Р. Т. Наралиева, М. Ш. Тойғанбекова, Сұлтанова Б. М. Оқу сауаттылығы



бет46/57
Дата15.08.2023
өлшемі9,38 Mb.
#105300
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   57
Бауыржанның сабағы

Бауыржан әманда ой үстінде жүретін кісі еді. Өлең де жазатын. Мақал-мәтелдер де шығаратын. Соларын күн демей, түн демей жақсы көретін аға, іні, дос-жарандарына телефонмен оқып беретін, пікір тыңдағысы келетін әдеті бар болатын.


Оның бұл қасиетін білмей тұрған ертерек жылдардың бірінде кештеліп телефон шылдыр ете қалды. Көтерсем, жуандау келген қатқыл дауыс – Бауыржан даусы. Жаңылмасам, телефонды алғаш рет шырылдатып тұрғаны.

  • Иә, Бауке, құлағым сізде, – деймін жүрек лүпілін басқан болып.

  • Қолыңа қағаз бен қарындаш алғын, – деді Бауыржан.

  • Ал алдым.

  • Жазғың ендеше, – деп Бауыржан өзі шығарған екі шумақ өлеңді жіктеп оқи бастады. – Жазып болдың ба?

  • Болдым Бауке.

  • Қалай екен?

  • Айтары жоқ-ау тіпті.

  • Өтірік мақтап тұрған жоқсың ба?

  • Өтірік мақтап не құдай атыпты, Бауке...

  • Ендеше қайталап оқығың өзіме...

Менің үнім өшті де де қалды.

  • Ау, неге үндемейсің?

Ал мен болсам не дерімді білмей тұрмын. Өйткені қолымда қағаз да, қарындаш та жоқ. Тексереді деп ойламағанмын ғой.
Содан былай қарай Бауыржан Момышұлы телефон соғар болса, қағаз бен қарындаш ала отыру әдетіме айналған еді.
(С.Шаймерденов)

1-тапсырма: Сызықшаның, дефистің қойылу себебін түсіндіріңіздер.


2-тапсырма: Көп нүктенің, қойылу себебін түсіндіріңіздер.


Сәбиттің тапқырлығы

Бір мың тоғыз жүз елу үшінші жылдың жазында Алматыға швед жазушысы Артур Лундквист келді. Қазақстан Жазушылар одағының Пролетар көшесіндегі айналасының бәрі күйкі де лас сыйықсыз үйде тұратын кезі. Сол үйді көрсетуге ұялған одақ басшылары Қазақстан Орталық Комсомол Комитетінің үйін демалыс күнге сұрап алып, алыстан келген қонағын сонда қабылдады. Шет жұрттық жазушыны бірінші рет көруім. Қорқам ба, әлде ұяалам ба, әйтеуір кейінірек отырып қонақты алыстан бақыладым. Қазақстан Жазушылар одағының председателі Жаймурзин Әбдірайім отырғандарды таныстырды. Содан кейін қазақ әдебиеті туралы, жалпы қазақтар туралы әңгімені Сәбит Мұқанов бастап кетті. Қазақтың сүйкімді дәмі – қымызға айрықша тоқталды: пәлен проценті май, түген проценті спирт, пәлен проценті ана витамин, түген проценті мына витамин. Бұдан бөлек мынанша проценті темір қышқылынан, түген проценті ана қышқылдан, мына қышқылдан тұрды деп түсіндіріп отырған.


Мұның бәрін ғылыми дәл анықтама деп түсініп, бірін қалдырмай жазып алып отырған Артур есептеп-есептеп:

  • Мына айтқандарыңыз жетпіз тоғыз процент болып шықты. Қалғаны не сонда ? – деп сұрамасы бар емес пе!

Сәбит мүдірген жоқ.

  • Қалғанының бәрі ғылым ашпаған жаңа витаминдер.

Отырған жұрт ду күлді. Сөз төркінін түсіне бастаған қонағымыздың да ішек-сілесі қатты. Мұның өзі арадағы әлде қайтер екен деген салқындықтың ініне су құйып тастады.
(С.Шаймерденов)

Тапсырма: Сызықшаның, дефистің қойылу себебін түсіндіріңіздер.


Тапсырма: Көп нүктенің, қойылу себебін түсіндіріңіздер.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   57




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет