123
4. Суретшілер мен олардың еңбектерін сәйкестендіріңдер.
1. Леонардо да Винчи
а) «Хал үстіндегі құл»
2.
Микеланджело Буонарроти
ә) «Сикст мадоннасы»
3. Рафаэль Санти
б) «Мона Лиза»
5. Ерекшелік пен ұқсастықтарын айқындаңдар.
Леонардо да Винчидің
шығар машы лығының
ерекшеліктері
Ұқсастықтары
Рафаэль Сантидің шығар ма-
шылығының ерекшеліктері
§26. ГУМАНИЗМ ИДЕЯЛАРЫ
Негізгі ұғымдар:
Томас Мор,
Т. Кампанелла,
ұлы суретшілер.
Томас Мор
Бүгінгі сабағымызда гуманистік идеялардың ортағасырлық мәдениеттің
дамуына тигізген ықпалын анықтаймыз.
ХV ғасырдың аяғы мен ХVII ғасырдың
бiрiншi жартысында Еуропа елдерiнде
ағарту
iсi дами бастады.
Осы кезде Батыс Еуропада
көптеген гуманист-жазушылар шықты. Гума-
низм – адамгершілікті, адамға сүйіспеншілік идея-
ларын білдіретін көзқарастар жүйесі. Ағартушылар
ізгілік, әділеттілік пен ғылыми-таным негіздерін тарату арқылы қоғам
кемшіліктерін түзетуге тырысты. Солардың бiрi – ағылшын гуманист жа-
зушысы
Томас Мор (1478–1535) едi. Ол Лондон
қаласында, сот отбасында дүниеге келдi. Өте
бiлiмдi адам болды, ежелгi тiлдердi жақсы бiлдi.
Әкесiнiң жолын қуып, заң қызметкерi болып
шықты. Бiреудiң басына түскен қайғы-қа сiретке
нем құрайды қарай алмайтын Мор кедейлердi
қорғады.
Мор дың 1516 жылы «
Мемлекеттi жақсы
ұйымдастыру және жаңа Утопия аралы ту-
ралы алтын кiтабы» шықты. Бұл кiтапта сол
кездегi қоғамдық құрылысты, Ан г лиядағы
қайыр шылық жағдайды қатты сынады. Қо-
ғамдағы кем шiлiктердiң негiзi жекеменшiкте,
ал оның өмiр сүру негiзi адамдардың ақымақтық
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217
124
әрекетi, мен меншiлдiкте, мансапқорлықта
жатқанын айтты. Мор өзiнiң ой лап тапқан,
«Утопия аралын дағы» («Қой үстiне бозтор-
ғай жұмырт қалаған арал») бақытты елдi,
оның тамаша қалаларын, гүлденген дала-
сын, ға жап тәр тiптерi мен заң дарын су-
реттеп жазады. Утопия да қа нау жоқ, бай да жоқ,
кедей де жоқ. Аралдың
барлық адамдары еңбек
етуге мiндеттi.
Томас Мор еңбек құрал-жабдықта ры ортақ,
әдiлеттi қоғамдық құрылысты армандады. Бiрақ
оны қалай құрудың жолын бiлмедi. Солай бола
тұра, Томас Мор өзi қиялдаған қоғамның өмiрiн
нақты мысалдармен батыл және дәл көрсете бiлдi.
Томас Мордың идеясы жекеменшiк жоқ, барлық
адамдар тең өмiр сүретiн
қоғам құру туралы қиял
болды. Сондықтан Мордан кейiн жүзеге асырылмай-
тын, өмiрден қол үзген қиял утопия деп аталып кеттi.
Италиялық философ, ақын, саяси
қайраткер
Томмазо Кампанелла (1568–
1639) шын мәнінде теңдік пен еркіндікке
негізделген қоғам туралы армандады.
Әділетті қоғамдық құрылыстың қандай
болатынын түсіндіруге тырысты. Ол
1602 жылы мінсіз қоғам туралы уто-
пиялық «Күн қаласы» еңбегін жазды.
«Күн қаласы»
қоғамдық ой-пікірдің да-
муына өзіндік үлес қосты.
Достарыңызбен бөлісу: