Қан қысымы – қантамырлар ішіндегі қысым:
- артериялық
- жүрекішілік
- капиллярлық
- веналық
Артериялық қан қысымына әсер ететін факторлар:
Жүректің жиырылу күші немесе жүректің жұмысы (СҚК, МҚК).
Тамырлардың шеткі кедергісі немесе тамырлардың ширығу дәрежесі - қан ағымына қарсы күштен пайда болады.
- Қан айналымындағы қан көлемі.
Веналық қан қысымына әсер ететін факторлар: Кардиалды факторлар.
- Жүрек жұмысы-«vis a tergo» (қанды қозғалтатын күш, қысым айырмашылығы, қолқадан басталып қуыс венаға дейін қанның қозғалысы мен жүрекке қайтуын қамтамасыз ететін күш).
Экстракардиальды факторлар (жүректен тыс):
Артериялық қан қысымын Коротковтың аускультациялық әдісімен өлшеу.
СҚ (максимальді) - жүректің жиырылуы нәтижесінде артерия тамырларына айдалған кездегі қан қысымының көрсеткіші, жүректің жұмысын сипаттайды (110-120 мм.с.б. - ДДҰ көрсеткіштері бойынша 135 мм.с.б.)
ДҚ (минимальді) – жүрек етінің босаңсу кезіндегі артерия тамырларындағы қан қысымының көрсеткіші, тамырлардың ширығу дәрежесін көрсетеді (60-80 мм.с.б.).
ПҚ = СҚ – ДҚ, қанның соққылық көлемі мен артериялық жүйенің резервтік сыйымдылығының қатынасын көрсетеді (35-40 мм.с.б.).
ОДҚ (орташа динамикалық қысым) - қанның үздіксіз жылжу жылдамдығын, қуаттылығын көрсетіп, тұрақты деңгейде сақталады ОДҚ = ДҚ + 1/3 ПҚ, (90мм.рт.ст.)