нөкерлер мен
туыстарын қайтару үшін көп күш жұмсады. Ол 
татар, меркіт, керейіт, найман тайпаларын басып 
алып, хандық аумағын кеңейте түсті.
1206 жылы Онон өзенінің бойында өткен Құ-
рылтайда монғол және түркі тайпалары Темужінді 
«Шыңғысхан» деген атпен ұлы хан етіп көтерді.
Шыңғысхан бүкіл монғол тайпаларының басшысы 
болады. ХІІІ ғасырдың басында Шыңғысхан Сібір 
халықтарының жері мен Қытай елін жаулап алып, 
Ұлы Монғол империясын құрды. 
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217


62
Шыңғысхан құрған Ұлы монғол 
мемлекетінің аумағы оңтүстігінде Ұлы 
Қытай қабырғасынан, солтүстігінде Се-
ленга өзеніне дейін, шы ғы сында Хин -
ган қыратынан, батысында Алтай
та уы на дейін созылды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   105




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет