Құрамы мен қызметкерлері арасында алғашқы рет өз жалауын көтеріп, Ұлы Жеңістің 70-жылдығына арналған 58 ші «Денсаулық-2015»


Сөз аралығындағы ілгерінді ықпалды



Pdf көрінісі
бет2/7
Дата06.03.2017
өлшемі2,23 Mb.
#8127
1   2   3   4   5   6   7

Сөз аралығындағы ілгерінді ықпалды 

табыңыз.

А) Жазғытұры жан-жануар жанданады.

В) Апам қызыл күрең шай ішеді.

С) Жерге жасыл жібек төсегендей.

D) Қас пен көздің арасында болды.

Е) Ер шекіспей бекіспейді.

Тест тапсырмасының мақсаты- берілген 

сөйлемдер тобын орфоэпиялық нормаға сай 

оқи отырып, айтылу кезінде байқалатын сөз 

аралығындағы ілгерінді ықпалды танып, дұрыс 

көрсете білу. Неге айтылу кезінде, себебі қазақ 

тілінде түбірге жалғанатын қосымша үнемі 

ілгерінді ықпал заңдылығына сай жалғанады. 

Ал әрбір жауаптағы сөйлемнің құрамындағы 

сөздерге  қосымша  осы  заңдылыққа  сай 

жалғанып тұр. Дұрыс жауапты белгілеуде 

де  оқушының  тақырып  бойынша  белгілі 

білімі, қалыптасқан практикалық дағдысы 

мен икемділігі болса, «В» жауабындағы сөз 

аралығындағы «қызыл күрең» [қызыл гүрең] 

тіркесі екенін таба алады. 

Тұтастай  ілгерінді  ықпалға  бағынған 

мақал-мәтелді табыңыз.

А) Арықтың жілігі татымас.

В) Тату үйдің тамағы тәтті.

С) Қымызы бар үйдің қызығы бар.

Д) Жұмысы бағу еді.

Е) Піл көтермегенді тіл көтереді.

Тест 

тапсырмасының 



мақсаты-

жоғарыдағыдай.  Дұрыс  жауап-  «Е».  Бұл 

тапсырманың ұтымдылығы- жауаптардың 

әдемі берілуі және дұрыс жауапта қосымшаның 

түбірге  жалғану  жағдайы,  яғни  ілгерінді 

ықпалдың жазуда ескерілетін жайы мен ай-

тылу кезінде ғана байқалатын жағдай [піл 

гөтермегенді], [тіл гөтереді] қатар берілуі. 

Сондықтан  да  сұрақтың  «тұтастай»  деп 

тұрғаны-осы. Немесе



Қатаңға аяқталған сөздердің соңғы ды-

бысын өзгертетін қосымшаны табыңыз.

А) Жіктік жалғау.

В) Тәуелдік жалғау.

С) Септік жалғау.

Д) Көптік жалғау.

Е) Сөз тудырушы жұрнақ.



Қосымша қосылғанда кейінді ықпалдың 

әсерінен өзгеретін түбірді табыңыз.

А) Қап, қаш.

В) Тарт, жар.

С) Ор, теп.

Д) Кеп, тап.

Е) Жат, сат.

Соңғы екі сұрақ «Түбір мен қосымша 

арасындағы кейінді ықпал» тақырыбына 

арналған. Бұл тест тапсырмаларының сұрағы 

жоғарыдағы  тест  сұрақтарынан  өзіндік 

айырмашылықтары  бар.  Яғни,  сұрақтың 

өзі логикаға құрылған. Кейінді ықпалға тән 

заңдылықтың  бірін  теориясымен  сұраса, 

екіншісінде оны практикалық түрде сұрайды. 

Демек, бағдарламадағы оқушы біліміне және 

дағды мен икемділігіне қойылатын талапты 

орынды сынау.

Тілдің үлкен бір саласы - грамматика.Жал-

пы білім беретін мектеп бағдарламасында бұл 

тарау 6-8- класта оқылады.Грамматиканың 

бір саласы- Морфология. Ал Морфологияның 

қарастыратын  объектісі-  сөз  таптары. 

Тіліміздегі сөздерді сөз табына 3 белгімен, яғни, 

оның лексикалық мағынасына, морфологиялық 

белгісіне, синтаксистік қызметіне қарай тап-

тастырады. Тест сұрақтарында да сөз таптары 

осы белгілері арқылы сұралып отырады. Бірақ 

тағы да тест сұрақтары соншалықты жеңілдетіп 

беріледі. Мысалы:

Сілтеу  есімдігінің  септелу  түрін 

көрсетіңіз.

А) Ертеңге дейін, машинамен.

В) Бұған, онымен.

С) Да, де, және.

Д) Күтер, оқыт.

Е) Сегізде, бірде.

Тест тапсырмасының мақсаты- есімдіктің 

тұрақсыз белгісі, оның түрленуін танып, оны 

дұрыс таба білу. Сілтеу есімдігі қатарына жа-

татын сөздерді тани білетін оқушы үшін бұл 

жауаптың да қиындығы жоқ. Дұрыс жауаптың 

«В» екенін оқушы бірден таба алады. Енді 

бұны мына сұрақпен салыстырып көрейік.

Сілтеу есімдігінің түрленуін тап.

А)  Біреудің жанарында,

Біреудің табанында

Сап- сары жапырақтар жолығуда.

В) Мына жолмен уайымсыз әлі талай 

өтерсің,


Шыға алмаған асуыңа, аман болсаң 

жетерсің.

С) Қызғанады біреулер, жек көреді.

Д) Есімде менің алдыңа сенің барғаным, 

Санаңды бөліп, сөзімді менің алмадым.

Е) Кірлесе көңіл, нұрына соның жуамын.

Тест тапсырмасының мақсаты- сілтеу 

есімдігінің  тұрақсыз  белгісін  яғни  оның 

сөйлем ішінде түрлену 

жағдайын табу.

Жоғарғы тапсырма-

дан айырмашылығы- 

әрбір жауап жекелеген 

сөзбен емес сөйлемнен 

тұрады; әрбір сөйлемде 

есімдіктің мағынасына қарай түрлері кездеседі; 

және олардың сөйлем ішіндегі түрлену фор-

малары әр түрлі. Демек, оқушы жұмыс жа-

сауда ойланады, салыстырады, тани отырып, 

қайсысы қалай түрленіп тұр;  маған керек « 

түрленген сілтеу есімдігі қайсысы және ол 

қалай түрленген» деген сұраққа жауап іздейді. 

Сөйте отырып, «В» және «Е» жауабын салы-

стыра келіп, «Мына» сілтеу есімдігінің сөйлем 

ішінде атау тұлғада түбір күйінде жұмсалса, ал 

«сол» есімдігінің түрленіп, яғни септеліп ілік 

септік тұлғасында жұмсалғанын тани алады. 



Дұрысы - «Е» жауабы. Немесе       Түрленген 

зат есімі бар қатар.

А) Өмір- үлкен мектеп.

В) Кітап- алтын қазына.

С) Оқу- білім бұлағы.

Д) Ғылым- теңіз, білім- қайық.

Е) Кітап- тілсіз мұғалім.

Сұрақ  зат  есімнің  морфологиялық 

белгісіндегі оның тұрақсыз белгісі, яғни, 

сөйлем ішіндегі  түрленуін сұрап,  дұрыс тану-

ды талап етеді.

Жауаптар да өте орынды құрылған. 1-ден, 

әр жауаптағы сөйлемдер зат есімдерден тұрады. 

Тек «үлкен», «тілсіз» деген сын есімдерден 

басқасы. 2-ден, сөйлемдегі барлық зат есімдер 

атау тұлғада жұмсалып тұр.( «С» жауаптан 

басқасы). Ал «С» жауаптағы «бұлағы» зат есімі 

тәуелденіп атау тұлғада жұмсалса, тәуелденген 

зат есіммен тіркесіп тұрған «білім»  зат есімі 

септеліп ілік септік тұлғасы жасырын форма-

да қолданылып тұр. Міне, осы зат есімдерге 

негіздей отырып, дұрыс жауап та осы.

Ал  апелляцияға  келген  оқушы  «Мен 

қазақ тілінен түрленген деген сөзді естіген 

жоқпын,ол не?» деп келді. Неге айтты? Ойла-

натын жай... . 

Ал мына тест тапсырмасының сұрағы бы-

лай құрылады.

Сан есім сөйлем мүшесі болмай тұрған 

қатарды анықтаңыз.

А) Ол,біріншіден, тапсырманы орындамай 

келмейді.

В) Жер бетінің 70 %-ын су алып жатса

адам денесінің де 70 %-ын су құрайды.

С) 1 сағат ішінде мексикандық 180 рет, 

италиялық 80 мәрте, фин 1 рет қана ым жасаса, 

ағылшын осы уақыт аралығында бірде-бір ым 

қолданбаған.

Д) Жігітке бірінші- білім, екінші- ғылым, 

үшінші- ұғым керек.

Е) Өзіндік ойы бар екі адам пікір алмасса, 

екеуінде де екі-екіден ой қалыптасады.

Тест тапсырмасының мақсаты- сөйлемде 

синтаксистік қызмет атқара алмайтын, бірақ 

сөйлемдегі ойға өзіндік қатысы бар, яғни, 

ойдың  саналу  тәртібін  көрсететін  оқшау 

сөздің бір түрі қыстырма сөзді табу. Алды-

мен, сұрақтың өзі қыстырма сөздің бір белгісі 

арқылы беріліп тұр, екіншіден, әрбір жауап-

та құрамы мен мағынасына қарай әр түрлі сан 

есімдер берілген, үшіншіден, олардың сөйлем 

ішіндегі қолданылуы да әр түрлі.

Дұрыс жауапты табуда оқушы сан есім 

бойынша жұмыс жасай отырып, олардың 

синтаксистік қызметін ажырату керек. Яғни, 

синтаксистік  талдау  тәртібін  еске  түсіре 

отырып жұмыс жасауы қажет. Сонда ғана 

«А» жауаптағы «біріншіден» сан есімінің  

сөйлемнің құрамындағы өзге мүшелермен 

грамматикалық  байланысқа  түспейтінін, 

осыған орай сұраққа да жауап бере алмай-

тынын, сондықтан да ол сөйлем мүшесінің 

қызметін атқара алмайтынын дәл таба алады.  

Міне, соңғы кезде қазақ тілі пәні бойынша 

тест сұрақтарының мазмұны осылайша жан-

жақты кеңейтіліп күрделенуде. Оның әлі де 

жетілдіріліп, толықтырылуын қалаймыз.

Әрине, бұл біздерге, пән мұғалімдеріне де, 

үлкен жауапкершілікті жүктейді.

Және бір жағымды іс- соңғы 3 жылда ҰБТ 

материалдарының жойылып отырылуы. Егер 

оқу процесіндегі жауапты кезең емтихан де-

сек, оның материалдарының әркімнің қолында 

жүруі құптарлық іс емес. Керісінше мектеп 

бағдарламасындағы білім мазмұнына сай білім 

алып, белгілі дағды, икемділігі қалыптасқан 

оқушы сынақтың қандай түрінен де өте алады.

Соңғысы «Әр халықтың ана тілі- білімінің 

кілті» десек, тілді толық игеру, оның мәні мен 

маңызын дұрыс түсіну өзге ғылым салаларын 

меңгерудің және түрлі тәсілдерді қолдана от-

ырып жүргізілетін білім сынақтарынан сәтті 

өтудің  бір кепілі екенін ұмытпауымыз керек. 



Сұлушаш Утарова,

Облыстық дарынды балаларға 

арналған мамандандырылған 

мектеп-интернатының мұғалімі

Ұ Б Т - д а н   к е й і н г і   о й л а р

3

*** Аудандардан хабар***

Жайық ұстазы

12 наурыз, 2015 ж.

Мектептің    басты  міндеті  оқушыларға 

білім  берумен  қатар  жан-жақты  жарасымды, 

жүйелі  интеллектуалды  рухани  тәрбие  беру 

және олардың денсаулығын мықты етіп өсіру 

болып табылады. Дене тәрбиесі пәнін оқытуда 

мұғалімдердің жұмысында оқу құралдарының 

жетіспеушілігінен    көптеген  қиындықтар  кездеседі.  Осыған 

қарамастан, дене тәрбиесі пәнінің мұғалімдері оқушылардың 

салауатты  өмір  салтын  қалыптастыруына,  денсаулығының 

мықты болып жетілуі жолында қажырлы еңбек атқарып жүр. 

Сондай жандардың бірі-Қанат Ізімғалиұлы Аяшев.  

Ол 2001 жылдан бастап Пятимар жалпы орта мектебінде  

қызмет  істеп  келеді.  Мұғалім  қашан  да  ізденіс  үстінде, 

педагогикалық  өзекті  мәселелерден  тыс  қалмай,  өзінің 

кәсіби  шеберлігін  шыңдай  жүріп,  білген-түйгендерін  үнемі 

әріптестерімен бөлісіп отырады. 

Білікті ұстаздың іс-тәжірибесі мектеп ішінде, аудан көлемінде  

таратылып,  бірнеше  сабақ  жоспарлары    «Мектептегі  дене 

шынықтыру»    және  «Мұғалім  шеберханасы»  республикалық 

ғылыми-әдістемелік  журналдарында  жарық  көрді.  Өзінің 

біліктілігі  мен  іскерлігінің  арқасында  оқушылармен,  ата-

аналармен, әріптестерімен де ортақ тіл табысып келеді. Өзгеге 

де, өзіне де қатал талап қойғыш жан, алайда  соның нәтижелері 

өз жемістерін беруде.   

Оқушылары  -  түрлі  аудандық, 

облыстық  жарыстардың  жеңімпаздары.  Атап  айтсақ,  мектеп 

мақтанышына  айналған  оқушылары  И.Елдосова,  А.Өтеуова 

волейболдан 

облыстық 

жарыстардың 

жеңімпаздары, Ж.Сатыбалдин - қазақ күресінен  

облыстық турнирдің жүлдегері. Оқытушының 

өзі де стол теннисінен, волейболдан аудандық 

жарыстардың 

жеңімпазы, 

ардагерлер 

арасындағы  облыстық  самбо  күресінен  І 

орын/2013/,    ІІІ  орын  /2014/  .  Әріптестері    атынан  Қанат 

Ізімғалиұлына  шығармашылық  табыс  тілей  отырып,  оның 

әлі  де  талай  асуларды  бағындырып,  алынбаған  қамалдарды 

алатынына кәміл сенеміз!

                         

Райля Ажмухамбетова, 

Пятимар жалпы білім беретін орта мектебінің 

бастауыш сынып мұғалімі,

Жаңақала ауданы

Осы  жылдың  ақпан  айында  Зеленов 

ауданы, Новеньков орта мектебінде  Зеленов 

аудандық  білім  бөлімінің  басшыларының  

ұйымдастыруымен      «Сапалы  білім-

оқытудың  басты  нысаны»    тақырыбында 

аудандық  семинар  болып  өтті.    Мақсаты: 

«Дінтану  негіздері  факультативтік    курсы  

пәні    мұғалімдерінің    біліктілік  деңгейін  

көтеру,  кәсіби  құзыреттілігін  дамыту».  

Аудандық    білім  бөлімінің    мамандары 

(Серғазиева  А.Ә.,  Аманғазиев  А.А.,  

Дусалиев  С.Т.)  әдістемелік  мәселелер 

бойынша  мұғалімдерге  кеңес  беріп, 

тақырып төңірегінде ой-пікірлер айтылып, 

әдістемелік көмек ретінде  кітаптар таратты.  

Зеленов  аудандық  ішкі  саясат  бөлімінің 

басшысы    Жүнісова  Т.О.  қоғамымызда 

болып  жатқан  жаңалықтарды  айтып,  

діни    мәселелер  бойынша  сөз  қозғады.  

Орал  қаласынан    келген    БҚО  Дін  істері 

басқармасының  «Дін мәселелерін  зерттеу 

орталығы»    КММ  Діни  бірлестіктермен  

жұмыс  бөлімінің  бас  маманы:  Стамбакиев 

Н.Ж.  және  теолог-психолог  Мухамбетова 

Д.Р.  еліміздегі,  облысымыздағы  дін 

жағдайлар жөнінде мәлімет берді.

   Қазіргі әлемде, елімізде болып жатқан  

қарқынды  өзгерістер    білім  беру  жүйесін, 

соның  ішінде  рухани  білім  мәселелері, 

яғни  дінтану    пәні  бойынша  көптеген 

сұрақтар қаралып, тиісті жауаптар алынды. 

Новеньков мектебінің   дінтану  мұғалімдері   

Утарова  А.К  және  Елемесова  Г.И  «Ислам, 

ғылым және мәдениет» атты ашық сабақтар 

беріп,   әріптестерімен  тәжірибе алмасты.  

«Оқушылардың    діни  сауаттылығын 

арттыру  жолдары»  тақырыбында  Белес 

ЖББОМ тарих пәні мұғалімі Егізбаев Ж.Е.  

және  Раздольный  ЖББОМ  Шукурғалиева 

А.Д.,  Дисенбаева  Г.К.    «Роль  учреждений 

образования  в  развитии  толерантности 

учащихся»    атты  баяндамалары  тыңдалып, 

әріптестерімізбен пікір алмастық. Мичурин 

ЖББОМ 

мұғалімі 



Хайруллина 

О.А.  


«Іскерлік тренинг»  өткізіп,   мұғалімдерді 

бір  сергітіп  тастады.  Қазақстан  зайырлы 

мемлекет  болса  да  қоғамның  рухани 

құндылықтарын да ескеріп, соңғы жылдары 

дінтану  пәніне  көп  мән  берілуде.  Соның 

ішінде мектептерде жас ұрпаққа діни ұғым, 

түсінік  қалыптастыруда  мұғалімдердің 

рөлі  зор.  Мектебімізде  жыл  сайын 

оқушылар  арасында  теріс    ағымдардың  

болмауы  ,  алдын  алу  жұмыстарына 

жоспар  құрылып,    ТІЖО,  дінтану  пәнінің 

мұғалімдері,  психологтар,  социологтар, 

сынып  жетекшілерімен    бірлесіп,    жыл 

бойына  жұмыс  жасалуда.  Қазіргі  қоғамда 

болып жатқан келеңсіз оқиғалардың алдын 

алудың бір жолы, ол оқушылардың бойына 

адамгершілік, толеранттылық тәрбие беріп, 

санасына рухани құндылықтарды сіңіру. Осы 

мәселелерді шешуде  қазіргі заман талабына 

сай  ұйымдастырылған    семинарлардың 

мәні  зор.    Семинарды  аудандық  білім 

беру    бөлімінің    әдіскері  Аманғазиев  А.А.  

қорытындылап,  тақырыптағы  мәселелерге  

талдау  жасап,  семинардың    жақсы  өтуіне  

мүмкіндік  жасаған  мектеп  басшыларына, 

мұғалімдеріне  алғыс  айтып,  семинар 

жұмысына оң баға берді.

Альбина Сарбасова,

Үлкен Шаған ЖББОМ,

Зеленов ауданы

Оқушылардың  функционалдық сауаттылығын 

арттыру  білім  беру  процесінің  негізі  болып 

табылады.  Қазақстанда  алғашқы  рет  2012-2016 

жылдарға арналған функционалдық сауаттылықты 

дамытудың 

Ұлттық 

іс-қимыл 



жоспары 

дайындалды,  онда  оқушылардың  құзыреттілік  

біліктерін,  алған  білімдерін    шынайы  өмірлік 

жағдаяттарда  тиімді  қолдана  білу  қабілеттерін 

дамыту көзделген.  

Осы  орайда,  Батыс  Қазақстан  облысы 

білім  басқармасы  мектепке  дейінгі,  жалпы 

орта,  техникалық  және  кәсіптік  білім  беру 

ұйымдарының 

облыстық 

оқу-әдістемелік 

кабинеті    «Бастауыш    сынып  оқушыларының 

функционалдық сауаттылығын қалыптастырудағы 

инновациялық технологиялардың маңыздылығы» 

тақырыбында 

семинар-практикум 

өткізген 

болатын.  Орал  қаласы  №37  мектеп  базасында 

ұйымдастырылған  семинар-практикумда  осы 

мектеп педагогтары Жусупова Венера Абатқызы  

3-сыныптағы  математика  пәнінен  және  Абилова 

Нұрия  Сүйінбайқызы  4-сыныптың  қазақ  тілі 

пәнінен  ашық сабақтар көрсетті. 

Семинардың екінші бөлімінде Сырым ауданы 

Қадыр  Мырзалиев  атындағы  орта  мектептің  

бастауыш сынып мұғалімдері, іс-тәжірибелерімен 

бөлісіп, өз жұмыстарын  ортаға салды. 

Сырым  аудандық  әдістемелік  кабинетінің  

әдіскері,  аудан  бойынша  бастауыш  буын 

педагогтерінің жұмыс жүйесіне қысқаша тоқталып, 

Қ.Мырзалиев  атындағы  мектептің  бастауыш 

сынып мұғалімдерінің іс-тәжірибелеріндегі елеулі 

еңбектері мен жетістіктерін таныстыра кетті.

Мектеп 


мұғалімдерінің 

 

өзіндік 



ерекшеліктерінің  бірі  -  шығармашыл,  кәсіби 

сауатты,  әдістемелік  тұрғыдан  жетік,  білікті 

ұстаздардың  бірігіп  республика  көлемінде 

әдістемелік  құрал  шығарып  таратуы  семинарға 

қатысушылардың  да    қажеттілік  үдесінен 

шыққандығы байқалды.

Бастауыш 

 

сынып 



оқушыларының 

функционалдық 

сауаттылығын 

қалып-


тастырудағы  инновациялық  технологияларды 

сөз  еткенде,  өз  қолданысында  жатық,  жүйелі  де 

нәтижелі жұмысқа бағытталған  сатылай кешенді  

талдау  технологиясының    маңыздылығын 

Нурмуханова  Лида  Мажитқызы    таныстырса, 

осы  талдау  технологиясына  байланысты  өткен 

республикалық  байқауда  бас  жүлдеге  ие  болған 

4-сынып  оқушылары  Қайыржан    Мақсат, 

Ғалымжанова  Әсел, Есжанова Дильнура  қазақ тілі 

мен әдебиеттік оқудан ауызша сатылай  талдаудың  

тиімділігін    көрсетті.Республикаға,облысқа  іс-

тәжірибесі  таралып жүрген педагог Жанадилова 

Венера    Ғұбайдоллақызы    денсаулық  сақтау 

технологиясының    тиімді  тұстарын  айта  келе, 

практикалық  бағытына  басымдық  беріп, 

әріптестерімен  бөлісті.

Деңгейлік  бағдарлама  бойынша    Надирова 

Қараша    Амангелдіқызының  жоспарлаған 

коучингімен    жалғасқан    жұмыста  педагогтар 

функционалдық    сауаттылық    туралы  постер  

қорғап,  тақырыпты  тереңнен  ашып,  ойларымен 

шебер бөлісе  білді.

Бес  топқа  бөлінген  мұғалімдерге    Омарова 

Тамара  Жетпісбайқызы    «Тұжырымдамалық 

карта»,  Лұкпанова  Ләйлім  Серікқызы  «Жүгіру 

диктанты»,  Надирова  Қараша  Амангелдіқызы 

«Жылан  және  саты»,  Жанадилова  Венера 

Ғұбайдоллақызы  «Дидактикалық  ойындар», 

Мурзашова  Эльмира  Қанатқызы  «TARSIA»  

әдістерімен  әдістемелік  жәрмеңке    өткізді. 

Семинарға қатысушылар  өздеріне ұнаған әдіске   

ұпай бағаларын беріп, қорытындылады. Семинар-

практикумнан    алған  әсерлерімен    бөліскен  

облыс  мектептерінен  келген  бастауыш  сынып 

мұғалімдері    белсенді  әдіс-тәсілдерді    жоғары 

деңгейде  көрсеткен  педагогтарға,  облыстық, 

Сырым  аудандык  әдістемелік  кабинет    ұжымы  

мен    Қ.Мырзалиев  атындағы  орта  мектептің 

ұжымына  ризашылықтарын білдірді. 

Ләззат Тапаева,

Сырым аудандық әдістемелік 

кабинетінің әдіскері

Мақсаты:  Студенттердің  физика  пәні  бойынша 

алған теориялық білімдерін жүйелеу.Оларды ізденуге, 

алғырлыққа, ұшқыр ой мен тапқырлыққа баулу.

Өкізу әдісі: Интеллектуалдық ойын

Көрнекілігі: компьютер, проектор, 

Пәнаралық  байланыс:  физика,  орыс  тілі, 

ағылшын тілі.

І жүргізуші: Армысыздар, патша көңілді көрермен!

ІІ  жүргізуші:  Саламатсыздар  ма,  қадірменді 

оқытушылар және студенттер

І жүргізуші: ХХІ ғасыр білімділер ғасыры болмақ. Біз 

бүгін «Колледждің үздік физигіі» атты интеллектуалды 

сайысқа  жиналып  отырмыз.  Ежелден  қазағымыз 

білім, ғылымды қуып, «қына тастан, асыл тастан» деп 

ұрпағын ақылдылыққа, білімділікке баулыған. Ендеше 

ақыл-білім,  ұшқырлық  пен  ойлылықты  қажет  ететін 

бүгінгі   сайысымызға қош келдіңіздер. 

ІІ  жүргізуші:  Иә,  дұрыс  айтасың,  Ментай.  Ата-

бабамыз  тарихымыздың  бастауынан-ақ  білімді, 

ғылымды қолпаштаған, оған бас иген. «Жас күнің-білім 

іздеу, нақ дер шағың»-деп Сералин Мұхамеджан ағамыз 

айтпақшы, қазақ атаулы жас балғындарды өнер-білімге 

баулып, ел қамын жейтін азаматты тәрбиелеуді мақсат 

тұтқан, «адамға тіл, құлақ қандай керек болса, білімде 

сондай  керек,»  -  деп  Ахмет  ағамыздың  ізімен  өнер-

білімді үгітттеген.

І  жүргізуші:  Сонымен  қатар,  Ыбырай 

Алтынсариннің  сөзімен  айтсақ:  «Өнер-білім  бәрі  де, 

оқуменен  табылған»  деп  оқуды  мадақтаған.  Олай 

болса  ғылымның ізін қуып, білім нәрімен сусындатқан 

сайыскерлерімізбен таныстырып өтсек қайтеді?

І жүргізуші: Енді сөз кезегін ойыншыларымызға бе

релік.                                 

ІІ  жүргізуші:  Бүгінгі  біздің  білім  додасының 

тақырыбы жалпы физиканы қамтиды. 

І жүргізуші: 

Ендеше  бүгінгі  ойыншыларымызға    сәттілік 

тілейміз!

ІІ жүргізуші: Олай болса, сайыс ережесімен таныс 

болыңыздар. Сайыс төрт кезеңнен тұрады: 1. «Бәйге». 2. 

«Полиглот». 3. «Жорға». 4. «Дода».                                  

ІІ жүргізуші: І кезең «Бәйге». «Сұрақ бізден, жауап 

сізден»  Бірінші  болып  қол  көтерген  ойыншы  жауап 

беру құқығына ие болады, егер жауабы дұрыс болса, 

сол ойыншыға 10 ұпай.

1.Физика қай тілден аударылған?

а) латын; в) грек; с) парсы, д) араб; е) француз

2.  Электролиттерде зарядты тасымалдаушы қандай 

бөлшектер:

а) электрондар мен кемтіктер      в) электрондар      

с) оң және теріс иондар д) кемтіктер     е) оң иондар

3.  Металдардағы  еркін  электр  зарядын 

тасымалдаушылар?

А) электрондар; в) теріс иондар,    с) оң иондар,     

д) кемтіктер;    е) оң және теріс иондар;

4. Нейтронның:

А) заряды бар, массасы жоқ    в) заряды да, массасы 

да бар    с) массасы бар      д) массасы бар, заряды жоқ      

е) массасы да, заряды жоқ

5. Фотоээфект кезінде ұшып шығатын бөлшек?

А) протон      в) нейтрон    с) электрон    д) ядро    

е) позитрон

6. Паскальмен өлшенетін физикалық шама?

А) жұмыс   в) масса   с) күш    д) қуат    е) қысым

7.  Сыну  көрсеткішінің  толқын  ұзындығына 

тәуелділігі?

А)  жарық  дифракциясы  в)  жарықтың 

поляризациясы  с) жарықтың интерференциясы  

д) көлденеңдігі     е) жарық дисперциясы

8. Дене импульсінің өзгерісі?

А) потенциалдық энергия өзгерісіне    в) қуатқа     

с) жұмысқа    д) энергияға   е) күш импульсына тең

9.  Бірдей  уақыт  аралығындағы  үдеуі  тұрақты 

болатын қозғалыс

А)  тең  баяулайтын  қозғалыс    в)  тең  үдемелі 

қозғалыс     с) шеңбер бойымен бір қалыпты қозғалыс  

д) бір қалыпты түзусызықты қозғалыс       

е) механикалық қозғалыс

10.  Дененің  орын  ауыстыруының  қозғалыс 

уақытына қатынасымен анықталатын векторлық шама

А) орташа жылдамдық    в) лездік жылдамдық      

с) орын ауыстыру     д) үдеу      е) жол

І жүргізуші: ІІ кезең «Полиглот» «Тіл қаруы -сөз, 

сөз қаруы -ой».

Тіл-ұлттың  жаны,  халықтың  үні.  Сондықтан  да 

қазіргі заман талабына сай бірнеше тілді білу керек. Ал 

біздің дарынды жастарымыз 3 тілді меңгерген.

Қазір  сіздерге  әртүрлі  физикалық  сұрақтар 

оқылады, сол сұрақтың жауабын тауып, үш тілде(қазақ 

тілі, орыс тілі, ағылшын тілі) айтуларыңыз  қажет. Сол 

сөзді  тауып,  оны  3  тілде  айтып  берген  ойыншыға  30 

ұпай, 2 тіл үшін ойыншыға 20 ұпай, тек 1 тілде жауап 

берген ойыншыға 10 ұпай беріледі. Оған 1ші кезеңнен 

жоғары ұпай жинаған студент бірінші жауап береді. Ол 

жауап  бере  алмаса,басқа  ойыншыларға  жауап  беруге 

болады. 

1. Молекулалары шексіз аз көлемді, бір – бірімен 

әрекеттеспейтін,  абсолют    серпімді  шар  тәріздес  газ 

қалай аталады?   ( Идеал газ – Идеал газ – Ideal gas)

2.  Дененің  жылдамдығының  сандық  мәні  мен 

бағытының  өзгеріс  шапшаңдығын  сипаттайтын 

векторлық шама? (үдеу.

3. Сыртқы күштердің әсерінен дене пішінінің немесе 

өлшемдерінің өзгеруі ? (деформация-деформация - De-

formation)

4.  Газдарда  өтіп  жатқан  процестердің  ішінен  бір 

термопараметрдің тұрақты болып қалуы қалай аталады?  

(Изопроцестер – изопроцессы-isoprossesar)

5.  Бір  уақыт  аралығында  жасайтын  тербеліс 

саны?(тербеліс  жиілігі-частота  колебания-  Oscila-

tion  freguency)  (қорытындылау,  іріктеу,  ұпайлары  аз  2 

ойыншы ойыннан шығады)              

ІІ  жүргізуші:  ІІІ  кезең    «Жорға»    Бұл  кезеңде 

ойыншылар  ойын  тақтасында  берілген  ұпай  санын 

таңдап, оған сәйкес жауап береді. Өз кезегінде ойыншы 

оған жауап бере алмайтын болса, өз өнерін көрсетіп, 10 

ұпай алады. 

30  30 

30

20  20 



20

10  10 


10

10 (оң) Механикалық қозғалысты және туғызушы 

себептеріне көңіл бөлмей зерттейтін механика тарауы? 

(кинематика)

10  (орта)  Қозғалмайтын  зарядталған  денелердің 

әрекеттесуін  және  олардың  өрістерін  зерттейтін 

электродинамика бөлімі? (экектростатика)

10 (сол) Ең қарапайым оптикалық құрылғы болып 

табылатын,  екі  сфералық  бетпен  шектелген  мөлдір 

дене? (линза)  

20  (оң)  Гравитациялық  тұрақты:  (G=6,6726*10-

11м3кг-1с-2)

20 (орта) Кулон заңындағы коэффициенттің мәні? 

(k=9*109Н*м2/Кл2)

20  (сол)  Жарықтың  түзу  сызықты  таралу  заңы: 

(жарық біртекті ортада түзу сызық бойымен таралады)

30 (оң) Шеңбер бойымен бірқалыпты қозғалыстың 

сызықтық жылдамдығы: (v=2πR/T)

30 (орта) Толық тізбек үшін Ом заңы: (І=ε/R+r)

30 (сол)  Жарықтың сыну заңы:  sinα/sinβ=n21 

ІV  кезең.  «Дода»  «Уақытты  тиімді  пайдалана 

білсең, оның бағасы да арта түседі» Ж.Ж.Руссо

Шарты 1 минут ішінде 10 сұрақ қойылады. Дұрыс 

жауапқа 10. ұпай. Сұрақ жауабын  таппаған жағдайда 

«келесі» деп келесі сұрақты тыңдауларыңызға болады. 

Түсінікті  болса, бастайық

І ойыншыға: 1. Ең алғаш орыс тілінде «Физика»деген 

сөзді еңгізген ұлы ғалым? (М.В.Ломоносов)

2. Квант теориясының негізін салушы кім? (неміс 

ғалымы Макс Планк)

3.  Күннен  бастап  санағанда  екінші  планета? 

(шолпан)


4. Дененің қозғалыс кезінде үздіксіз сызық түрінде  

қалдырған ізі? (Траектория)

5.  Сыртқы  периодты  күштің  әрекетінен  болатын 

тербеліс? (еріксіз тербелістер)

6.  Денелер  екінші  дененің  бетімен  домалағанда 

пайда болатын кедергі күш? (домалау үйкеліс күші)

7. Молекулалары шексіз аз көлемді, бір – бірімен 

әрекеттеспейтін  абсолют  серпімді  шар  тәріздес  газ? 

(идеал газ)

8.  Больцман  тұраұтысының  мәні?  (k=1.38*10-23 

Дж/К)

9.  Тұрақты  қысым  кезінде  өтетін  процесс 



(изобаралық)

10.  Электр  тогын  жақсы  өткізетін  заттар? 

(өткізгіштер)

ІІ  ойыншыға:  1.  Ең  алғаш  физиканың  ғылыми 

мағынасын байытуда өз үлесін қосқан бабамыз? (Әбу 

Нәсыр әл-Фараби)

2.  Найзағайдың  пайда  болуы  туралы  ғылыми 

болжамды кім ұсынды? (В.Франклин)

3.  Массасы  мен  мөлшері  бойынша  Жерге  ұқсас 

планета (шолпан)

4.  Дененің  жүріп  өтетін  қашықтығна  тең  скаляр 

шама? (жол)

5. Тербелмелі жүйенің ішкі күштерінен туындаған 

тербелістер? (еркін тербеліс)

6. Денеге әрекет ететін бірнеше күштің  векторлық 

қосындысы? (тең әрекетті күш)

7.  Макродененің  күйін  сипаттайтын  физикалық 

шама? (термодинамикалқ параметр)

8.  Уневерсал  газ  тұрақтсының  мәні?(8,31Дж/

К*моль)


9.  Тұрақты  көлем  кезінде  өтетін  процесс 

(изохоралық)

10.  Электр  тогын  өте  нашар  өткізетін  заттар 

(диэлектриктер) (іріктеу, 2 ойыншы залдан шығады)

І жүргізуші: Ойынның қортындысын шығару үшін 

сөзді әділ қазылар алқасына береміз.

Сонымен  «ХХІ  ғасыр  физигі»  атты 

интеллектуалды  ойынымыздың  жеңімпазын  қарсы 

алайық 

ІІ  жүргізуші:  Білімді  ұшқыр  ойлы,  өнерлі 



ойыншыларымыз  қатысытын  білім  сайысында 

кздескенше. Қош, сау болыңыздар!




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет