Р. Т. Айтбай, Ә.Қ. Қасымова, А. О. Ешмұқамбетов



Pdf көрінісі
бет77/105
Дата10.11.2022
өлшемі4,4 Mb.
#49244
түріОқулық
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   105
Байланысты:
ДЖ тарих 6 сынып Бакина

Микеланджело. Қайта өрлеу дәуiрiнiң ұлы 
қайраткерi 
Мике ланджело 
Буонарроти (1475–1564) – итальян мүсiншiсi, кескiн демешi, архитектор 
әрi ақын, ХVI ғасырдағы және одан кейiнгi Еуропа өнерiнiң дамуына зор 
үлес қосты. 
Ол адамды сом денелi, батыл, қайт пас жiгерлi етiп бейнеледi. Микелан-
джело Римде «Вакх» мүсiнiн жасап, кө не заман ескерт кiш те рiмен әуес-
тендi. Ол «
Хрис тосты жоқтау» атты дәс түрлi го тикалық жү йеге жас 
арудың өлген ұлына деген шексiз қайғысын бiлдi ре тiн жа ңа, гуманис тiк 
маз мұн енгiздi. 1501 жылы Мике лан д жело Фло рен цияға қайтып келiп, 
Медичи озбырлығының бұғауын бұзған республика азаматтарының 
ерлiгiн бей нелейтiн шығармалар туғызды. Ол сомдаған ора сан зор Давид 
мүсiнi арқылы құдi реттi күш, ерлiк, өр тұлға, қайт пас жiгер туралы 
өзге ше пайымдау жасалды. 1505 жылы II Юли ан папа Микеланджело-
ны Римге шақырып, оған папа қабiрiне құлпытас жасауды тапсырды. 
Жобалар өзгере бергендiктен, құ рылыс ұзаққа созылып, тек 1545 жы лы 
ғана аяқталды. Құлпытас қа арнап Микеланджело бiрнеше мүсiн жасады. 
Оның таңдаулылары «
Моисей», «Көтерiлiске шыққан құл» жә не «Хал 
үстiндегi құл» болып табылады.
Өмiрiнiң соңғы отыз жылында ол 
мүсiн мен кес кiндемеден бiрте-бiрте 
алшақтап, негiзi нен, сәулет өне рiмен 
және поэзиямен айналысады. Микелан-
джело қартайған шағында да поэзиядан 
қол үзбедi. Оның лирикасы терең ойлы, 
асқақ трагизмге толы болды. Ақын адам- 
заттың ғұмыр бойы сұлулық пен жара-
сым дылыққа ұмтылған махаббаты ту-
ралы, қатал дүниедегi сурет кердiң жал-
ғыздығы жөнiнде, озбырлықтың салтанат 
құрғанын көр гендегi мейiр бан жү рек тiң 
шарасыздығы жайында толғанады. Ми-
келанджело алып ғи мараттар салумен 
көп шұғылданды. Сондай құрылыстардың
бiрi – Римдегi 
Әулие Петр храмы. Бұл 
храмды Италияның ең атақты сәу лет шi-
лерi бiрнеше ондаған жылдар бойы сал ды. 
Микеланджело храм ның ең үлкен күмбе-
Рафаэль Санти.
«Сикст мадоннасы».
1513–1514 жылдар. Дрезден. 
Сурет галереясы
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217


122
зiнiң жобасын жасады. Әулие Петр соборы Қай та өрлеу дәуi рiнiң аса 
озық архитектуралық ес керткiшi болып табылады.
Рафаэль Санти. Қайта өрлеу дәуiрi нiң аса көрнектi сурет шi лерiнiң 
бiрi 
Рафаэль Санти (1483–1520) болды. Ол адам бойындағы барлық та-
маша қасиеттердi – сымбатты да қайратты дененi, асқан ақылдылықты, 
iзгi мiнездi бейнелеуге тырысты. Жас шағында Рафаэль Флоренцияда 
тұрып, жұмыс iстедi. Ол өзiнiң ең таңдаулы кар ти на ларының көбiн осын-
да жазды. Көп ұзамай оны Рим ге шақырды. Римде ол портреттер салды, 
Әулие Петр соборының құрылысына басшылық еттi.
Рафаэльдiң туындылары шаттық қуанышын бойы на жиып, бақыттан 
дамыл тауып жатқандай. Рафаэльдiң Мадоннаны бейнелеген көп картина-
сы сақталған. Рафаэльдiң ең даңқты картинасы – «
Сикст мадоннасы». 
Мұны су ретшi Италияның шағын қалалары ның бiрiндегi 
Әулие Сикст 
монас тыры үшiн салды. Бұл ға ламат шығарма адам ға деген шексiз сүйiс-
пен шiлiкке толы: суретшi адамзат бақыты үшiн өзiнiң ең қымбаттысы –
баласын да құрбан ете алатын адамды дә рiп тейдi.
Қайта өрлеу дәуiрiнiң ұлы ше берлерi осы күнге дейiн адам баласы мақ-
таныш ететiн, қайталанбас туындылар қалдырып кеттi.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   105




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет