Р. Т. Айтбай, Ә.Қ. Қасымова, А. О. Ешмұқамбетов



Pdf көрінісі
бет36/105
Дата10.11.2022
өлшемі4,4 Mb.
#49244
түріОқулық
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   105
Мұсылман әлемі. Саяси бытыраңқылықты 
тек Еуропа ғана емес, мұсылман әлемі де ба-
сынан кешірді. XV ғасырдың аяғына дейін 
әртүрлі әулеттердің арасындағы билік үшін 
күрес мұсылмандардың да бірігуіне кедергі 
жасады. XI ғасырдан бастап салжұқтардың 
сұлтандары мұсылман әлемін біріктіруге ты-
рысты. 
ХІІІ ғасырда монғолдардың шапқыншы-
лығы Ортаазиялық мұсылман мемлекеттерін қиратып, 1258 жылы Аб-
басидтер халифатының құлауына әкелді. Сөйтіп, Иранның көп бөлігі 
Монғол империясының құрамына енді. Христиандардың монғолдар 
арқылы Шығыста өз биліктерін нығайту мақсатына мысырлық 
мәмлүктер кедергі болды. Мәмлүктер ортағасырлық Мысырдағы түркі 
және Кавказ халықтары өкілдерінен шыққан жауынгер-құлдар болатын. 
Мәмлүк сөзі араб тілінен аударғанда «біреудің меншігі» деген мағынаны 
білдіреді. Олардың арасында қазақ даласынан бала күнінде тұтқынға 
түсіп, кейін Мысырда сұлтан болған 
Бейбарыстың орны ерекше. Ол 1260–1277 
жылдары 17 жыл бойы Мысырды биледі. 
Бейбарыстың кезінде кресшілерге соққы 
беріліп, монғолдардың шабуылы тойта-
рылды. Каирде сарайлар, мешіттер са-
лынып, канал құрылысы жүргізілді. Қолөнер, егіншілік, ғылым, сау-
да, қолөнер және мәдениет дамытылды. Осылайша, елдің қуаты артып, 
халықтың жағдайы жақсарды. Бейбарыcтан кейінгі сұлтандар кезінде 
Сирия мен Палестинадағы христиандық мемлекеттер толық жойылды. 
ХІІІ ғасырдың ортасынан бастап монғол жаулаушыларының өздері де 
исламды қабылдай бастады.
Пиреней түбегіндегі мұсылман мемлекеттері, атап айтсақ, Кордова
халифаты 1031 жылы әмірліктерге ыдырап, одан бөлінген Гранада әмір-
Тевтон рыцары
Крест жорықтары ортағасырлық 
әлемнің одан арғы дамуына қалай 
әсер етті? Өз тұжырымдарыңды 
келтіріңдер.
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217


60
лігі 1492 жылы біржолата жойылды. Бұл Пиренейдегі соңғы мұсылман 
мемлекеті еді. 
ХV ғасырдың ортасында Осман түріктері Византияны құлатып, Кіші 
Азияда қуатты мұсылман мемлекетін құрды. Ислам діні бұрынғы Визан-
тия аумағына таратылды.
Ойталқы
Еуропаның экономикасы крест жорығынан кейін қалай өзгерді?
1. Еуропада сауданың дамуы қай бағытта жүргізілді?
2. Жәрмеңке дегеніміз не?
3. Мемлекетті басқарудың қандай жаңа түрлері пайда болды?
4. Еуропа елдеріне күшті король билігі неге қажет болды?
5. Француз корольдері не үшін күрес жүргізді?
6. Діни-рыцарьлық ордендер дегенді қалай түсіндіңдер?
7. Крест жорықтары мен монғол шапқыншылығы мұсылман елдеріне қалай 
ықпал етті?
8. Картадан крест жорықтарын көрсетіңдер.
9. Сұлтан Бейбарыс туралы не білесіңдер?
1. Христиандар мен мұсылмандардың өзара мәдени алмасуы жайлы әңгіме 
жазыңдар.
2. Крест жорықтарының Еуропа мен мұсылман елдеріне тигізген жағымды 
және жағымсыз жақтары туралы STEEPLE талдау кестесін толтырыңдар. 
STEEPLE сөзінің мағынасы: S – әлеуметтік, Т – технологиялық, Е – эко- 
номикалық, Е – қоршаған орта, Р – саяси, L – құқықтық, Е – этникалық.
Тарихи жағдай
Әсері
S (әлеуметтік)
Т (технологиялық)
Е (экономикалық)
Е (қоршаған орта)
Р (саяси)
L (құқықтық)
Е (этникалық)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   105




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет