Р. Т. Наралиева, М. Ш. Тойғанбекова, Сұлтанова Б. М. Оқу сауаттылығы



бет17/57
Дата15.08.2023
өлшемі9,38 Mb.
#105300
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   57
Тілдік бағдар




Құр алақан

1-тапсырма.Сызықшаның, дефистің қойылу себебін түсіндіріңіздер.


2-тапсырма. Көп нүктенің, қойылу себебін түсіндіріңіздер.

Жарты әлемді жаулаған тағы бір жаһангер – Александр Македонский – Ескендір Зұлқарнайын өлген соң табыттан қолы шошаңдап шыға беріпті.


Бір данышпан алақанына бір шөкім топырақ салған соң ғана қолы сылқ етіп табытқа түсіпті.
Сөйтсе, Ескендір тірілерге:
Ей, жарандар, мен дүниенің жартысын жаулап, алтыннан тау
тұрғызсам да, о дүниеге ештеңе алып бара жатқан жоқпын. Міне, қараңдар, - деп алақанын ашып көрсеткені екен.
Қайран дүние, тіршілікте кім тойған...
Адамның ашқарақ көзі топыраққа ғана тояды.
Бір кем дүние...
(Ш.Мұртаза)

1. Жарты әлемді жаулаған жаһангердің қолы неге шошаңдап шыға берген?


A) Зұлқарнайын өлген соң табыттан қолы шошаңдап шыға беріпті
B) Данышпанның алақанына топырақ салғанға дейін қолы шыға берді.
C) Тірілерге о дүниеге ештеңені де алып кете алмайтынын ескерту үшін
D) Адамның ашқарақ көзі топыраққа ғана тоятын болғандықтан
E) Е. Зұлқарнайын алтын тау тұрғызса да, тойымсыз адам болғандықтан

2. Кейінді ықпалды көрсетіңіз.


A) ештеңе
B) тірілер
C) ашқарақ
D) жаһангер
E) жарандар

* * * * *


1-тапсырма. Дефистің қойылу себебін түсіндіріңіздер.
2-тапсырма. Үтірдің қойылу себебін түсіндіріңіздер.
Қасиетті қарт Қаратаудың қойнында Қарағай деген байдың тоқсан тоғыз (99) жирен қасқа тұлпарлары болыпты. Қанша дәулет бітсе де, бай қуанар егізге дегендей, байекем сол сәйгүлік жирен қасқалар жүзге жетсе екен деп армандапты. Арманның орындалуы қиындайды.
Бірақ, Құдайдың құдыреті, биелері қайтып жирен қасқа құлын тумай қойыпты. Қанша армандаса да, жүзге жеткізе алмайды.
Сондай күндердің бірінде бай ауылына ел кезген бір дуана келе қалады. Үстінде дұрыс киім жоқ, бірақ мінгені тұлпар, тұлпар болғанда жирен қасқа. Қараса, астындағы аты Жирен қасқа! Бай жігіттерін жұмсап, дуананың атын тартып алады. Бұдан асқан қорлық, бұдан асқан сорақылық бола ма?!
Сөйтсе, дуана жай дуана емес, қызыр шалған әулие кісі екен, таудан арқырап аққан асау өзенді бөгеп тастап, Жирен қасқасымен өрге шапшып, бай ауылын қарғап кетіпті. Бай дәулеттен айрылып, қайтып мал-мүлік құтаймай қойыпты. Бар тұлпарлары жоқ болады.
Тоқсан тоғыз Жирен хикаясын айтқан Өмірбек Байгелді.
Біреуі-ақ жетпеген. Дуананың қарғысынан Қарағай елі, адал, тынымсыз еңбектің арқасында Еңбек Ері Байгелдінің тұсында ғана арылған.
(Ш.Мұртаза)
1. Мәтінге лайық тақырыпты таңдаңыз.
A) Қарағай елінің жирен қасқасы
B) Дуананың жирен қасқасы
C) Дуана – қызыр шалған әулие кісі
D) Бірі кем жүз жиреннің хикаясы
E) Дуананың қарғысына ұшыраған Қарағай елі
2. Байдың арманы – ....
A) Тоқсан тоғыз жирен қасқасы
B) Дуананың жирен қасқа тұлпары
C) Жирен қасқаларын жүзге жеткізу
D) Бай мал-мүлкін қайта құтайту
E) Дуананың қарғысынан құтылу
3. Байдың дәулетінен айрылуының басты себебі – ....
A) Жирен қасқаларды жүзге жеткізем деп армандауынан
B) Бай ауылына ел кезген дуананың келуінен
C) Бай жігіттерін жұмсап, елге қорлық көрсетуінен
D) Дуананың бай ауылын қарғап кетуінен
E) Жирен қасқа түлпарлардың жүзге біреуі-ақ жетпеуінен
4. Мәтін мазмұнына сай емес ақпаратты анықтаңыз.
A) Байдың мал-мүлкі қайтып құтаймай қойды
B) Байдың ауылы дуананың қарғысына ұшырамады
C) Жирен қасқа хикаясын Өмірбек Байгелді айтты
D) Қарағай елі адал еңбектің арқасында қарғыстан құтылды
E) Дуана таудан арқырап аққан өзенді бөгеп тастады




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   57




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет