Р. Т. Наралиева, М. Ш. Тойғанбекова, Сұлтанова Б. М. Оқу сауаттылығы


(Ш.Мұртаза) ІІ Адал мен арамның таразысы



бет51/57
Дата15.08.2023
өлшемі9,38 Mb.
#105300
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   57
(Ш.Мұртаза)


ІІ Адал мен арамның таразысы
(Мешітте айтылған уағыз)

Бір кедей пенде жалғыз сиырын сауып, соның сүтін сатып динар ақша жинайды екен. Бір қалта динар жинаған әлгі кісі кемеге мініп, бір жағдаймен жолға шығады. Кемеде келе жатып ұйықтап кетеді. Сонда бір маймыл оның динар салған қалтасын ұрлап алып, кеме желкенінің ұшар басына шығып кетеді. Жолаушы оянып, ары-бері қараса, динар салған қалта жоқ! Ары іздейді, бері іздейді. Ақыры желкеннің ұшар басында отырған маймылды көреді. Қараса, маймыл бір динарды алып мұның қолына лақтырады. Келесі динарды алып теңізге лақтырады. Сөйте сөйте қалтаны босатады. Мәнісі: әлгі міскін сиырын сауып, сүтін сатарда аздап су қосады екен. Иесіне лақтырған динар – адалдан. Теңізге лақтырған динар – арамнан. Яғни, судың үлесі – суға, сүттің үлесі – иесіне. Әр заманда адал мен арамның арасын анықтап тұратын осындай таразы болса ғой, шіркін.Бірақ ондай құрал жоқ қой...


Бір кем дүние.
(Ш.Мұртаза)

1-тапсырма: Сызықшаның, дефистің қойылу себебін түсіндіріңіздер.


2-тапсырма: Тыныс белгілердің қойылу себебін түсіндіріңіздер.
ІІІ «Жалғыз бала» уайымы

Алматы. Мұқан Төлебаев пен Қонаев (бұрынғы Карл Маркс) көшелерінің арасы...


Алаңқайда субұрқақтар, айнала шыршалар. Ортада Дінмұхаммед Қонаев бюсті.
Скамейкала Ғабең – Ғабит Мүсірепов және мен.
Ғабең маған:
Сонымен, «жалғыз бала» проблемасын жаз дейсің ғой. Қиы-ы-ын. Біз көбеюміз керек. Біз жиылсақ – көппіз. Жайылсақ – жоқпыз.
Жер кең. «Жалғыз бала» мәселенің бір жағы. Ал баласы бар-ау деген ең зиялы адамдардың арты қандай? Қаныш, Мұхтарлардың есіктері жабылып қалды. Мен өлген күні... Менікі де... Сондықтан бардың өзі тіл, психология жағын қайтеді? Баласы көп Қапан еді (Бадыров), сұрасам:

  • Балаларым, немерелерім қазақша сөйлемейді, - дейді. – Тіл жүрген жерде ұлттық сана-сезім жүреді. Ал сана-сезім теңдікке ұмтылады.

...Фонтан жаны. Бюст түбі. Қараңғылық қоюланып, салқын тартты. Қолтықтасып, біз қайттық. Уайым көп.
Бір кем дүние.
(Ш.Мұртаза)
Тапсырма: Сызықшаның, дефистің қойылу себебін түсіндіріңіздер.
Тапсырма: Тыныс белгілердің қойылу себебін түсіндіріңіздер.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   57




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет