Р. Т. Айтбай, Ә.Қ. Қасымова, А. О. Ешмұқамбетов



Pdf көрінісі
бет52/105
Дата10.11.2022
өлшемі4,4 Mb.
#49244
түріОқулық
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   105
Байланысты:
ДЖ тарих 6 сынып Бакина

Испанияның бірігуі. VІІІ ғасырдан Пиреней түбегіне арабтар үстем-
дігі орнаған еді. Алайда арабтар арасындағы алауыздық пен быты-
раңқылық олардың испандық-христиандық мемлекеттерден жеңілуіне 
әсер етті. Арабтарға қарсы күрес 
реконкиста деп аталды. Ол «қайтарып 
алу» дегенді білдіретін. Кастилия аймағында 1137 жылы Кортес пайда 
болды. 1188 жылы қала тұрғындарының өкілдерінен Кортес өкілетті ор-
ганы құрылды. Жаңа дәуірдегі парламент міндетін атқарған кортестер 
Хрестоматияның 94–95-беттеріндегі 
«Еркіндіктің ұлы хартиясынан» атты 
құжатпен танысыңдар. Хартияда кел- 
тірілген 39-баптағы адамзаттың бос- 
тандығы жайлы бапты бүгінгі күнгі 
демократиялық заң талаптарымен са-
лыстырып, өз пікірлеріңді білдіріңдер. 
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217


83
ХІІІ–ХІV ғасырларда қалалардың ықпалын арттырып, феодалдардың 
билігін шектеді. 1479 жылы Арагонның королі Фердинанд Кастилия 
патшайымы Изабеллаға үйленді. Екі корольдік бірігіп, Испан корольдігі 
деп атала бастады. 1492 жылы Фердинанд пен Изабелланың біріккен 
әскері Гранаданы қосып алды. Пиреней түбегі арабтардан қайтарып 
алынды. 1512 жылы Наварра қосылды. Сөйтіп, Португалиядан басқа 
Испания жері бірікті.
Фердинанд Изабелла
XVI ғасырдағы Испания. Фердинанд пен оның жұбайы Изабелла 
Испания ны таза христиандар елiне айналдыруды көз дедi. Ол үшiн король 
би лiгiн нығайту қажет еді. Бұл мақсат қа жету жолын да Испания ко роль-
дерi католик шiр кеуiне арқа сүйедi. Дінбасылардың байлыққа ұмтылуын 
сынап, христиандыққа қарсы пікір айтушылар 
күпірлер деп жариялан-
ды. Олармен күресу үшін 
инквизиция құрылды. Елді қатыгездік пен 
қара түнек жайлады. 
1516 жылы арагондық Фер динанд қайтыс болды. Тақ қа 
V Карл (1516–
1556) отырды. Ол Испания үл гi сiндегi дү ниежү зiлiк католиктiк империя 
құру iсiн онан әрi жал ғас тырды. Алдымен ол әскердi күшейттi, соғыс 
кеме лерiн кө бейттi, ко рольдi қолдаушы кеңес құрды. Соның көмегiмен 
аб солюттiк тәртiп орнат ты.
Еуропадағы католиктiк күштер Испания ның дү ниежүзiлiк империя 
құру құралына айналды. Король 
II Филипп като ликтiк реакцияны бү кiл 
Еуропа елде рiне таратуға ты рысты. Осы мақ сатпен ол епископтар санын 
4–5 есе кө бейт тi. ХVI ғасырда Испа ния корольдiгi Еу ро паның ең күштi 
державаларының бiрi саналды.
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217


84
Алайда бұл қуаттылық ұзаққа созылмады. 1588 жылы испан королi 
130 желкендi кемеден тұратын флотын Англия жағалауына аттандырды. 
Жеңе тiн дi гi не күмән келтiрме ген король ол флотты «Жеңiл мей тiн арма-
да» деп атады. Бiрақ испан флоты тас-тал қа ны шығып, жеңiлiп қалды. 
Сөйтiп, ХVI ғасырдың аяғын да Испания теңiздегi үстем дiгiнен айыры-
ла бастады. Осылайша, испандық король дер дiң дүниежүзiлiк «христиан 
империясын» құр мақ шы болған әре кет терi сәтсiздiкке ұшырады.
XVI ғасырдың ортасына қарай Испания саяси-экономикалық дағ-
дарысқа ұшырады. Ол 1618–1648 жылдары Австрия мен Германия жа-
ғында Франция, Голландия, Швецияға қарсы соғысқа қатысып, же ңi-
лiп қалды. ХVII ғасырдың басында Испанияда елдiң ұзаққа созылған 
тоқырау кезеңi басталды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   105




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет