Р. Т. Наралиева, М. Ш. Тойғанбекова, Сұлтанова Б. М. Оқу сауаттылығы



бет10/57
Дата15.08.2023
өлшемі9,38 Mb.
#105300
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   57
(Жанаргүл Қадырова)


7. Ерейментау тауының атын қате айтып жүрсіңдер деп, түсінік берген адам кім?
А) Асан Қайғы баба
В) Сәбит Мұқанов
С) жоғалтқан атын тапқандар
D) Ресей санақшылары
Е) Иманжүсіп сері
8. Өлеңті өңірінің ерекшелігі – ....
А) мұнда алты ай – қыс, алты ай – жаз
В) терістікте қар ерімей ұзақ жатады
С) бұл шығыс өңірінің қары тез еріп кетеді
D) терістікке қарағанда қысы бір ай кеш түседі
Е) шілдеде түнде ауа салқындап, бойыңды мұздатады
9. «Топыр», «топан» сөздерінің мағынасын анықтаңыз.
А) көп адам, терең су
В) қаптаған қалың адам, су тасқыны
С) қаптаған қалың топ, жойқын су апаты
D) нөпір адам, қыран-топан күлкі
Е) қалың жиын, нөсер жаңбырдың суы
10. Сөйлемді толықтырыңыз. Ереймен тау баурайында ....
А) ермен деген шөп өседі
В) үш тұзды көл бар
С) жай күнінен желді күні көп
D) мал біткен далада жайылымда жүреді
Е) саятшылық, аңшылық , құсбегілік дамыған
11. Мәтін қандай стильде жазылған?
А) көркем әдебиет
В) ғылыми көпшілік
С) ауызекі сөйлеу тілі
D) ресми іс қағаздар
Е) публицистикалық
12. Мәтіннің мазмұнына сай келмейтін ақпаратты көрсетіңіз.
А) Табиғаты да ерекше, жазы аптапты кел­се, қысы алай-түлей боранды
В) «Шіркіннің ерейіп-ерейіп бітісін-ай!» – деген екен Сәбит Мұқанов
С) Тұзды батпақ– бұл буын аурулары үшін таптырмай­тын ем
D) ... тұзын ерте заман­­дарда асқа пайдаланыл­ғаны туралы деректер бар
Е) Ереймен таулары оңтүстігінде Аюлы-Нияздың сілемдерімен жалғасады


Т арихи тағылымды Тараз қаласы





  1. 2002 жылы Тараз өзінің 2000 жылдығын атап өтті. Орта ғасырларда Тараз Ұлы Жібек Жолының бойында орналасқан қалаларының бірі болған. Ескерткіштердің түгелдей жойылғанына қарамастан көп жылғы археологиялық жұмыстардың нәтижесінде көне және орта ғасырдағы Тараз өмірінің әртүрлі кезеңдерін сипаттайтын елеулі материалдар жинақталған. Қалаға ең бірінші келгендер – Ферғана алқабының соғдылары болған. 1997 жылынан бастап тарихи атауы қалаға қайтарылды. 2002 жылы Тараз өзінің 2000 - жылғы мерейтойын атап өтті. Орта ғасырларда Тараз Ұлы Жібек Жолының бойында орналасқан қалаларының бірі еді. Әсіресе Қарахан дәулеті кезінде гүлденген. ХІХ ғасырда Әулие-Ата Қоқан қамалы еді. ХІХ ғасырының 60-шы жылдарында Ресей империясының құрамына кірген. Кеңес Одағы кезінде Жамбыл облысының орталығы болды.

Тараз қаласында Айша Бибі, Бабаджа хатун, Қарахан, Тектұрмас кесенелері, Нәметбай мешіті және орта ғасырлық монша орналасқан. Қалаға көп деген өзіміздің және шетел туристері осы кесенелерді көруге асығады.


  1. Тараз шаһары тарихи оқиғаларға бай. Бұл қала, Таластан бастап, Наманган, Йени-Тараз, Әулие-ата, Мирзоян, Жамбыл, болып аталды. Киелі топырақта б.э. І ғасырында көшпенді халықтар өмір сүрген. Әйгілі ғалым В. Бартольдтің зерттеуіне сүйенсек, Тараздың іргесі б.э.д. қаланған. Сырдария мен Талас өзендерінің маңында б.э.д. 1 ғасырда 600 000-нан астам қаңлы тайпасы қоныстанған. Олар Жетісулық үйсіндермен жауласып, нәтижесінде ғұндармен бірігіп одақ құрған. Бұл оқиғаға Л.Н. Гумилевтің «Б.э.д. 36 жылдағы Таластағы соғыс» дерегі дәлел. Чжи-Чжи Талас бойында қалып, ұлы кент құрады. Екі жыл бойы соғылған қала мықты бекініс болып шықты. Дуалы екі қабаттан тұрды – сыртқы қабаты ағаш, ішкі қабаты лайдан соғылған. Кейбір деректерде, Талас деп атанған шаһардың соғылуына Марк Крассаның бүлінген армиясынан қалған Римнің легионерлері де жұмыс істеген деп көрсетілген.

Тараз еліміздің тарихында зор маңызға ие болуы ХV ғасырдың орта тұсына Қазақ хандығының іргесі қалану кезеңіне тұспа-тұс келеді. Хижраның 870 жылы, 1465-1466 жылдар Қазақ хандығының құрылған кезі болып қабылданған. Мұхаммед Хайдар Дулати өңір – Моғолстан хандығының батыс шеті болғандығын айтып, оны Иса Бұға ханның Жәнібек пен Керей сұлтандарға үлеске берілгендігін айтады. Жаңадан қаланған Қазақ хандығына бұл аймақ өте қолайлы мекен болды. Өзбек ұлысын билеуші Әбілқайыр хан қаза болып, оның құрамындағы қазақ тайпалары Жәнібек пен Керей басқарған хандыққа біржола өте бастайды. Алғашында жаңа хандық өзбек-қазақ елі деп аталады.
Орта ғасырда қала Тараз деген атауымен әйгілі болды. Өткен ғасырдың отызыншы жылдарының ортасында Әулие-ата қаласы Мирзоян болып аталды, содан соң ХХ ғасырдың Гомері атанған жыр алыбы Жамбыл ақынның атымен аталды. Тарихи атауы 1997 жылынан бастап қалаға қайтарылды. Қазақстан тәуелсіздігін алған соң Жамбыл облысының әкімшілік орталығы, тарихы бай көне шаһар туристік орталық болып өркендеді.
Бүгінгі Тараз
Тарихы мол қала бүгінде Жамбыл облысының орталығы болып табылады. Халық саны – 350 000 адамға жуық. Тараз қаласының халық санының 70% қазақтар. Қалада орыс, корей, өзбек, түрік, татар, неміс, күрд, қырғыз, дүнген, қырғыз, грек, ұйғыр ұлт өкілдері тұрады. Облыстың айтарлықтай аумағын Бетпақ-Дала және Мойынқұм алады. Оңтүстік-батыс пен оңтүстік-шығыс шеті таулармен шектелген. Сондай-ақ, мұнда Қарахан, Айша бибі, Бабаджа Хатун, Дәуітбек, Тектұрмас т.б. кесенелері, Мыңбұлақ сквері, Достық үйі, «Көне Тараз» тарихи-мәдени орталығы, Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған монумент, Бақылау мұнарасы, т.б. әлем және республикамызға танымал жәдігерлер мен орындар бар.

  1. Тараздың Кеңес Одағы жаңадан орнаған кездегі атауы:

А) Талас
В) Наманган
С) Иени-Тараз
D) Жамбыл
E) Әулие-Ата

14. Үйсіндермен жауласып, ғұндармен одақ құрған тайпа:


А) соғды
В) қазақ
С) өзбек
D) қаңлы
Е) ұйғыр

15. ХІХ ғасырда қала ... еді.


А) Қазақ бекінісі
В) Қоқан бекінісі
С) Қазақ қамалы
D) Қоқан қамалы
Е) Наманган қаласы

16. Дуал сөзінің мағынасы:


А) қабырға
В) ағаш қамал
С) бекініс
D) қоршау
Е) кереге

17. Ырықсыз етісті табыңыз.


А) істеген
В) атанды
С) өркендеді
D) қайтарылған
Е) орналасқан

18. Түбір есім сөзден жасалған етістікті көрсетіңіз.


А) соғылған
В) жойылған
С) қаланған
D) өркендеген
Е) жинақталған

19. Кірме сөзді көрсетіңіз.


А) тайпа
В) қала
С) қамал
D) дуал
Е) жәдігер

20. Тараз қаласының алғашқы тұрғындары:


А) Рим легионерлері
В) Ферғаналық өзбектер
С) Ферғана соғдылары
D) Қаңлылар
Е) Жетісу үйсіндері

* * * * * *


1998 жыл. 9 май еді. Жеңіс күні. Алматы. Панфилов паркіндеміз. Мереке күнімен бір-бірімізді құттықтап жатырмыз. Өзі бір «кампанбыз». Қалың қарағай түбіне шағын дастархан жайылды.
Ә сіресе жазушы Бек (Совхозбек) Тоғысбаев көңілділеу. Мен сөз кезегінде Бекке қарата:
Әкең сенің осындай азамат, жақсы жазушы болғаныңды көрмей, майданда қаза тапты, әттең... – деп едім, Бек кенет еңкілдеп жылады.
Алпыстан асты ғой. Әлі бала. Әке үшін. Ес білмей, жастай қалған жетім, соғыс жетімі жылады. Міне, бұл ұлы сезім, жүрегі жібіп, елжіреді. Жүрегі елжіремейтіндерден қорқу керек. Ондайлар жазушы бола алмайды.
Алпыс жылдан кейін әкесі есіне түсіп жылаған жетім.
Соғыстан қалған жетім.
Бұл да бір кем дүние...
(Ш.Мұртаза)
1. Мәтінге тақырып қойыңыз.
А) Жеңіс күні
В) Ұлы сезім
С) Соғыс жетімі
D)Жетімдер жылаған күн
E) Соғыстан кейінгі жылдар
2. Қалың қарағай түбіне дастархан не үшін жайылды?
А) Бектің әкесін еске алу үшін
В) Ұлы жеңіс мерекесіне орай
С) Қызыл әскерлер күніне
D) Соғыс жетімдеріне арналған
Е) Соғыс ардагерлерімен кездесу үшін




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   57




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет