76
§15. ФЕОДАЛДЫҚ СОҒЫСТАР
Азенкур түбiндегi шайқас
Негізгі ұғымдар:
Жүзжылдық соғыс,
Ал
қызыл және Ақ рау-
шандар соғысы,
феодалдық соғыстар.
Бүгінгі сабағымызда феодалдық соғыстардың себебі мен барысы және Жан-
на д’Арктің ерлігімен таныс боламыз. Жүзжылдық, Ал қызыл және Ақ раушан-
дар соғыстарын қарастырамыз. Франция мен Англияда орталық биліктің қалай
құрылғанын білеміз.
Жүзжылдық соғыс. Англия мен Фран-
ция арасында 1337–1453 жылдар аралығында
Жүзжылдық соғыс болды. Соғыстың баста-
луына екі елдің жерге таласушылығы себеп
болды. Ағылшын
феодалдары Франциядағы
иеліктері Нормандия мен Анжудан айыры-
лып қалғандығын ұмыта алмады. Ал фран-
цуз корольдері елдің оңтүстік-батыс облыстары Аквитаниядағы жер
иеліктерін өздеріне қайтарып алуды көздеді. Англия үшін Аквитания өте
қажетті экономикалық аймақ еді. Бұл
жерде қымбат шарап өндіріліп,
жеміс-жидек пен сәйгүлік жылқылар
өсірілді. Сонымен бірге Фландрия үшін
талас Англия мен Франция арасында
бұрыннан шешімін таппай келе жатқан
даулы мәселе болатын.
Соғыс ағылшындардың солтүстіктегі қимылдарымен басталды.
Ағылшындар 1346 жылы Креси маңында жеңіске жетті. Жеңулерінің
Сурет
бойынша ортағасырлық
әскерлердің қару-жарағына сипат-
тама беріңдер.
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217
77
басты себебі – олардың қатарында
рыцарь лармен
бірге
жалдамалы
ша руа лар да соғысты. Шаруалар
алысқа ататын үлкен садақтармен
қару ланған еді. 1347
жылы ағыл-
шын дар Кале портын басып алды.
1356 жылы Пуатьеге жақын жер-
де ірі шайқаста француздар тағы
да жеңілді. Француз феодалдарының елді қорғай алмауы қарапайым
халық тың ашу-ызасын келтірді. Жаулап алған жерлерін ағылшындар
аяу сыз тонады.
1360 жылы Франция Англиямен бітімге келді. Ал 1415 жылы ағыл-
шын королі V Генрих соғысты қайта бастайды. Ағылшындар 60 мың әс-
кермен француздардың 100 мың әскерін Азенкур түбінде тағы да жеңіп
шығады. Нормандияны алып, Орлеан
герцогін тұтқынға түсірді. 1420 жылы
Труа
келісімі бойынша Англия мен
Франция бір корольдікке бірігеді. 1428
жылы ағылшындар Орлеан қаласын
қоршайды. Ел ішінде басқыншыларға
қарсы халық көтерілісі өріс алды.
Соның бірі Жанна д’Арктың атымен байланысты. Ол Домреми де-
ревнясында туып-өскен. 1429 жылы Жанна д’Арк король VІІ Карл дың
қабылдауында болып, Францияны азат ету үшін жасақ беруін өтінеді.
Оған рыцарь лар отряды берілді.
Осы жылдың
мамырында Жанна д’Арк отрядпен Орлеанды
ағылшындардан азат етеді. Оны халық арасында
Орлеан қызы деп атайды. Жанна д’Арктің даңқы
бүкіл Францияға тарады. 1430 жылы Компьен
түбіндегі ұрыста Жанна д’Арк тұтқынға түсті.
Ағылшындардың
шіркеу соты оны сиқыршы
деп айыптап, 1431 жылы отқа өртеп жіберді.
Осы қайғылы оқиға француз халқының намы-
сын бұрынғыдан да бетер оятады. Ол ұлт-азаттық
соғысына жалғасады. 1453 жылы Бордо түбінде
жеңілген соң ағылшындар Франциядан кетуге
мәжбүр болды. Осы жыл соғыстың біткен жылы
деп саналады.
Достарыңызбен бөлісу: