Р. Т. Наралиева, М. Ш. Тойғанбекова, Сұлтанова Б. М. Оқу сауаттылығы



бет12/57
Дата15.08.2023
өлшемі9,38 Mb.
#105300
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   57
Аңыз анасы – ақиқат



  1. тапсырма. Мәтіндерді оқыңыз.

  2. тапсырма. Мәтіннің әрбір нұсқасына мазмұнына қарай тақырып қойыңыз.

Біздің Қазақстанда өзен-көл көп. Ғалымдардың мәліметі бойынша 48 мыңнан астам көл бар. Осы көлдердің арасында бойына тылсым сырын бүккен су айдындары да бар. бұл құпия көлдердің біразы табиғат ананың туындысы болса, ал кейбірі адам қолымен жасалған жасанды көлдер. Мысалы, еліміздің солтүстік аймағындағы «Былқылдақ» көл мен Шығыс Қазақстан облысындағы жанармай көлін алсақ. Павлодардың іргесінде жатқан «былқылдақ» көл де адамдар қолымен жасаған экологиялық көл. Кеңес өкіметі кезінде қалада химиялық зауыт қарқынды түрде отыз жылдай жұмыс істеген. Зауыт өзінің сарқынды суын, химиялық қалдығын ойпаңдау осы жерге төгіп отырған. Соның салдарынан су айдыны сыныптан тұратын «Былқылдақ» көл пайда болған. Судың беті сынып болғандықтан, қйомалжың болып, үнемі былқылдап жатады. Сенесіз бе, су айдыны тұтас сынаптан тұрады, судың беті қоймалжың, былқылдап жатыр. Абай еліне саяхатқа барған кезімде жергілікті жұрт өздерінің «жанармай» көлі туралы айтқанында алғаш сенер-сенбесімді білмедім. Семейліктер «солярка-көл» атап кеткен бұл су айдынының да тағдыры да «Былқылдақ» көлге ұқсас, адам қолымен жасаған экологиялық ластаудың әсерінен пайда болған. Кеңестік дәуірдің күні бітіп, КСРО тарқаған кезде, осында орналасқан ресейлік әскерилер танк полкінің жанармай қоймасындағы 2 мың тонна солярканы ешкімге ойпаң жерге төгіп тастаған, Ресейге кеткен. Сол жерге төгілген жанармайға жауын-шашынның көктемгі қарған су араласып, шағын көл пайда болған. Ауыл адамдары тракторына жанармай қажет болса, шлангамен солярканы сорғызып алады екен. Тіпті су бетінде балық жүзіп жүр деп те айтады. Мен бұл «солярка» көлді алыстан ғана көрдім.



  1. Көлдің «былқылдақ» аталу себебі ....

A) химиялық зауыт отыз жыл бойы солярка төккен
B) көлшік сайға төгілген жанармайдан пайда болған
C) жаңбыр мен қар суымен соляркамен араласуынан
D) елімізде су айдынының өзіндік ерекшелігі бар көлдер бар
E) химиялық зауыттың сарқындысынан су айдыны сынапқа айналған

2. Экология сөзі – ... сөз.


A) арго
B) жаңа
C) термин
D) кәсіби
E) тыйым
Өлікөл
Әлемде ХХ мен ХХІ ғасырда ғылым өте қарқынды дамып келе жатыр. Адамзат баласы ғарышқа ұшты, алыстағы ғарыш кеңістігі мен жұлдыздардың құпиясын зерттеуде. Алайда жер жаһанда ғылым саласы құпиясын аша алмаған тылсымға толық жерлер аз емес. Тылсым қасиетімен қатар қауіпті жерлер де. Бар. Мысалы, әлемдегі ең қауіпті 10 өзен-көлдің тізімі жасалған. Мысалы, 1. Италия. Өлі көл немесе Өлім көлі; 2. Испания. Өлім көлі; 3. Ресей. Қара жыра; 4. Қытай. Янцзы өзені; 5. Ресей. Қарашай көлі; 6. Оңтүстік Америка. Амазонка өзені; 7. Доминикан. Қайнақ көл/ кипящее көлі; 8, Үндістан. Ганг өзені; 9. АҚШ. Онондага көлі. 10. Индонезия. Цитарум өзені.
Осы тізімге мен біздің Қазақстандағы Өлікөлді қосар едім. Талдықорған маңайында орналасқан бұл кішігірім көлдің суы қысы-жазы мұздай суық болып тұрады. Қазақстандағы басқа су қоймаларынан сонысымен ерекшеленеді. Көлде балық жоқ, ешқандай су жәндіктері мекендемейді. Тіпті балдырлар да өспейді. Ғалымдардың болжауынша, көл түбінен бөлінген улы газ барлық тірі ағзаны жойып жіберетін көрінеді. Ең басты тылсым сыры – көлге түсіп шомылу: суда жүзу, су астына сүңгу мүмкін емес. Тіпті, арнайы газ балонымен суға түскен адам да су астында бес минуттан артық тұра алмай, белгісіз себеппен тұншығады. Көлге түсіп батып бара жатқан жандарды судан шығу үшін де бірнеше адамның көмегі қажет болады. Көлдің қауіпті екеніне қарамастан, оның суына түсуге бел буатын тәуекелшіл жандар да табылады. Жыл сайын саяхаттап келіп адамдар көлге батып кетіп жатады. Суға түскіш тәуекелшілдердің дені – саяхатшылар, жергілікті тұрғындар бұл көлге жолай бермейді. Суға батып кеткендердің денесі су бетіне қалқып шықпай, көл түбінде тікесінен-тік тұрып қалады екен. Біздің Қазақстандағы Өлікөл – бұл табиғаттың тылсым сырының айғағы. Жер бетінде экологиялық апат салдарынан пайда болған қауіпті су қоймаларымен қатар табиғаттың тылсым өз бойына бүккен біздің Өлікөл секілді көлдер де бар. Мысалы, тірі су ағзалары жоқ әрі қауіпті су қоймасына Камерундағы Ниос көлі де жатады. Ниос көлін «ажал құштырушы» деп те атайды. Камерун елінің солтүстік-бастысында орналасқан бұл Ниос көлі жер жаһанға «ажал құштырушы» деген атауымен кеңінен танымал болды. Ниос көлінің бұндай қорқынышты атқа ие болуының өзіндік тарихы бар. 1986 жылы көлдің айналасын мекендеген тұрғындар да, олардың мал-жаны да, жабайы жан-жануарлар да, тіпті ұсақ жәндіктерге дейін қырылып қалған. Ғалымдардың зерттеуі бойынша теңіз деңгейінен 1090 метр биіктікте орналасқан Ниос көлі бұрынғы жанартаудың орнына пайда болған. Көл түбіне жиналған улы көмірқышқыл газы маңайындағы тіршілікті тұтас жойып жіберген. Уақыт өте келе көл түбіне көмірқышқыл газы жинала береді. Сондықтан да бұл көл әлі де қауіпті көл саналады. Осындай қауіпті су қоймаларына Сицилиядағы «Өлім көлі» де жатады. Жер бетінде бұлардан басқа қауіпті көл-өзендер жеткілікті.



      1. Тылсым сөзіне мәндес сөзді көрсетіңіз.

А) терең
В) тұңғиық
С) қауіпті
D) құпия
Е) қатер

2. Мәтін мазмұнына сәйкес келмейтін ақпарат


А) Жыл сайын саяхаттап келіп адамдар көлге батып кетіп жатады.
В) Ең басты тылсым сыры – көлге түсіп шомылу: су астына сүңгу мүмкін емес.
С) Уақыт өте келе көл түбіне көмірқышқыл газы жинала береді.
D) Жер бетінде бұлардан басқа қауіпті көл-өзендер жеткілікті.
Е) Ниос көлі жер жаһанға «ажал құштырушы» деген атауымен кеңінен танымал болмады.

3. Ажал құштыру сөзінің мағынасын анықтаңыз


А) тура мағыналы сөз
В) көп мағыналы сөз
С) ауыспалы мағыналы сөз
D) негізгі мағыналы сөз
Е) номинативтік мағынадағы сөз

4. Кейінді ықпалды табыңыз.


А) өлікөл
В) өлім көлі
С) тірі ағза
D) су қоймасы
Е) қауіпті көл


ШАЙТАНКӨЛ (І нұсқа)
Баяғыда бір байдың Сұлушаш деген қызы болыпты. Байдың есігінде жүрген Тезек деген құлы Шұнақ деген күңімен қосылып, одан Алтай туады. Ол ер жетіп, Сұлушаш екеуі бір- бірін сүйеді. Бірақ бай қарсы болады. Алтайдың Қайсар деген досы, Сұлушаш үшеуі елден қашады. Олар Қарқаралының маңайындағы Жиренсақал деген жерді мекендейді. Сол жерде аң аулап, құс ұстап, күндерін көреді. Бір күні Алтай құс аулап жүріп, құзға кездеседі. Сол құзға бүркіт ұя салған екен. Алтай одан бүркіттің балапанын алмақшы болады. Бірақ жолы бол­май шыңырауға құлайды. Сұлушаш Тескен таста сырнай тар­тып отырады. Біраздан соң артынан ырылдаған дауыс естіледі, қараса артында арыстан тұр екен. Содан қорыққаннан көлге құлап өледі. Қайсар Сұлушашты іздеп осы жерге келсе, көлдің бетінде қыздың көйлегі, тақиясы жүзіп жүреді. Ол да сол көлге құлап өледі. Содан кейін бұл көл «Шайтанкөл» атаныпты.


ШАЙТАНКӨЛ (ІІ нұсқа)
Ерте уақытта екі жолаушы Қарқаралының ну орманын ара­лап жүріп, бір маралға кез болыпты. Сол маралы өздерінің та­зыларын қосады. Содан әлгі маралды тазылар қуа жөнеледі. Екі жолаушы олай да ойлайды, бұлай да ойлайды. «Бұл не сұмдық? Сағым ба, шайтан ба?» деп таңырқап тұрғанда, иттердің дауы­стары естіледі. Ол дауысты қуып, екі жолаушы жобалап келсе, әлгіндегі марал бір көлшікке түсіп тұрған екен. Жаңағы марал­ды алып, ауылға аттанғалы жатып, «Бұл не зат, сағым ба, шай­тан ба?» деп ойлайды. Содан бері бұл Қарқаралы маңындағы «Шайтанкөл» атауы осыдан қалған екен.





ШАЙТАНКӨЛ (ІІІ нұсқа)
Бір күні кешке қарай тау басындағы көлге барса, дыбыс шығады, ағаш арасынан бақылап тұрса, адам бейнелі біреулер суға шомылып жүр екен. Егделеу еркек бейнелісінің барлығы: «Әплит, әплит» деп бәйек болып жүрген сияқты. Әлгілерге білгізбей, шегініп кетіп қалады. Ертесіне елсіз алаңға тағы келеді, сөйтсе әлгі ібілістер тағы шомылып жүр екен. Әйел бейнелі егделеу біреуіне: «Жәплит, жәплит» деп бәйек болып жүр екен. Сонда Жиренсақал әулие: «Бұл өсіп өнетін ібіліс екен ғой. Әплиті-әкесі, Жәплиті-шешесі ғой» деп шыдай алмай дұға оқып, айқайлап жіберіпті: «Малғұндар! Енді кездессеңдер, маймылға айналдырып жіберемін!» деп ақырған. Әулие одан кейін де көлге бірнеше рет барған және түнеген де екен, бірақ шайтандарды қайтып кездестірмеген. Содан кейін ол шағын көл «Шайтанкөл» атанып кеткен екен.


ШАЙТАНКӨЛ (ІV нұсқа)
Баяғыда бұл көлді әулие мекендеген, суына беті-қолын жуған деп жұрт киелі су санапты. Жұма сайын қожа-молдалар бастаған байлар келген екен. Жағасында Құдайға арнап мал сойып, Құран оқытады. Шаншар ішінде Торсықбай дейтін қу болған. Бірде сол әлгіндей топтың үстінен шығады, құрбанға шалынған малдың мол етінен қарбыта асап, сары қымыздан сылқыта жұтармын деп жұтынады. Бірақ жуандар жыртық ша­панды кедейді табаққа жолатпайды. Бұған қорланған қу ішінен «тұра тұрыңдар, бәлем!» деп кете барады. Бір күні әлгілер көлдің басына тағы жиналады. Шартық қарын шүй желкелер мол табақты алдарына енді ала бергенде жақын жерден үрейлі үн шығады. Артынша тастардың бірінен сақалы сала құлаш, шашы жалбыраған бір мақұлық селтиіп шыға келеді. Үрейі ұшқан қожа-молдалар күбірлеп дұға оқиды, бірақ әлгі пәле тайсалмайды, дауысын құбылтып, құтырынып жақындай береді. Сол кезде қатты үрейі ұшқан бір бай орнынан ұшып тұрып, көзі алақтап: – Ойбай, шайтан! – деп төмен қарай зыта жөнеледі. Қорқып отырған жұрт орындарынан қопарыла тұрып, тым-тырақай қашады. Оларды шайтан боп үркітіп жүрген Торсықбай ешкі терісінен жасаған кепті шешіп тастап, «пісмілда» деп, жайрап қалған асты қолға алады. Содан бері әулиекөл осылай Шайтанкөл болып аталып кетіпті. Ал бұл туралы орыстар басқаша айтады. Бірде аңшылар атып алған бұғыны кейін бір айналып кеп алмақ боп осы Шайтанкөл жағасына қалдырады. Қайта келгенде көлді таба алмай: «Шайтан алғыр-ай, қайда кетті?» - деп іздесе керек. Бертінде шіркеудегі поп көлді бұрынғысынша атайық деп тақтайға жаздырып қойса, жұрт оны аулаққа лақтырып тастап, «Шайтанкөл» деп атапты.
Шайтанкөл Қарқаралының ең құпия көлдерінің қатарында. Көлдің түбін осы күнге дейін ешкім көре алмаған деген пікірде жоқ емес. Көлді айнала жартасты жыралар мен ну орман қоршап тұр. Ал суы ашық көгілдір түсті. Бұл судың қашан, қалай пайда болғандығы жайлы нақты дерек жоқ. Бірақ, біршама ғалымдар жанартау атқылауы салдарынан осындай көл құрылған деуде. 
inform.kz белсенді сілтемесі.



  1. Мәтінге тақырып таңдаңыз.

А) Шайтанкөл – ғажайып көл
В) Шайтандар мекен еткен көл
С) Шайтанкөл туралы аңыз-әңгімелер
Д) Шайтан көл атауы туралы аңыз
Е) Шайтанкөлдің құпиясы туралы аңыз

2. Мәтіндердің қай нұсқасындағы аңыз көл атауына сай?


А) 1,2-нұсқа
В)1,3-нұсқа
С) з-нұсқа
Д) 1,4-нұсқа
Е) 3,4-нұсқа

3. Есім сөзден жасалған етістік


А) жүзеді
В) болады
С) құлайды
Д) құрылған
Е) атаныпты

4. Көмекші есім қатыспаған қатар:


А) Қарқаралы маңайында
В) Көлдің жағасында
С) Төмен қарай
Д) Біраздан соң артынан
Е) ... деп атапты
5. Егделеу сөзіне мәндес сөз: ....
А) Мосқалдау
В) Кәрілеу
С) Жасөспірім
Д) Балауса
Е) Бүлдіршін кез
6. Қатыстық сын есімді табыңыз.
А) жыртық шапан
В) мол табақ
С) ну орман
Д) сары қымыз
Е) шашы жалбыраған
**



Тілдік бағдар


Дауыссыз дыбыстардың емлесі




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   57




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет