Р. Т. Наралиева, М. Ш. Тойғанбекова, Сұлтанова Б. М. Оқу сауаттылығы



бет20/57
Дата15.08.2023
өлшемі9,38 Mb.
#105300
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   57
Жүзді азырқанған жазушы

Ертеректе, Жазушылар одағының үйінде бір жазушының мерейтойы өтіп жатты. 90 жасқа толған той иесі көпшілікке алғыс айтып, мінберде сөз сөйлеп тұрғанда, арт жақтан біреу:


Әлеке, Әлеке! Жүзге жет! Жүзге жет! – деп айқайлады.
Той иесі қаһарланып:
Ей, найсап! Жүзден артық сан білмейсің бе?! – деп ренжиді.
Сөйтсе Әлекең жүзді азырқанып жүргенде, тоқсан алтыға келіп, дүниеден өтті.
Бұл да бір кем дүние.
(Ш.Мұртаза)
1. Мына сөйлем қандай мәнерде айтылған?Той иесі қаһарланып:
Ей, найсап! Жүзден артық сан білмейсің бе?! – деп ренжиді.
А) сыпайы сөйлеу
В) шешендік арнау
С) ресми қатынас
D) ауызекі сөйлеу
Е) көркем мәнерде

2. Кірме сөзді табыңыз.


А) одақ
В) жазушы
С) қаһарлану
D) мерейтой
Е) азырқану


Абылай хан

Екі жыл бір ай Қалдан Сереннің қолында, күзет астында, бірақ бас еркі өзінде, жақсы күтіммен өткен тұтқындық кезеңінде Абылай жоңғар хандығының әскери жүйеге негізделіп, бір орталықтан, қатаң тәртіппен басқарылған мемлекеттік құрылымын, қорғаныс және ішкі экономикалық жүйесін мұқият зерттеген, ойрат тілін үйренген. Қалдан Серенге өзінің жеке басының озық азаматтық қасиеттерін мойындатып, тұтқыннан құрметпен босап, мол сый және қалыңдық алып оралған.


Абылай Ресей тарапынан өзін хандыққа тағайындау туралы бірнеше ұсыныстан үзілді-кесілді бас тартып, өзінің ұстазы, әкесі ретінде сыйлайтын жанның көзі тірісінде мұндай арандатуға бармайтынын мәлімдеген. Әр жағдайда ханмен ақылдасып, келісіп отыратынын айтқанда, жатжұрттықтар еріксіз таң қалған. Мансапқор емес, дүниеге қызықпайтын, ұстанған прин­ципіне берік Абылайдың мінез-құлқын айғақтайтын басқа да жазба деректер жеткілікті.
Қазақ халқын аман алып қалу үшін, көрші Ресей, Қытай мемлекеттерімен мәмлеге келіп отырған. Бұл жолда жеке басының мүддесі мен намысын құрбан етуге дейін барған, бірақ Қазақ хандығының тәуелсіздігіне сызат түсірмеген. Ұлты қазақ азаматтардың әрбіреуінің тағдырына Абылайдың бей-жай қарамағаны, әрбір қандасының өмірі мен бостандығы үшін табанды күресінің нақты мысалдары көп.
(Зарқын Тайшыбай)

1. Абылай хан тұтқында болған кезде нені терең зерттеген?


А) жоңғарлардың ойрат тілін
В) жоңғар халқының салт-дәстүрін
С) жоңғар хандығының әскери тәртібін
D) жоңғар мемлекетінің орталықтарын
Е) Қалдан Сереннің басқару жүйесін

2. Жатжұрттықтар оған не үшін қайран қалды?


А) Ресей ұсынысынан бас тартуына
В) мұндай арандатуға бармайтынына
С) Абылайдың дүниеге қызықпайтындығына
D) әр жағдайда ханмен ақылдасатынына
Е) ұлт тағдырына оның бей-жай қарамағанына



    1. Қалдан Серен Абылайды не үшін құрметтеп, сыйлаған?

А) мол сыйлық бергені
В) ержүрек, ақылдылығы
С) жеке азаматтық қасиеті
D) қазақтың сұлтаны болғаны
Е) туған халқын қатты сүйгені

4. Мәтіннің қандай үлгіде жазылғанын анықтаңыз?


А) суреттеу
В) пайымдау
С) сипаттау
D) хабарлама
Е) ақпараттық


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   57




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет