Р. Т. Наралиева, М. Ш. Тойғанбекова, Сұлтанова Б. М. Оқу сауаттылығы



бет18/57
Дата15.08.2023
өлшемі9,38 Mb.
#105300
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   57
Ұлытау өңірі

Қ азақ мемлекетінің қалыптасуы Ұлытау өңірімен тығыз байланысты. XV-XVI ғғ. Ұлытау өңірі Жетісу және Оңтүстік Қазақстанмен қатар қазақ хандығының орталықтарының бірі болды. Өңірдің саяси маңыздылығы қазақтардың Сырдария бойындағы қалаларды жаулап алып, Қазақ хандығының астанасын Түркістан қаласына ауыстырғанға дейін сақталып тұрды. Өңір аумағындағы тарихи-мәдени ескерткіштерді қазақ халқы ерекше қастерлейді.


Қазақ хандығы дәуірінде Орта Азиядан Ресей жеріне баратын жолдар Ұлытау өңірі арқылы өткен. Бетпақ даланы тіке бағытта кесіп өткен керуен жолдарының ішінде танымал болған – Орта Азия мен Қазақстанның солтүстік өңірлері арасындағы сауда байланыстарын дамытуда маңызды роль атқарған Жетіқоңыр немесе Кендірлік жолы. Екінші бір маңызды керуен жолы – Сарысу жолы болды.
Қарастырылып отырған кезеңде Ұлытау өңірінде сауданың үш түрі: аралап жүріп айырбастау, мерзімдік жәрмеңкелер және тұрақты сауда түрлері орын алды. Ұлытау өңірінің тарихи географиясындағы шаруашылықтың бір аспектісі – жәрмеңкелердің қызметімен байланысты. Жәрмеңке саудасы таза көшпелі мал шаруашылығы дамыған Ұлытау өңірі үшін маңызды болды. Мәселен, Петропавловск қаласына жыл сайын тек қана қазақ даласынан, оның ішінде Ұлытау өңірінен 550 000 ірі қара және қой малы әкелінеді. Петропавловскіден дала өңіріне 200-1000 шақырым кеңістіктен – Семей облысынан, Балқаш көлі маңынан, Шу өзенінің бойынан, Ташкенттен жыл сайын қазақтар, ташкендіктер мен бұқарлықтар, орыс приказчиктері шілде айында ұлан-ғайыр мал табындарын айдайды. ХІХ ғ. екінші жартысында дала өңірінде мал айдайтын жолдармен, жаз айларында Ақмола облысының ғана емес, Еуропалық Ресейдің де өндіріс орталықтарына мал табындары жеткізілетін болған. Ұлытау өңірінің сауда қарым-қатынастары үшін Есіл қаласының маңызы да үлкен болып табылады. 1858 жылы онда орналасқан Никольск жәрмеңкесінде (екі апталық, 6 желтоқсаннан басталады) 2 661 065 сом тауардың 2 417 780 сомына сату жүргізіледі, яғни барлық тауар қалдықсыз сатылады. Бұл жәрмеңкеге тек қана Ресейдің ішкі губерниялардан ғана емес, тіпті Таганрог пен Одесса қалаларынан сауда жасауға келеді.
Ақмола облысының Атбасар станицасында «Петровская» деп аталатын жәрмеңке 10 маусымнан 5 шілдеге дейінгі аралықта жұмыс істеп, Ұлытау өңірінің халқы өз малдарын осы жәрмеңкеде саудалады. Бұл жәрмеңкенің ашылуы Ұлытау өңірінің сауда қатынастары үшін тиімді болды. Өңір халқы бұрын өз малдарын Орынбор, Троицк қалаларына апаратын болса, енді осы жәрмеңкеге әкелетін болады. Ұлытау өңірінің «бағаналы» аталатын ең жақсы қойлары жәрмеңкеде негізгі сауда көзі болған [4, 183]. 1897 жылы жәрмеңкеге 94 499 қой әкелініп, жәрмеңкенің сауда айналымы 1 миллион рубльге жетеді.
(Жұмабеков Ж.Ә. Ұлытау өңірінің тарихи
географиясы (XV ғ. – XIX ғ. соңы)

        1. Ұлытау өңірінің сауда-саттығы үшін маңызды қала:

А) Ақмола
В) Семей
С) Одесса
D) Есіл
Е) Орынбор


2. Ілгерінді ықпалды табыңыз.
А) Жәрмеңке
В) Ақмола
С) Атбасар
D) Кеңістік
Е) Таганрог
3. Николск жәрмеңкесі орналасқан орын - ....
А) Ұлытау
В) Атбасар
С) Есіл
D) Сарысу
Е) Орынбор
4. «Петровская» жәрмеңкесіндегі негізгі сауда тауары – ....
А) Ұлытаудың ірі қара малдары
В) Қазақтардың сәйгүлік жылқысы
С) Ұлытаудың«бағаналы» қойлары
D) Ресейден келген тауарлар
Е) Ташкеннен келетін тауарлар


5. Мәтін қандай стильде жазылған?
А) көркем әдеби
В) ғылыми
С) публицистикалық
D) ресми-іскери
Е) ауызекі сөйлеу


6. Ұлытау өңірінде сауданың қай түрлері басым орын алды?
А) көтерме
В) бөлшектік
С) алмастыру
D) тұрақсыз
Е) айнымалы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   57




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет