Р. Т. Айтбай, Ә.Қ. Қасымова, А. О. Ешмұқамбетов


Англияда король билігінің күшеюі



Pdf көрінісі
бет50/105
Дата10.11.2022
өлшемі4,4 Mb.
#49244
түріОқулық
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   105
Англияда король билігінің күшеюі. ХІ 
ғасырдағы Англия тарихындағы ірі оқиға Ан-
глияны Нормандия герцогі 
Вильгельм басқарған 
француз-норман феодалдарының жаулап алуы 
еді. Вильгельм 1066 жылы Ла-Манш арқылы 
15 мыңға жуық рыцарьлардан жасақталған 
әскермен Англияға басып кірді. Гастингс 
маңындағы шайқаста ағылшын королі Гарольд 
өлтірілді. Вильгельм Лондонға басып кірді. 
Сөйтіп, өзін Англия королі деп жариялады. Ол 
«Жаулап алушы» деген атаққа ие болды.
Англияны нормандықтардың жаулап алуы 
нәти же сiнде он да ғы король билiгi күшейдi. 
Көркем IV Филипп
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217


81
Нормандардың Англияны жаулап алуы
Вильгельм ағыл шын-саксондық ақсү йектердiң жер иелiктерiнiң бi раз 
бөлiгiн тартып алып, өзiмен бiрге келген рыцарьларына таратып бердi.
Барлық ағылшын-саксондық феодалдар Виль гельм ге адалдық жө-
нiнде ант бердi. Олардың бәрi ко рольдiң бағыныштыларына айналды. 
Бүкіл елде нормандық дәстүрмен төртбұрышты қамалдар салынды. Тем-
за жағалауына жақын жерден король қамалы 
Тауэр тұрғызылды. Бұл 
қамал күні бүгінге дейін бар.
Вильгельм 1086 жылы жер, халық жә не мүлiк санағын жүргiздi. 
Ол са нақ тың барысы жазылған кiтап «Қа һар лы сот кiтабы» деп атал-
ды. Англия хал қының саны 1,5 млн болды. Оның 95%-ы ауыл дық жер-
де тұрды. Бұ рынғы ерiктi шаруалардың көп шi лiгi тәуелдi, басыбайлы 
шаруаларға ай нал ды. Олар феодалдардың поместьесiнде барщиналық 
мiндеткерлiк атқарды. Шаруалар феодалдарға қарсы күреске шығып 
отырды. XIV ғасырдағы балладаларда езiл гендер дiң адал досы Робин 
Гудтың ерлiгi туралы айтылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   105




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет