127
Негізгі ұғымдар:
қытай
мәдениеті,
үнді мәдениеті,
Орталық Азияның
сәулет өнері мен
ғылымы, ұлы
ғұламалар.
§27. ШЫҒЫСТЫҢ ОРТАҒАСЫРЛЫҚ МӘДЕНИЕТІ
Бүгінгі сабағымызда Шығыстағы Ренессанс әлемдік мәдениетті қалай
байытқанын білетін боламыз. Шығыстың ортағасырлық мәдениетінің
ерекшеліктерін анықтаймыз.
Қытай мәдениеті. V–VІ ғасырларда Қытай
мем лекетінде өнер,
әдебиет және ғылым дами
бастады. Адамдардың табиғат жөніндегі таны-
мы кеңейіп, халық емшілігі, аспан әлемі тура-
лы көптеген ғылыми жаңалықтар ашылды. Кал-
лиграфиялық жазудың негізі қаланды. Будданың
бейнесін салу,
пагода тұрғызу (бірнеше қабат биік
мұнаралар) қолға алынды.
VІІІ–Х ғасырлар аралығында Қытайда білім беру, оқу ісі дами бас-
тады. Көптеген мектептер ашылып, халықты жазу, оқуға үйрету қолға
алынды. Қытайда ақындар мен жазушылар көбейді.
Ақындар Ли-Бо
(701–762), Ду Фу (712–770), Бо Цзюй (772–846) еңбектері дүниежүзілік
классикалық қорға қосылды.
Достарыңызбен бөлісу: