Р. Т. Айтбай, Ә.Қ. Қасымова, А. О. Ешмұқамбетов


Алқызыл және Ақ раушандар соғысы (1455–



Pdf көрінісі
бет48/105
Дата10.11.2022
өлшемі4,4 Mb.
#49244
түріОқулық
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   105
Алқызыл және Ақ раушандар соғысы (1455–
1485). Жүзжылдық соғыстағы жеңiлiс ағылшын 
Хрестоматияның 72–73-беттеріндегі 
1356 жылғы Пуатье түбіндегі ұрыс 
жөніндегі «Нормандия жылнама-
сы» атты құжатты оқыңдар. Король 
Иоанның қалай жеңіліп, қолға түскенін 
сипаттаңдар.
Жанна д’Арк.
XV ғ. миниатюрасы
Шығармашылық тапсырма. 
Ағылшын әскерлерінің жүзжылдық 
соғыстың бас кезіндегі жеңіп шығу 
себептерін анықтаңдар. 
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217


78
барондарының арасында үкiметке 
қарсы наразылық туғызды. Оның 
үс тiне король 
VI Генрих Ланкас тер 
(1422–1461) дiмкәс адам едi. Оның
әйелi Маргарита ханшайым шық қан 
тегi жағынан француз болатын. Ха- 
лық оны қатыгездiгi үшiн де жек 
көретiн. Ханшайым мен оның сы-
байластары тек өздерiнiң байлығын 
көбей тудi ғана ойлады. Елде ұрлық-қарлық, зорлық-зомбылық, тәр-
тiпсiздiк етек алды.
Ханшайым мен оның сыбайластарының басты қарсыластары 
корольдiң алыс туыстары – 
Йорктер әулетi болды. Ланкастерлер мен 
Йорктер әулетте рiнiң арғы атасы III Эдуард Плантагенет (1327–1377) 
болатын. Бұл екi әулеттiң арасындағы билiк үшiн талас-тартыс ұзақ қа 
созылған қанды қақтығысқа әкеп соқты. 
Йорк тер туында ақ, ланкастерлердiң туын-
да алқызыл раушан ның суретi бейнелендi. Сол 
себептi бұл соғыс Алқызыл және Ақ раушандар 
соғы сы деп аталды. Соғыс 1455 жылдан 1485 
жылға дейiн созылды.
Бүкiл ағылшын феодалдары өзара жауласқан 
екi топқа бө лiндi. Олардың әрқайсысы король тағы 
үшiн күресте шонжар әулеттерiнiң бiрiн қолдады. 
Соғыс шонжар-феодалдар бiрiн-бiрi түгелдей дерлiк 
қырып болған кезде ғана тоқтады.
Ланкастерлердiң Францияда тұрып жатқан 
туысы 
Генрих Тюдор 1485 жылы жеңiске жеттi. 
Генрих Тюдор VII Генрих деген атпен Англия-
Ланкастерлер белгісі 
Иорктер белгісі 
Тюдорлар белгісі
VII Генрих Тюдор
Хрестоматияның 82–90-беттеріндегі 
Жанна д’Аркты айыптаудың хат-
тамасымен танысып, өздерің сце-
нарий құрыңдар. Рөлдік қойылым 
ұйымдастырыңдар. Жанна д’Арк, 
сот тергеушілері, күзетшілер рөлде-
рін ашып көрсетіңдер. 
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217


79
ның королi деп жарияланды. Ол IV Эдуард Йорктiң қызы Елизаветаға 
үйленiп, өзiнiң туында Алқы зыл және Ақ раушандарды мәңгi ажырамас-
тай бiрiктiрдi.
VII Генрих тұсында король билiгi нығайды.
Ойталқы
Жүзжылдық соғыста қай мемлекеттің әскери күші мықты болды деп 
ойлайсыңдар?
1. Жүзжылдық соғыстың себебі неде?
2. Картамен жұмыс. Жүзжылдық соғыс кезіндегі ірі шайқастарды 
көрсетіңдер. 
3. Жүзжылдық соғыстың хронологиялық тізбесін жасаңдар. 
4. Алқызыл және Ақ раушандар арасындағы соғыстың нәтижесі қалай 
аяқталды?
5. ХV ғасырдың аяғындағы Англиядағы соғыстың себеп-салдарын 
көрсетіңдер.
Себептері
Салдары
Интернетте «Жанна д’Арк» фильмін көріп, алған әсерлеріңді айтып беріңдер. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   105




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет