Р. Т. Айтбай, Ә.Қ. Қасымова, А. О. Ешмұқамбетов



Pdf көрінісі
бет73/105
Дата10.11.2022
өлшемі4,4 Mb.
#49244
түріОқулық
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   105
Фернан Магеллан бас қарды. Бес кемеден құралған 
экспедиция Оңтүс тiк Америка жағалауына жетiп, материк пен Отты жер 
аралы арасындағы бұғаз (қазiргi Магеллан бұғазы) арқылы Оңтүстiк Аме-
риканы айналып өтедi. Одан әрi Тынық мұхитты кесiп өтiп, Фи лип пин 
аралдарына жетедi. Осында жергiлiктi тұрғындармен қақтығыс кезiнде 
Магеллан қаза табады. Оның серiктерi Тынық мұхитпен жүзiп, Оңтүстiк 
Африканы айна лып, Испанияға жал ғыз ғана кемемен қайтып оралады. 
Дүниежүзiн айналып өткен тұңғыш саяхат Жердiң шар тәрiздi екенiн, 
мұхиттың бiртұтас тығын және жер бетiнiң басым бө лiгiн су басып жат-
қанын бiр жо лата дәлелдедi.
Географиялық ашылулардың нәтижелерi. Географиялық ашылулар 
сау даның бұрын болып көрмеген дәрежеде ұлғаюына себепкер болды. 
Же ке материктер арасында байланыс орнап, дүние жүзiлiк сау да өрiс 
алды. Еуропа елдері Америка құрлығын отарлай 
бастады. Отар елдерден еуропалықтар көптеген 
өнеркәсiп тауарын, қару-жарақ, мата және басқа 
да бұйымдар алып тұрды. Еуропаға ендi Аме ри-
кадан те мекi мен какао, Азиядан шай мен кофе 
жеткізіле бастады. Отарлардан Еуропаға көптеген 
алтын мен күмiс әкелiндi. Осы бағалы заттардың 
көбi Испания мен Португалия корольдерi мен фео- 
далдарына тидi. Бi рақ бұл елдер мешеу болатын
олардың өз өнер кәсiбi жоқтың қасы едi. Сондықтан 
алтын феодалдардың басқа елдерден сатып ал ған
бұйымдарының төлемiне жұмсалып жатты.
Фернан Магеллан
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217


Отарлардан тоналып алынған бағалы заттар кө пестердiң, бан-
кирлердiң, аса дамыған Еуропа елдерiнiң iрi кәсiпорын ие ле рiнiң 
қалталарына түстi.
Географиялық ашылулар және отарлық басқыншылық Еуропада та-
уар өндiрудi жеделдетуге бiршама ық пал еттi. Алайда Американың, Азия 
мен Африканың халықтары үшiн бұл отарлық езгiге түсудiң бастамасы едi.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   105




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет