Р. Т. Наралиева, М. Ш. Тойғанбекова, Сұлтанова Б. М. Оқу сауаттылығы



бет44/57
Дата15.08.2023
өлшемі9,38 Mb.
#105300
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   57
Мен тас емес, рух іздеп жүрмін

Мені Моңғолияға баруға жетелеген - мына бір аңызға бергісіз оқиға. Баян-Өлгейге барған Мұхтар Мағауин түннің бір уағында балбал тастарды құшақтап еңіреп жылапты. Ұрпағың азып барады, тұрыңдаршы деп балбалдарға тіл қатып жаңбырлы түннің астында өксіген көрінеді. Міне, осы бір әңгіме маған ерекше әсер етті. Мұндай көңіл-күйді мен де сезінгім келді. Көбінде біздер өзге елдің құндылықтарына сүйсінетін әдетіміз бар ғой. Мәселен, Қытайдағы ұлы қытай қорғаны, Египеттегі пирамидалар сияқты көп елдің өткен өмірінен сыр шертетін, бүгінге дейін сақталған нақты көне мұралары бар. Қазақта мұндай қолтаңба бар ма деген сұрақты өз-өзіңе қоясың. Ерейментау бағытында, Торғай атты елді мекенде екі балбал тас тұр. Өте әдемі, түркі дәуірінен қалған тас. Айына бір рет барып күш-қуат жинап қайтамын. Себебі, тың игеру кезінде көбісі техниканың табанына түскен. Қиратылған, ұрланған. Көшпелі мал шаруашылығының бір ерекшелігі, Алла тағала жерді қалай берді, адамдар оған ешқандай өзгерту жасамай (өзенін бұрмай, қолдан көл жасамай, тауын теспей) сақтаған.


Бал-бал тастардын мені қызықтыратыны, мен тас емес, рух іздеп жүрмін. Алаш зиялыларының елдік рухы, ұлтшылдығы, халық үшін кез келген құрбандықтан таймайтыны, даналығы һәм өжеттігі. Ал бүгін бір тұлғаның бойынан осыншама қасиеттерді көру өте қиын болып кетті: ғалым болса, күрескер емес, күрескер болса ғалымдығы жоқ, қайраткер болса, мінез жоқ...
(Ерлан Карин)

Тапсырма: Тыныс белгілердің қойылу себебін түсіндіріңіздер.




Бердібек Соқпақбаевтың ерлігі

Мен Бердібек Соқпақбаевты ерте таныдым. «Балдырған» журналы ашылып, екеуміз де сол журналға әдеби қызметкер болып орналастық. Бекең ол кезде Мәскеудегі Жоғары Әдеби курсты бітіріп, жақында ғана елге оралған. Жай ғана оралған жоқ. Республиканың республика емес, колония екенін ұғып келді. Сол жылдары Ташкентте Азия және Африка жазушыларының халықаралық конференциясы өтті. Міне, осы конференцияға Нұрсұлтан Әлімқұлов деген ақын екеуі «Бізді арнайы шақырыңыздар! Біздің айтатын уәжіміз бар. Біз отарланған елде өмір сүріп жатырмыз...» деп телеграмма беріп, біздің саққұлақтарды біраз састырған.


Ол заман үшін мұның өзі барып тұрған ерлік болатын. Жай ғана ерлік емес, көзсіз ерлік! Ол кәдімгі қан қақсаған сорлы әдебиеттің ышқына шыққан жан дауысы еді. Осыдан ширек ғасыр өткен соң Бердібек ағамыз ойда жоқта опат болды. Оны қала сыртындағы саяжайында асылып тұрған жерінде арқаннан суырып алды. Бұл, әрине, жұмбақ жағдай.
Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының қырық жылдық ұлы тойында ғой деймін, ұмытпасам, Балтық жағалауынан келген бір делегация жетекшісі өзінің құттықтау сөзінде небары екі-үш қазақ жазушысының атын атап өтті. Соның бірі – Мұхтар Әуезов болса, екіншісі – Бердібек Соқпақбаев еді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   57




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет